Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Нуржігіт Алтынбеков 
Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе 
потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады. 
Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің 
нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді. 
Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 
1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік 
диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия
стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген. 
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар.
- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі) 
- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу) 
- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.) 
- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі) 
- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы) 
- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі) 
- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.) 
- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы) 
- назарлық (өз бетінше, еріксіз) 
- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия) 
- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі) 
- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.) 
- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық 
қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.) 
- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо- 
физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы. 
- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген 
серпілісін білуге бағытталған; 
- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын 
өзгеріп отыруы мүмкін; 
- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік 
диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет; 
- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса
мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады; 
- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет