Нуржігт Алтынбеков Аралық бақылау №1 Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет33/54
Дата04.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#71492
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Нуржігт Алтынбеков 
ағынды суларды фильтрация өрістерінде залалсыздандыруға және т.б. негізделген). 
Аралас (жоғарыда аталған әдістерді әр түрлі комбинацияларда қолдану). 
28. Стерилизация, анықтау, әдістері. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
зарарсыздандыру. 
Стерилизация –қоздырғыштардың барлық түрлерін, соның 
ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе 
аралас әдістерге ұшырату арқылы толық жою; 
Стерилизация жараның бетімен, қанмен (науқастың денесінде 
немесе оған енгізілген) және (немесе) инъекциялық дәрідәрмектермен, сондай-ақ 
шырышты қабыққа тиетін немесе 
жұмыс кезінде зақым келтіретін медициналық құралдардың 
жекелеген түрлерімен жанасатын медициналық құрылғыларға 
жүргізіледі 
Науқастың инфекция жұқтыру қаупі бойынша үш топқа бөлінеді: 
• 1) критикалық ММБ- адамның тіндерімен, қуыстарымен немесе қанымен тікелей 
байланыста болатын құралдар мен жабдықтар; 
• 2) жартылай критикалық ММБ- зақымдалмаған шырышты қабаттармен жанасатын 
құралдар мен жабдықтар; 
• 3) критикалық емес ММБ- зақымданбаған терімен жанасатын құралдар, жабдықтар және 
күтім заттары. 
• Критикалық ММБ стерилизациядан, жартылай критикалық - жоғары және орташа 
деңгейдегі дезинфекциядан, критикалық емес- орташа және төменгі деңгейдегі 
дезинфекциядан өтеді. 
Стерилизация әдістері  Бу әдісі көмегімен коррозияға төзімді металдардан, шыныдан 
жасалған аппараттарды, ММБ, аппараттардың бөліктерін, төсек жабдықтарын, таңғыш 
материалдарды, мақта шарларын, резеңке бұйымдарын, латекстен және пластмассалардың 
кейбір түрлерінен жасалған бұйымдарды зарарсыздандырады.  Ауа әдісін коррозияға 
тұрақсыз металдардан жасалған бұйымдарды, ММБ, құрылғылар мен аппараттардың 
бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін 
қолданылады. Ауа әдісімен зарарсыздандыру алдында стерилизацияға дейінгі тазалаудан 
кейінгі өнімдер кептіргіш шкафта 85 градус Цельсий температурасында (бұдан әрі - oC) 
көзге көрінетін ылғал жоғалғанға дейін кептіріледі. Ауаны әдісімен стерилизациялауда 
кептіру шкафтары қолданылмайды.  Химиялық заттардың ерітінділерін пайдаланып 
стерилизациялаудың химиялық әдісін қолдану, басқа зарарсыздандыру әдістерін 
қолдануға мүмкіндік бермейтін термолабильді материалдар қолданылған өнімдерді 
зарарсыздандыру үшін тиімді болып табылады. Жұмыс ерітінділерінің сұйылтуын 
болдырмау үшін оларға батырылған медициналық құрылғылар құрғақ түрінде болуы тиіс. 
Химиялық заттардың ерітінділерімен зарарсыздандыру кезінде барлық манипуляциялар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет