Нуржігіт Алтынбеков
92
Дистрофиялық ізбестену
, яғни
петрификация
– жергілікті үдеріс. Кальций
тұздары, әдетте тіндік өлексеге (детрит) пен дистрофиялы жерлерге шөгеді;
гиперкальциемия байқалмайды. Дистрофиялық ізбестенудің негізгі себебі –
тіндердің қан мен тіндегі кальций тұздарының сіңірілуіне қолайсыз химиялық
және физикалық өзгерістер. Әсіресе, тін өлгенде босайтын фосфотаза
белсенділігі мен сол ортаның сілтілік қасиеті артуының маңызы ерекше.
Дистрофиялық ізбестену кезінде ізбес тасының көлемі әртүрлі, біртіндеп
ұлғаятын қатпарлары –
петрификат
қалыптасады. Кейде петрификатта сүйек
пайда болады (
оссификация
). Петрификат туберкулездің казеоздық ошағында,
гуммада, инфарктіде, жасушалық өлекседе, қабыну ошағында, ж.б. да жерлерде
түзіледі. Ізбестенудің дистрофиялық түрі тыртықтық тінде (мысалы, жүрек
қақпақшасының тыртықты кемістігі, атеросклероз түйнегі; 43-сурет),
шеміршекте (хондрокальциноз), өлі паразит (эхинококк, трихинелла) пен
жатырдан тыс жүктілікте өлген ұрықта (литопедион – тасұрық), т.б. да
жағдайларда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: