Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Жаңа туғандардың геморрагиялық ауруы



Pdf көрінісі
бет714/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жаңа туғандардың геморрагиялық ауруы
– нәрестенің сыртқы және ішкі 
мүшелері қанталайтын клиника-морфологиялық синдром; нәресте туысымен 
дамиды. Қанды ошақтың көлемі әртүрлі
׃
қанды дақтар кейде тері мен 
шырышты қабықшаларда ғана болса, енді бірде, ішкі мүшелер түгел қанталап, 
нәрестені өлімге ұшыратады. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Бұл синдром тұқымқуалайтын факторлардан 
және жүкті әйел немесе баласын емізіп жүрген ананың ішкен дәрі-
дәрмектерінің әсерінен, жаңа туғандардың инфекциялық сырқатынан, т.б. да 
экзогендік факторлардан дамиды. Ал оның даму механизмдері мынадай
׃
1) 
коагулопатия
– плазмадағы қанды ұйытатын факторлар өзгереді; 2) 
тромбоцитпатия

қан жасайтын жүйедегі тромбоцит түзетін бастама 
зақымдалады; 3) 
ангиопатия
– қан тамырларының қабырғасы өзгереді. 
Жаңа туғандарда, әсіресе шала туғандарда қалыпты жағдайдың өзінде 
фибриноген, протромбин және V, VII, VIII, IX, X, XII, XIII факторлар мен 
тромбоцит аз, ал дәнекер тіннің негізгі заты босаң, эластикалық талшықтары да 
аз болып, гиповитоминоз К байқалады, сондықтан қан тамырларының 
өткізгіштігі артады. Дегенмен, жаңа туған нәресте қоршаған ортаға 
бейімделгіш; әдетте оның тіндері қанамайды, қан тек қосымша кеселді әсерден 
ғана кетеді. 
Геморрагиялық ауруға жаңа туғандардың 1–3%-ы шалдығады. Ол шала 
туғандарда жиірек байқалады. Әдетте, туғанан соң, алғашқы 3 тәулікте 
кіндіктік баудың қалдығынан қан кетіп, нәресте қан құсады
(
haematemesis
), 
ішектен кеткен қан нәжіске араласады (
мелена
), 
гематурия
байқалып, 
қан 
түкіреді, тері 
мен
шырышты қабықшаларда 
және
ішкі мүшелерде қанды 
дақтар
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет