Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет25/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 

Ортаңғы- миокард. Жүректің бұлшық етті қабығы көлденең жолақты бұлшық ет 
жасушаларынан – кардиомиоциттерден тұрады. Миокардтың бұлшық етті элементтері 
арасында болбыр талшықты дәнекер тіннің аралык қабаты, нервтер, тамырлар орналасады. 
Кардиомиоциттер жиырылғыш жүрек миоциттері және өткізгіш жүрек миоциттері болып 
екіге бөлінеді. 

Сыртқы — эпикард. Ол миокардпен тыгыз өсуші дәнекер тінінің жұқа пластинкасынан 
түзілген. Оның бос беті мезотелимен қапталған. Эпикардтың дәнекер тінінде коллоген 
талшықтарының үстіңгі қабатын, эласткалық тапшықтар қабатын, терең коллогенді – 
эластикалық қабатарды ажыратады. 
Жүректің қызметі:
- қанды айдайтын насос . Артериялық қан қысымын сақтайды ( АҚҚ )
– Эндокринді қызметі НУФ – гормонды синтездейді натрийуретикалық факторды бөледі.
– Информациялық қызмет атқарады . Зат алмасу процессінің өзгеруімен — АҚҚ - параметрінің 
өзгеріп отыруынан информация береді.
Дамуы
. Жүректің алғашқы бастамасы 1,5мм эмбрионда үшінші аптаның басында ұрықтың бас 
бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар висцеральді 
жапырақшаның астында орналасады. Кейінірек бұл жасушалар висцеральді жапырақшамен бірге 
қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады, ол ұрық денесінің целомдық қуысына кіріп тұрады. 
Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард пайда 
болады.
Осы түтікшелерге жақын жаткан мезодерманын висцеральді жапырақшаларының аймағы 
миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады. Пластинка екіге бөлінеді, кісі — миокардтың 
бастамасын, ал сыртқысы - эпикардтың бастамасын береді. Миокард бастамасының жасушалары 
кардиомиобласттар бөлінеді де, т - жүйелері пайда болады. Кардиомиобласттардың байланысқан 
жерінде қыстырма дискілер п.б. Ұрықтың екінші айының соңына қарай жүректің өткізгіш жүйесі 
қалыптаса бастайды да, бесінші айға қарай толық жетіледі. Жүрек клапандары эндокардтың 
дуплтикатурасы ретінде дамиды. 
Васкуляризациясы.
Коронарлы ( шеңберлі ) артерияларда да ішкі және сыртқы эластинді 
мембранасы тығыз каркас түзеді . Жүрек клапандарының негізінде қантамырлары қақпақпаларға 
бекітілетін жерінде капиллярларға айналады . Бұлар барып коронарлы веналарға жиналады.
Иннервациясы.
Жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері мен ганглилер бар. Бұлардың ең 
тығыз орналасқан жері он жақтағы жүрекшемен синустік - журекше түйіндерінде байқалады . 
Жүрек қабырғасында бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да бар. 
24. Эндокард және оның туындысы – жүрек қақпақшалары.
Жүректің ішкі қабықшасы, 
эндокард,
жүрек камераларын, папилярлы бұлшықеттерді, сіңірлі 
жіпшелерді және де жүрек клапандарын ішкі жағынан тыстайды. Жүректің түрлі бөлімдерінде 
эндокард қалыңдығы бірдей емес (сол жақ камераларда, жүрекшеаралық шымылдық және ірі 
артериялық бағандарда – қалың; ал сіңірлі жіпшелерде - жұқа). Эндокардтың қоректенуі жүрек 
камераларындағы қан арқылы диффузді түрде жүреді.
Эндокард 4 қабаттан тұрады:
1. Эндотелий (базальді мембранада орналасқан эндотелиальді, полигональді жасушалар);
2. Субэндотелиальді қабат (азмаманданған жасушалары бар борпылдақ талшықты дәнекер тіні);
3. Бұлшықетті-эластикалық қабат (мұнда эластикалық талшықтар тегіс миоцит жасушалармен 
қиылыса орналасады),
4. Сыртқы дәнекер тіндік қабат (құрамында ірі эластикалық, коллагенді және ретикулярлы 
талшықтары, тамырлары бар дәнекер тіннен тұрады). 
Қақпақшалар 
жүрекше мен қарыншалардың, сонымен қатар қарыншалармен ірі қантамырлар 
арасында қақпақшалар орналасады. Жүрекшеқарыншалық (атриовентрикулярлы) қақпақша 
жүректің сол жағында екіқақпақты, ал оң жағында – үшқақпақты. Қақпақшалар сыртынан 
эндотелиймен тысталған. Қақпақша негізін тығыз талшықты дәнекер тіні құрайды, оның 
құрамында коллагенді және эластикалық талшықтар болады. Қақпақша табаны фиброзды 
сақиналарға бекінген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет