Байланысты: АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АУДАРМА АСПЕКТІЛЕРІНДЕ ТАЛДАУ
АНЫҚТАМАЛАР Гендерлік лингвистика - биоәлеуметтік субьект ретінде танылатын ер кісілер мен әйел затының тіліндегі ерекшеліктерді зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ол ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тіліндегі тілдік ерекшеліктердің мәнін, түрлі құрылымдық типтегі мәтіндерде сақталған ерлер мен әйелдер тіліне тән ұлттық және мәдени құндылықтарды, гендерлік этикет нормаларын, ерлер мен әйелдер тіліндегі сөз қолданыстарының стильдік ерекшеліктерін, тілді меңгерудегі гендерлік ерекшеліктердің ықпалын қарастырады.