Нуржігіт Алтынбеков
635
ірірек. Эпулис тіс ұясының үстіндегі тінмен жіңішке сабақ немесе жуан табан
арқылы жалғасады. Әдетте, жас шамасы 20–30-дағыларда дамып, әйелдерде жиі
байқалады. Жүкті әйелдердің кейбіреуінде жылдамдау өседі. Эпулистің түсі
қызғылт немесе қоңыр болады.
Гистологиялық құрылысы
тұрғысынан, эпулис ангиомалы, фибромалы және
алып жасушалы (шеткі реперациялық гранулема) түрлерге жіктеледі.
Ангиомалы эпулистің
құрылысы капиллярлы гемангиомаға ұқсайды (356-
сурет),
фиброзды
эпулис
қатты фиброма тәрізді.
Алып жасушалы эпулис (шеткі
реперациялық гранулема)
құрамында синусоид
тәрізді қабырғасы жұқа қан
тамырлары көп дәнекер тіннен, остеокласт тектес алып жасушалардан және
остеобласт тектес ұсақ жасушалардан құрылады.
Қанды ошақтар мен
гемосидерин түйіршіктері көп, сондықтан оның макробейнесі қоңыр түсті.
Құрамынан остеоидтық тін мен қарапайым сүйек табақшалары да ұшырасуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: