Нуржігт Алтынбеков
2) Дезинсекция үшін тест-инсект дайындаймыз. Мысалы биттер және оның жұмыртқасын
мешоктарға алып, киімнің арасына қоямыз. Уақыт біткен соң, мешокты алып, 21 күн бойы
бақылау жүргіземіз, олардың өлгенін анықтаймыз.
32. Дезинсекция тәсілдері мен құралдары, оларды пайдалану көрсеткіштері.
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
1. Алдын алу дезинсекциясы.
2. Жоятын дезинсекция.
Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік етуіне,
көбеюіне жол
бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға зиян келтіруін алдын алу.
Мұнда жеке бас
гигиенасын сақтау мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы өте зор.
Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау, қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан
үнемі тазалау, тағамдарды жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы
агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау, батпақты жерлерді жою, өзен мен
арықтарды тазалау.
Достарыңызбен бөлісу: