Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Гемоглобингендік пигменттер алмасуының бұзылуы



Pdf көрінісі
бет84/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   832
Гемоглобингендік пигменттер алмасуының бұзылуы 
Қалыпты жағдайда гемоглобин, оның қайта түзілуін (ресинтез) және 
организмге қажетті мөлшерін қамтамасыз ететін бірқатар өзгерістер циклынан 
өтеді. Бұл өзгерістер эритроциттердің тозып, ыдырауы (гемолиз, эритрофагия) 
мен үздіксіз жаңғыруы үшін қажетті. Нәтижесінде ыдыраған эритроциттерден 
қалыпты жағдайда ғана болатын пигменттер – 
ферритин

гемосидерин
және 
билирубин
пайда болады. Патологияда гемолиз түрлі себептерден қан 
арнасында 
(эндоваскулалық) 
немесе 
қан 
құйылған 
ошақтарда 
(экстраваскулалық) үдесе, қалыпты жағдайда түзілетін гемоглобиндік 
пигменттерден бір қатар басқа патологиялық пигменттер – 
гематоидин

гематиндер
және 
порфирин
түзіледі. 
Гемоглобингендік пигменттер тіндерде қордаланған кезде орын алатын 
эндогендік пигменттенудің түрі бірқатар аурулар мен патологиялық үдерістерге 
тән. 
Ферритин
темірлі протеид; құрамының 23%-ы темір. Ферритиннің құрамындағы 
темір апоферритин деп аталатын белокпен қосылған. Қалыпты жағдайда ферритиннің 
құрамына дисульфидтік топ кіреді. Бұл ферритиннің әсерсіз (тотыққан) түрі (SS-
ферритин). Оттегі жеткіліксіз болса, ферритин тотықсызданып, қан тамырларын 
тарылтатын (вазапараличтік) және қанның қысымын төмендететін (гипотензиялық) 
қасиеті бар активті SH-ферритинге айналады. Түзілу тегіне қарай, ферритиннің 


Нуржігіт Алтынбеков 
81
анаболизмдік және катаболизмдік түрі болады. 
Анаболизмдік ферритин
ішекте 
сіңірілген темірден, ал 
катаболизмдік ферритин
ыдыраған эритроциттердің темірінен 
түзіледі. Ферритиннің (апоферритин) антигендік әсері бар. Ферритин калий родониді 
мен тұз қышқылының, немесе хлорлылау сутегі қышқылының әсерінен көгілдір берлин 
аспаны тұнбасын түзеді (Перлс реакциясы). Ферритинді арнайы антисарысуды 
қолданып, иммунфлюоресцентік тәсілмен де анықтауға болады. Фирритин бауырда 
(ферритин қоры), талақта, сүйек кемігі мен лимфалық түйіндерде көп болады. Өйткені 
бұл мүшелер ферритиннің алмасуына және, гемосидериннің, гемоглобин мен 
цитохромдардың синтезіне қатынасады.
Патологияда
тіндер мен қандағы ферритиннің мөлшері көбейеді. 
Гемосидероз
кезінде
тіндердегі ферритиннің мөлшері көбейіп, полимерленген 
ферритиннен гемосидерин түзіледі. SH-ферритин адреналиннің антогинисі, 
сондықтан ферретинемия қосарланған шок қайтымсыз; өйткені қан 
тамырларында коллапс дамиды. 
Гемосидрин – ферритиннің полимері; гем ыдырағанда түзіледі. Ол – темірдің 
жасушалық белоктармен, глюкозамингликандармен және майлармен қоспа 
түзген 
коллоидтық 
гидрототығы. 
Гемосидрин 
түзетін 
жасушалар 
сидеробластылар
деп аталады. Олардың сидеросомасында гемосидрин 
түйіршіктері түзіледі (37-сурет). Сидеробластылар мезенхимадан немесе 
эпителийден туындайды. Гемосидеринді, әдетте талақтың, бауырдың, сүйек 
кемігі мен лимфалық түйіндердің ретикулалық және эндотелийлік 
жасушаларынан көруге болады. Оны жасушааралық заттағы 
сидерофагтар
сіңіріп жояды (фагоцитоз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет