Нуржігт Алтынбеков
Биологиялық әдіс - бұл биопрепараттармен сыртқы ортадағы буынаяқтылардың
жойылуы.
Бұл әдіс биохимиялық агенттерді (гормональды
препараттар, жәндіктердің өсуін
реттегіштер, аттракциондар, феромондар, иммуносупрессанттар),
бактериалды дәрілерді
қолдануға негізделген.
Биологиялық әдісте жәндіктердің табиғи жауларын қолданады.
Мысалы, масаларға қарсы маса жейтін қаздар қолданылады.
Сонымен қатар бірнеше тәсілдер қолданады:
1. Шошытатын немесе тартымды заттар (аттраканттар)
2. Рентген және γ-сәулелерімен стерилденген, ұрықтары жойылған аталық жәндіктер.
3. Химиялық әдістерді қолданып жыныстық стерилдеу.
4. Патогенді микроорганизмдермен жұқтырып, ұрпақтан ұрпаққа тарату.
5. Жәндіктердің генетикалық құрылысын бұзу.
Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады: жоятын, үркітетін
(репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын (атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-
өнуін тоқтататын заттар - регуляторлар қолданылады.
Жәндіктерді жоютын заттарды
инсектицидтер деп атайды, кенелерді жоятын заттар –
акарицидтер, жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы заттар – овоцидтер, дернәсілдеріне
қарсы заттар - ларвицидтер деп аталады.
Жәндіктерге қарсы қолданатын химиялық заттар жәндіктерді толығымен, тиімді жоятын,
бірақ адамға және үй жануарларына зиянсыз болуы керек.
Барлық қолданатын заттар у
болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық шараларын қарастыру қажет, тағамдарды,
өсімдіктерді,
жайылым жерлерді, ашық су қоймаларын ластамайтын болуы керек.
Инсектицидтердің тиімділігі қолданатын препараттың улылығынан, мөлшерінен, қолдану
уақытынан, ауаның температурасынан, залалсызданатын жердің санитарлық жағдайынан
байланысты. Инсектицидтер жәндіктердің денесіне түрлі жолдармен түседі - сыртқы
қабат,
тыныс алу, ас қорыту жүйесі арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: