Патологиялық анатомиясы .
Шарана 5–7 айлығында өлі туса ,
патоморфологиялық өзгерістер шамалы болады; мәйітінен мацерация мен
аутолиз байқалып, басқа да өзгерістер анық байқалмайды.
Аутолиз (грекше׃
autos – өзі, lysis – еру) дегеніміз – стерильді жағдайда өз
ферменттерінің әсерінен тіндердің жидіп, ыдырауы. Аутолиздік ферменттердің
(катепсиндер, т.б.) белсенділігі ортаның рН-ы шамалап қышқылданған жағдайда ғана
артып, олар өлі тіндерге аэробты тотығу үдерісі толық тоқтаған кезде ғана әсер ете
бастайды.
Мацерация – ( латынша׃
maceratio – жібіту) – тіндердің суланып жидуі.
Құрсақта өлген шарана қағанақ суының әсерінен жидиді.
Нәрестенің беті су сіңіп ісінеді, бауыры мен талағы шамалап ұлғаяды. Өкпе
аутолиз бен мацерацияға онша ұшырамайды, сондықтан оны микроскоппен
зерттегенде капиллярларынан эритроциттер қатарына жататын жасушалардың
шала жетілген түрлері көрінеді.
Аурудың сулы ісінулі нысанымен сырқат нәрестенің терісі бозарып,
мөлдірлеу, жылтыр болады, шамалап жидиді, кей жерлерінен қанды дақтар
ұшырасады. Терінің шел майы, ми мен оның қабықшалары да сулы ісініп,
денесінің қуыстарына трассудат жиналады. Бауыры едәуір, ал талағы кейде 4–6
есе ұлғаяды (311-сурет). Айыршық бездері семеді. Жүректің бұлшықет
талшықтары көбейіп, өзі ұлғаяды. Өкпенің салмағы кемиді. Шарана нашар
жетіліп, сүйектену өзектері баяу қалыптасады. Бауырды, талақты, лимфалық
түйіндерді, бүйректі микроскоппен зерттегенде эритробластоз, яғни
экстрамедуллалық қанжасам ошақтары байқалады. Бүйректе, бүйрекүсті
бездерінде, мида қанды ошақтар пайда болып, дистрофия мен некроз шарпиды,
қан тамырларының қабырғасына плазма сіңіп, фибриноидты некроз өрістейді.
Мида
гипоксиялық энцефалопатия дамиды. Кейін бауырдағы некрозды
ошақтарды дәнекер тін басады. Айқын бейнелі гемосидероз байқалады. Шарана