Нуржігіт Алтынбеков
568
резус-факторлы қанды құйғанда немесе сондай қанмен емдегенде де
иммунданады. Егер
ана мен шарананың қаны топтық тұрғыдан ғана
сәйкес
келмесе,
гемолиздік аурудың ағымы жеңілдеу
болады. Мысалы, ана қанының
тобы 0, ал шарананың
қаны А немесе В топқа жатса, гемолиздік аурудың
2
/
3
-і
резус сәйкессіздіктен, ал
1
/
3
-і А, В, 0 факторлар сәйкессіздігінен туындайды.
Классификациясы
. Гемолиздік ауру клиникалық тұрғыдан, жалпы тума сулы
ісіну, жаңа туғандардың тума анемиясы және жаңа туғандардың ауыр әсерлі
сарғаюы деп аталып, 3 негізгі нысанға бөлінеді. Гемолиздік аурудың нысандары
антиденелердің анадан шаранаға
өткен мезгілі мен мөлшеріне, әсер еткен
мерзіміне байланысты. Антидене құрсақтағы шаранаға ерте кезеңде өтіп, көп
мөлшерде әсер етсе, ерте кезеңдік фетопатия дамиды немесе шарана
антенаталдық кезеңнің 5–7-ші айында өлі туады.
Созылмалы фетопатияға
ұшыраған нәрестенің тіндері кейде дұрыс жетілмейді. Гемолиздік аурудың сулы
ісінулі ауыр нысаны (
hydrops faetus universalis
) да бар. Егер анадағы
антиденелер кешеуілдеп, шамалы мөлшерде өтсе, аурудың жеңілдеу анемиялы
нысаны орын алады. Билирубин плацента арқылы шығарылып тұрады,
сондықтан гемолиздік аурудың сарғаюлы нысаны
құрсақтағы шаранада сирек
байқалады. Туу кезінде антиденелер тым көп мөлшерде өтсе, жаңа туғандарда
гемолиздік аурудың сарғаюлы ауыр нысаны
(icterus neonatorum gravis)
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: