Нуржігіт Алтынбеков 564
Құйымшағымен келген шарананы жыныстық жолдан суырғанда бауырдың
паренхимасы жыртылып,
субкапсулалық гематома қалыптасады.
Бүйрекүсті бездері сирек
қанталайды . Көбіне бездің сыңары зақымдалады.
Қос безге қан, әдетте туу әрекетінен емес, гипоксиядан кетеді. Бұл зақымның
танатогенездік мәні зор. Гематоманың кейбіреуі тым ауқымды болып, безді
ауыр зақымдайды (309-сурет). Ізбестеніп, темір тотықты кистаға айналып,
беріштенеді; кейде іріңдейді.
309-сурет. Бүйрекүсті безіндегі ауқымды гематома. Ми қанайналамының перинаталдық бұзылуы ДДҰ ұсынған аурулар классификациясының IX қаралымында құрсақтағы
шараналар мен жаңа туғандардың
миындағы қанайналымының бұзылуы жеке
нозология деп қаралып, екі нысанға жіктелген: мидың тіні мен қабықшаларына
қан кету; мидың ишемиялық зақымдары.
МИ МЕН ОНЫҢ ҚАБЫҚШАЛАРЫНА ҚАН ҚҰЙЫЛУ Этиологиясы мен патогенезі . Мидағы қанайналымы негізінен құрсақтағы
шарана немесе жаңа туғандар
созылмалы немесе
жедел гипоксияға ұшырағанда
және туу кезеңіндегі жарақаттардан бұзылады. Кейде ол
гемокоагуляция өзгергендіктен, инфекцияның құрсақтағы және туғаннан кейінгі әсерінен, жаңа
туғандардың гемолиздік ауруынан, сондай-ақ құрсақтағы шарананың және жаңа
туғандардың тума кемістіктері мен басқа да ауруларынан туындайды.
Антенаталдық кезеңдегі шарананың миында қанайналымы бұзылуының
басты патогенездік механизмі – плацентаның созылмалы жеткіліксіздігінен
туындаған
созылмалы гипоксия . Кейде оның патогенезі тума кемістік, эмбрио-
және фетопатия сияқты шарананың өзіндегі патологиямен байланысты.
Интранаталдық кезеңдегі шарананың миында қанайналымы бұзылуының
патогенездік негізі мыналар: плацентаның жедел жеткіліксіздігінен туындаған
жедел гипоксия; антенаталдық кезеңдегі созылмалы гипоксия; туу кезіндегі
жарақаттар; шарананың туу әрекетінің әсеріне бейімделе алмауы. Шарана туу
әрекетінің әсеріне басында конфигурациялық
4
патология болса, жамбасымен
туса және туу әрекеті тым екпінді болып немесе ұзақ созылса, бейімделе
алмайды. Бұл әсерлерден кейде ми сауытының ішіндегі қысым артып, қан
іркіліп, миға құйылады. Жаңа туғандардың миына қан кетуінің басты себебі –
гипоксия. Ол пневмапатиямен сырқат болып, өз бетімен тыныс алмаған
нәрестеде дамиды. Антенаталдық және интранаталдық кезеңдердегі гипоксия
мен туу кезеңіндегі жарақаттың сабақтасып та әсер етуі де мүмкін.