Нуржігіт Алтынбеков Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе
потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады.
Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің
нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.
Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша
1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік
диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия,
стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар.
- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)
- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)
- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)
- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)
- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)
- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)
- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)
- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)
- назарлық (өз бетінше, еріксіз)
- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)
- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)
- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)
- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық
қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)
- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-
физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.
- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген
серпілісін білуге бағытталған;
- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын
өзгеріп отыруы мүмкін;
- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік
диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;
- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса,
мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;
- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.