Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет98/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   832
сыртқы
пішіні
онша өзгере қоймайды; кейде 
кесінділерінен ақ түсті шөгінділерді көруге болады. Ізбес метастаздарындағы 
кальций тұздары паренхиманың жасушаларын, дәнекер тіннің талшықтары мен 
негізгі затын әрлейді. Ізбестің алғашқы тұнбалары миокард (42-сурет) пен 
бүйректің фосфатаза белсенділігі өте жоғары болатын (кальций фосфатын 
түзетін) митахондриясы мен фаголизосомасында, ал артериялардың қабырғасы 
мен дәнекер тіннің мембраналық және талшықты құрылымдарында 
қалыптасады. Ізбес шөгінділерінің төңірегі қабынып, кейде ол жерлерге 
макрофагтар мен алып жасушалар шоғырланады, гранулема түзіледі. 
42-сурет. Миокардтағы ізбестік метастаздар:
а — ізбестенген бұлшықет талшықтары (қара түсті) 
(микробейнесі); б —митохондриялар (М) кристаларына шөккен кальций тұздары (КТ). 
Электронграмма. 40 000.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
92
Дистрофиялық ізбестену
, яғни 
петрификация
– жергілікті үдеріс. Кальций 
тұздары, әдетте тіндік өлексеге (детрит) пен дистрофиялы жерлерге шөгеді; 
гиперкальциемия байқалмайды. Дистрофиялық ізбестенудің негізгі себебі – 
тіндердің қан мен тіндегі кальций тұздарының сіңірілуіне қолайсыз химиялық 
және физикалық өзгерістер. Әсіресе, тін өлгенде босайтын фосфотаза 
белсенділігі мен сол ортаның сілтілік қасиеті артуының маңызы ерекше. 
Дистрофиялық ізбестену кезінде ізбес тасының көлемі әртүрлі, біртіндеп 
ұлғаятын қатпарлары – 
петрификат
қалыптасады. Кейде петрификатта сүйек 
пайда болады (
оссификация
). Петрификат туберкулездің казеоздық ошағында, 
гуммада, инфарктіде, жасушалық өлекседе, қабыну ошағында, ж.б. да жерлерде 
түзіледі. Ізбестенудің дистрофиялық түрі тыртықтық тінде (мысалы, жүрек 
қақпақшасының тыртықты кемістігі, атеросклероз түйнегі; 43-сурет), 
шеміршекте (хондрокальциноз), өлі паразит (эхинококк, трихинелла) пен 
жатырдан тыс жүктілікте өлген ұрықта (литопедион – тасұрық), т.б. да 
жағдайларда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет