Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет26/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
25. Миокард. Атипті және типті кардиомиоциттер, олардың жүрек жұмысындағы маңызы. 
Эпикард және перикардтың париетальді жапырақшасы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және 
иннервациясы. 
Миокард.
Ортаңғы, жүректің бұлшықетті қабаты, көлдеңнен-жолақты бұлшықет жасушалары – 
кардиомиоциттерден тұрады. Олардың құрамында 1–2 ядро, көлденең жолақтылығы бар көптеген 
миофибриллалары, Т- және L-түтікшелері, митохондриялары көп болады. Кардиомиоциттер бір-
бірімен тығыз байланыс түзеді (қыстырмалы диск, десмасома). Кардиомиоциттер арасында 
дәнекер тін қатпарлары өтіп, олардың құрамында тамырлар мен нервтер орналасады.
Кардиомиоциттердің 3 түрін ажыратады:

жиырылғыш, немесе жұмысшы кардиомиоциттер;

өткізгіш, немесе атиптік, жүректің өткізгіштік жүйесі құрамына кіреді;

секреторлы, немесе эндокринді кардиомиоциттер. 
Жиырылғыш кардиомиоциттер
миокардтың басым бөлігін құрайды. Олардың құрамында жасуша 
ортасында 1-2 ядролары, ал миофибриллалары шеткері орналасады. Кардиомиоциттердің бір-
біріне жалғанған участкілері қыстырмалы дисктер деп аталады. Жасушалардың пішіні 
қарыншаларда – цилиндр тәрізді, ал жүрекшелерде – әдетте өсінділі болып келеді. 
Өткізгіштік, 
немесе атиптік кардиомиоциттер
, өздерінің электр импульсін жылдам өткізуіне және 
генерациялауға қабілеттілігіне байланысты жүректің әртүрлі бөлімдерінің ырғақты жиырылуын 
қамтамасыз етеді. Атиптік кардиомиоциттердің жиынтығы жүректің өткізгіштік жүйесін құрайды. 
.Жүректің өткізгіштік жүйесі құрамына кіреді: синустық түйін; жүрекше-қарыншалық түйін; 
жүрекше-қарыншалық шоғыр (Гисс шоғыры) және оның тармақтары (Пуркинье талшықтары), 
импульстерді жиырылғыш кардиомиоциттерге береді. 
Секреторлы кардиомиоциттер
оң жақ жүрекше мен жүрек құлақшаларында кездеседі. Бұл 
жасушалар цитоплазмасында пептидті гормон гранулдарыжүрекшелі натрийуретикалық фактор 
(ЖНФ) болады. ЖНФ жиырылғыш ет жасушасының қызметіне, артериялық қан қысымына, су мен 
тұздың алмасуына, несептің бөлунуіне әсер етеді. Гипертоникалық ауру науқастарда ЖНФ 
секрециясы жоғары болады. 
Жүректің сыртқы қабығы немесе эпикард перикардтың висцеральді жапырақшасы түрінде болады. 
Эпикард дәнекер тінді, миокардпен тығыз бірігіп кеткен жұқа (0,3-0,4 мкм) пластинка. Оның ашык 
беті (сыртқы) мезотелиймен тысталған. Эпикардтың 50 % -ін құрайтын коллаген мен эластин 
талшықтары . Жүрек қарыншасы мен жүрекшенің кейбір бөліктерінде коллаген, эластин 
талшықтары азайып, тіпті болмайтында бөліктері. Дәнекер тіні пернкардта эпикардқа қарағанда 
жақсы дамыған, онда эластин талшықтар көбірек. Мұндағы қан тамырлардың бойында май 
жасушаларының жиынтығы кездеседі. Перикардтың аттас қуысқа қараған беті мезотелиймен 
тысталған. Перикардта нерв ұштары да өте көп . 
Васкуляризациясы.
Коронарлы ( шеңберлі ) 
артерияларда да ішкі және сыртқы эластинді мембранасы тығыз каркас түзеді . Жүрек 
клапандарының негізінде қантамырлары қақпақпаларға бекітілетін жерінде капиллярларға 
айналады . Бұлар барып коронарлы веналарға жиналады.
Иннервациясы.
Жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері мен ганглилер бар. Бұлардың ең 
тығыз орналасқан жері он жақтағы жүрекшемен синустік - журекше түйіндерінде байқалады . 
Жүрек қабырғасында бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да бар. 
26. Қан өндіруші және иммундық қорғаныс ағзалары. Орталық қан өндіруші және иммуногенез 
ағзалары. Сүйектің қызыл кемігі. Қызметі және құрылысы. Сүйектің сары кемігі. Сүйек кемігінің 
регенерациясы. 
Қан жасушалары түзілетін жүйеге – ағзадағы қан жүйесінің гомеостазын тұрақтылығын сақтап , 
иммунды қорғаныс қызметін атқаратын мүшелердің жиынтығы жатады . Бұл мүшелерге : сүйектің 
қызыл кемігі , тимус , көкбауыр , лимфа түйіндері мен асқорыту жолдарындағы миндалиналар , 
ішектегі лимфоидты түйіндер және басқа да мүшелердегі лимфатикалық фолликулдары жатады . 
Қан жасушалары түзілетін мүшелер екі топқа : орталық және шеткі болып бөлінеді . Тимус - 
лимфопоэздің орталық мүшесі . Ал шеткі мүшелерде Тимустан келген Т- мен В - лимфоциттерінің 
көбеюі , антигендердің әсерінен мамандануы жүзеге асады да , иммунды қорғаныс қызметін 
атқаратын эффекторлы жасушалар мен еске сақтау жасушалары түзіледі . Қан түзетін иммунды 
қорғаныс мүшелерінің қызметін орталық нерв жүйесі бақылап , өзара тығыз байланыстағы 
жүйелер тобын құрайды . Қан жасайтын мүшелердің қызметтері сан - алуан болғанымен олардың 
құрылыс ерекшеліктері бірдей , бір - біріне ұқсас болады . Бұл мүшелердегі ұқсастық оларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет