Нуржігіт Алтынбеков
85
Гемомеланин
(
безгектік
пигмент)
ішіне кірген безгек плазмодийі әсер еткен
эритроцит гемоглобинінің простетикалық бөлігінен түзіледі. Ыдыраған
эритроциттерден қанға шыққан безгек пигментін талақтың,
бауырдың, сүйек
кемігі мен лимфалық түйіндердің, мидың (безгектік кома) макрофагтары
сіңіреді, сондықтан безгекпен ауырғанда
гемомеланоз
дамып, аталған мүшелер
қоңырлау сұр түске боялады. Бұл мүшелерден безгек пигментімен қоса,
гемосидеринді де көруге болады.
Тұз
қышқылды
гематин
(
гемин
) асқазан сөлінің ферменттері мен хлорлы
сутек қышқылы гемоглобинге әсер еткенде түзіледі. Ол
асқазан эрозиясы мен
ойық жарасында пайда болады. Асқазанның ақаулы жерлері қанық қоңыр түске
боялады.
Формалиндік
пигмент
– қара-қоңыр түсті ине немесе түйіршік. Формалинмен
бекітілген тіндерде болады (формалиннің
Р
Н-ны 6,0-дан асса, бұл пигмент
түзілмейді). Оны гематиннің өнімі деп есептейді.
Порфириндер
– гемоглобиннің простетикалық бөлігінің ізашары; оның құрамында
да, гемдегідей,
тетрапиррол сақинасы бар; бірақ темірсіз. Химиялық сипаты
тұрғысынан, порфирин билирубинмен ұқсас, яғни хлороформда, эфирде, пиридинде
ериді. Порфириндерді анықтау тәсілінің негізі – ерітінділерінің ультракүлгін
сәуледе
қызыл немесе қызғылт сары түсті флюоресценциясы (флюоресценциялы пигменттер).
Қалыпты жағдайда порфириндердің шамалы мөлшері қанда, зәрде, тіндерде болады.
Олар организмнің, әсіресе терінің күн сәулесіне сезімталдығын арттырады; сондықтан
олар – меланиннің антагонисі.
Порфириндер
Достарыңызбен бөлісу: