Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет719/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   715   716   717   718   719   720   721   722   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
570

Балалар инфекциялары 
Герпес-вирустық аурулар 
Бүгінгі таңда ДНҚ-лы вирустардан туындайтын жай герпес, жел шешек, 
цитомегелия мен инфекциялық мононуклеоз аурулары адамның герпестік 
инфекциясы деп аталатын жеке топқа біріктірілген.
ЖАЙ ГЕРПЕС 
Герпес
(грекше: 
herpes
– қалтырау; қазақша: ұшық) – жай герпестің вирусы 
туындататын инфекциялық ауру; тері, шырышты қабықшалар, жүйке жүйесі 
басым зақымдалып, клиникалық бейнесі әртүрлі болады. Ересектерде көбінесе 
созылмалы ағымды. Герпестің симптомсыз нысандары бар, сондықтан вирус 
адам организмінде ұзақ сақталып, кең таралған. 
Бұл инфекцияның жедел және созылмалы қайталамалы ағымды, шектелген 
(жергілікті) және жалпы нысандары бар. Клиникалық тұрғыдан, ол тері мен 
шырышты қабықшалардың герпесі, офтальмогерпес, гинекологиялық герпес
герпестік стоматит, герпестік менингит, жалпы (көбіне құрсақтағы) герпес деп 
бөлінеді. 
Этиологиясы
. Жай герпесті (
herpes
simplex
) адам үшін вирулентті ДНҚ-лы 
вирустың I және II типтері қоздырады. Тері мен шырышты қабықшалардың 
герпесін және офтальмогерпесті көбінесе герпес вирусының I типі туындатса, 
гинекологиялық герпесті II типі қоздырады. Жалпы герпесті де, әдетте 
вирустың II типі де туындатады. 
Патогенезі.
Вирус ауру адамнан немесе вирус тасымалдаушыдан жұғады. 
Инфекция жанаспа жолмен, ауа-тамшы, плацента арқылы және трансфузиялық 
жолмен жұғады. Вирус жанаспа жолмен немесе ауа-тамшылы жолмен жұғу 
үшін оның кірер жеріндегі теріде немесе шырышты қабықшада зақым болуы 
қажет. Ол 
аймақта лимфаденит
дамып, вирус 
гематогендік жолмен
жайылып, 
вирусемия
мен 
вирурия
байқалады. Вирус эритроциттердің беткейіне сіңеді
оларды лейкоциттер мен макрофагтар да сіңіргенмен, фагоцитоз толық 
аяқталмайды, сөйтіп оның қанмен жайылуына қолайлы жағдай туады. 
Вирусемия герпестің жалпы және шектелген нысанында да орын алады. 
Герпестің вирусы 
нейротропты
, сондықтан 
жүйкелік тінде ұзақ сақтала
алады, бірақ аурудың нышандары біліне қоймайды. Созылмалы герпес көбіне 
ересек адамдарда байқалып, салқын тигенде, инфекциялық ауруға ұшырағанда 
немесе басқа да себептермен асқынады.Біріншілік жедел ағымды 
шектелген 
герпес
6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жиірек. Ал аурудың 
жалпы нысаны
көбінесе жаңа туғандарда, 
тума
мен 
жүре болған иммунитет тапшылығымен

басқа да әсерлі аурулармен сырқаттарда байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   715   716   717   718   719   720   721   722   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет