Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет24/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына , артериоловентрикулярлық анастомоздар мен 
перициттердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады. 
22. Венулалар, құрылысы және функциясы. Артериолды – венулярлы анастомоздар, 
қанайналымдағы маңызы, жіктелуі. Құрылысы. Артериолды венулярлы анастомоздың әртүрлі 
типтерінің құрылысы.
Венулалар микроциркуляторлы арнаға кіретін ұсақ қантамырлар. 
Венулалар үш топқа - посткапалярлық , жинақтаушы , епті болып бөлінеді. 
Посткапиллярлық 
венула
; d = 8-30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллярлардың веналық бөлігін еске түсіреді, 
бірақ құрамында лерициттері қөбірек .
Жинақтаушы венула
, d = 30-50 - мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше 
көрінеді.
Етті венула
, d = 50-100 мкм , құрамында ет жасушалары көп, сырткы қабығы салыстырмалы түрде 
жақсы дамыған. 
Микроциркуляторлы арнаның венозды бөлімі лимфалық капиллярлармен бірігіп дренаждық 
қызмет атқарады, тіндердің метаболизм өнімдерін жояды. Қанайналым жылдамдығы баяу және 
қан қысымы төмен болғандықтан қантамырлар қабырғасы созылғыш болып келеді де, қанның 
қорға жинақталуына мүмкіндік береді. 
Артериола - венулярлық анастомоздар ( АВА )
бұл артериялық қанды капилярлық торлардан 
айналып өтіп , веналарға апаратын тамырлар жүйесі . Бұл барлық мүшелерде дерлік кездеседі . 
АВА - диаметрі 30-500 мкм - ге дейін ауытқиды, ал ұзындығы 4 мм дейін жетеді. Қан айналымы 
өте тез, егер калиллярда 1 мл қай 6 сағатта Жылжыса , ал ABA - да осындай мөлшердегі қан екі 
сағатта ғана жылжиды. АВА минутына 12 рет жиырылуға мүмкіндігі бар.
Жіктелуі.
ABA - екі тобы бар; 2 - таза артериялық қан жүретін нақты ABA - шунттар; П - аралас 
қан жүретін атипті ABA -жартылай шунттар. 
Анастомоздардың бірінші түрі
( шунттар) сыртқы 
пішіні - әртүрлі: қысқа , түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар. Құрылысына қарай бұлар 
кішігірім екі топқа бөлінеді, а) қарапайым AВА ; б) арнайы жиырылғыш құрылымы бар АВА. 
Нағыз анастомоздардың бірінші тобында бір тамырдың екіншісіне өтуі артериоланың ортаңғы 
қабығы біткен жерінің шекарасына сәйкес келеді, қан ағымын реттеу арнайы жиырылғыш 
құрылымсыз артериоланың өзінің ортаңғы қабығынын миоциттері арқылы жүзеге асады.
Екінші топтың анастомоздары
ұзыннан ұзақ орналасқан эндотелий асты қабатындағы арнайы 
жиырылғыш вaлнктер немесе жастықшалар бар түрі Қарапайым AВА эпителиоидты түрінің 
ортаңғы қабығында ішкі және сыртқы циркулярлы орналасқан миоциттері веналық тамырдың 
ұшына жакындағанда ашық түсті Е жасушаларына ауысады. Эпителиоидты типтегі күрделі 
шумақты ABA - лардың ерекшелігі қанды тасымалдаушы артериола 2-3 тармақтарға бөлінеді. Бұл 
тармақтардың барлығы бір ғана дәнекер тінді қабықпен қоршалады. Мұндай анастомоздар тері 
дермасында және гиподермада жиі кездеседі. Екінші топшаға - атитті (жартылай шунттар) 
артериолалар мен венулалар жалғасады. Олар қысқа, бірақ диаметрі 30 мки капиллярлық 
тамырлармен жалғасады , сондықтан , мұндағы қан аралас болады. АВА әсіресе шумақты 
типтілері жақсы иннервацияланған. Артерия венулалтық жүйелердің капилярсыз жалғасуы 
қанның қысымын реттеуде үлкен маңызы бар. Бұл жалғаулар венозды қан ағысына жағдай 
жасайды , венозды қанның артериолануына , қанның мобилизациялануына және тіндік сұйықтың 
венозды арнаға өтуіне белгілі рөл атқарады . Ағзадағы қан айналымы бұзылғанда және 
патологиялық процестердің орнын толтыру реакцияларында ABA - ның атқаратын қызметі өте 
зор. 
23. Жүрек. Жүректің жалпы морфофункциялық құрылысы. Эмбриональді дамуы және шығу 
көздері. Жүрек қабырғасының тіндік құрамы және құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, 
иннервациясы.
Жүрек
– қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негізгі мүше. Қабырғасы үш 
қабықтардан тұрады:

Ішкі- эндокард. Ол жүректің ішкі қабаты. Олар жүрек камерасын ішінен, етті бүртіктерді, 
сіңір жіпшелерін және жүрек қақпақшаларын астарлайды. Эндокард калындығы әр жерде 
әр түрлі. Ол жүректің сол жақ камерасында жуан. Онда келесі қабаттарды ажыратады: 1) 
эндотелий, 2) субэндотелиалды қабат, 3) бұлшық етті – эластикалык қабат. 4) 
субэпикардиалды негіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет