Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі. Түпнұсқада «Айырылған жапы-
рағынан....» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда «Жапырағынан
айырылған...» деп орындары ауысқан. 1989 жылғы жинақта
өзгермеген.
Түпнұсқадағы «Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең» де-
ген өлең тармағы 1989 жылғы жинақта дәл осы ретпен берілсе, 1991
жылғы басылымда «Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең» деп
сөздердің орыны ауысқан. 2003 жылы түпнұсқаға сәйкес түзетіліпті,
осы нұсқа негізге алынды.
Мағжанның толқынды кескіндеуі. Түпнұсқадағы «Жасымен
жуып жартасын» деген тармақ 1989 жылғы жинақта «Жасымен
жуып жартасы» болып өзгеріп, «н» әрпі түсіп қалса, 1991 жылғы
жинақта керісінше, «Жасымен жуып жер тасын» деп «жар» сөзі
өзгерген. Өзгерген сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетіліпті,
осыны негізге алдық.
Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы. Түпнұсқадағы
«Көбінесе ән басы келер ащы» деген тармақ 1989 жылғы жинақта
366
түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы жинақта «келер» сөзі «келеді»
болып өзгерген. Түпнұсқадағы: «Кел тыңда деп өзгеге болар басшы»
деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда «Кел, тыңда!» деп өзгеге
болар басшы» деп берілген болса, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа
қалпы сақталған. Келесі тармақтағы «...дүңгір-күңгір...» деген сөз тір-
кесі 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпын сақтаса, 1991 жылғы
жинақта бұл тіркес «...қаңгыр-күңгір...» деп өзгеріске ұшыраған. 2003
жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған, біз де солай ет-
тік.
сөз өнері. Түпнұсқа және 1989 жылғы жинақтағы «...ұғу...» сөзі
1991 жылғы жинақта «...ұғыну...» болып өзгерген. Сондай-ақ түпнұс-
қадағы «....бернесіне...» сөзі 1991 жылғы басылымда «...бейнесі-
не...» деп берілген. Ал 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы
сақталып, өзгерген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліпті. Түпнұсқада
«Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар....» деген сөйлем 1989 жылғы
жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта «...асқан...» сөзі түсіп,
«Сөз өнері жүзінде өнерпаздар...» деп берілген. Түпнұсқа мен 1989
жылғы басылымдағы « Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең
жолындағы «әркімнің-ақ» сөзі 1991 жылғы « әркімнің де» болып
өзгерген. «Сонда да ішінде бар таңдамасы» деген келесі тармақтағы
«...ішінде бар» сөзі 1991 жылғы жинақта қолданылмай, «Сонда да
солардың бар таңдамасы» болып өзгеріске ұшырған. 1989 жылғы
жинақта түпнұсқадан ауытқымай, сол қалпында берілген. Түпнұсқа
мен 1989 жылғы жинақтағы «Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен...» де-
ген тіркестегі «әркімнің» сөзі 1991 жылғы жинақта «әр кісінің» деп
өзгертілген. Өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы
түзетіліпті, біз осыны негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989
жылғы жинақтағы «...сөз тізу салттарынан, шарттарынан...» деген
сөйлемдегі «салттарынан» сөзі 1991 жылғы жинақта жоқ. Түпнұсқа
2003 жылы қалпына келтірілген, біз де осыны негізге алдық.
Шығарма сөз
Тақырып. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...болса,
тақырыбы «той» болады» деген тіркес 1991 жылғы жинақта «...
болса, шығарманың» тақырыбы той болады» деп «шығарманың» де-
ген сөз қосылған. Түпнұсқадағы « Және бұл сөздер Айман–Шолпан,
Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт тура-
сында...» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «... болады және бұл
сөздер «Айман–Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр»,
«Атымтай Жомарт» турасында...» деп әрбір есім тырнақшамен
берілген. Ал 1991 жылғы жинақта жыр атаулары түпнұсқамен сәйкес
берілген. Тек «Айман–Шолпан» деген сөз үтір арқылы «Айман,
367
Шолпан» деп өзгеріс тапқан. Екі жинақтың да өзгеріске ұшыраған
тұстары 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген, осы жинақ негіз-
ге алдынды.
түрі. Түпнұсқада және 1991 ж. жинақтағы «Қолымды дөп серме-
сем, өстер ме едім» деген өлең жолдары 1989 ж. жинақта «Қолым-
ды деп сермесем, өстер ме едім» деп өзгерген. Сондай-ақ, осы өлеңдегі
«Адамның бір өмірі бала деген» жол 1989 ж. жинақ түпнұсқаға сай
болса, 1991 ж. жинақта «өмірі» деген сөз «қызығы» деген сөзбен
алмастырылған.
Келесі «Ақан – Аликсалам, е, жарқын қай ұлсың?» деген
түпнұсқадан алынған сөйлем 1989 ж. жинақта «Ақан: Алик салам, е,
жарқыным қай елсің?»деп берілген болса, 1991 ж. жинақта «Ақан.
Әлик сәлем, е, жарқыным, қай ұлсың?»деп өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқадағы «Ақан – Жарқын...» сөздері 1989 ж. жинақта «Ақан:
Жарқын...», 1991 ж. жинақта «Ақан. Жарқыным...» деп берілген. Осы
тараудағы «....жаңа мына бір...» сөзі 1989 ж. жинақта өзгертілмей
берілген болса, 1991 ж. жинақта «...мына...» сөзі «...ғана...» сөзімен
алмастырылған. Өзгерген сөз 2003 жылы түпнұсқамен түзетіліпті, біз
осы жинақ негізге алынды.
БІРІНШІ БӨЛІМ
сөз өнерінің ғылымы
Түпнұсқа мен 1991 жылғы басылымдағы: «Тіл (я лұғат) деп ата-
лады» сөйлемі 1989 жылғы басылымда: «Тіл я лұғат деп аталады»
деп, жақшасыз берілген екен. Түпнұсқаның осы тарауында кезде-
сетін «...көрнекі...» сөзі 1989 жылғы басылымда «...көрнекті...» бо-
лып берілген. Ал, «Ақ жолда» «...өрнегі...» деп өзгерген. Түпнұсқа
мен 1989 жылғы жинақтағы «Ішкі пікір жағы, тысқы тіл жағы»
деген сөйлем 1991 ж. жинақта: «Тысқы тіл жағы, ішкі пікір жағы»
деп берілген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында
кездесетін: «Шығарманың түрінің ғылымы, шығарманың тілінің
ғылымы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «Шығарманың тілінің
ғылымы, шығарманың түрінің ғылымы» деп беріліпті. 2003 жылғы
жинақ орны ауысқан сөздерді түпнұсқалық қалпына келтірген, осы
жинақ негізге алынды.
2003 ж. жинақта «Сөз қисыны» деген тарауша «Тіл қисыны»
боп өзгерген. Осы жинақта түпнұсқа бойынша «Сөз қисыны...» деп
түзетілді.
сөз қисыны (яки лұғат қисыны)
Түпнұсқадағы «...тұтынған сөзді...» деген тіркес 1989 ж. жинақта
«...тұтынған сөз...» деп, 1991 ж. жинақта «...тұтынған сөздер...» бо-
368
лып өзгертілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны орнына
келтірген. Біз де осы жинақты негізге алдық.
сөз талғау
Сөз дұрыстығы. Түпнұсқа және 1991 ж. жинақтағы «...нәрселерді
жақсы біліп, әрқайсысын...» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...
нәрселерді біліп, әрқайсысын...» болып, «жақсы» сөзі түсіп қалған.
Тіл (лұғат анықтығы). Түпнұсқа және 1989 ж. жинақта кезде-
сетін «Жаман қатын алсаңыз» деген сөз тіркесі 1991 ж. жинақта
«Жаман қатын алмаңыз» болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ,
түпнұсқадағы «...жастардан өзінің тәрбиесіз...» деген сөйлемдегі
«тәрбиесіз» сөзі 1991 жылғы жинақта «...тәртіпсіз...» деп берілген.
Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталған.
Тіл дәлдігі. Түпнұсқадағы «Амәндес...» сөзі 1989 ж. басылымда
түпнұсқаға сай берілген болса, 1991 ж. Басылымда «Әуендес...» бо-
лып өзгерген. Түпнұсқадағы: «...амәндес сөз...» деген тіркес 1991
жылғы басылымда «...әуендес сөз...» болып, 1989 жылғы жинақта «...
амәндес сөздер...» деп өзгеріске түскен.
Тіл көрнектілігі: Түпнұсқадағы «бернесіз» және «бернелі» деген
сөздер «Ақ жолда» «пернесіз» жене «пернелі» болып өзгерген. Ал,
1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталған. Түпнұсқа
және 1989 ж. жинақтағы «... затша сипаттайды» деген сөз тіркес-
індегі «сипаттайды» сөзі 1991 ж. жинақта «...затша қалыптайды»
болып өзгерген.
Көріктеу.Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Көркейту я
жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда я нәрседе болмайтын
сипатты болатындай етіп айтумен болады» деген сөйлем 1991 ж.
жинақта «Көркейту иә жай сипатты болатындай етіп теліп айтумен
болады»деп өзгертілген. Түпнұсқадағы «...сияқты лебіздерде» деген
сөз тіркесі 1991 ж. жинақта өзгеріссіз берілген болса, 1989 ж. жинақта
«...сияқты лебіздерше» болып өзгерген. Түпнұсқадағы «Аңдыған бөрі
кірмес пе? деген өлең жолындағы «кірмес пе» сөзі 1989 ж. жинақта
өзгеріссіз, ал 1991 ж. жинақта «көрмес пе» деп өзгерген. Түпнұсқа
мен 1989 жылғы жинақтағы «Жол тарттық құба шыңға Жемнен
шығып» деген тіркес 1991 ж. жинақта «...жонға Жемнен шығып»
деп өзгеріске ұшыраған. 1991 ж. жинақ пен түпнұсқадағы «Тамызда
қызыл мұнар астық шөлге» деген өлең жолы 1989 ж. жинақта «...
ыстық шөлге» деп берілген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы
«Көрнекілеудің...» деген сөз 1991 ж. жинақта «Көріктеудің...» болып
өзгерген.
теңеу. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Таулардан бұлақ
ағар сарқыраған» деген өлең жолындағы «бұлақ» сөзі 1991ж. жинақта
369
«өзен» деп берілген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы
«Жел соқса, құйын соқса, бір қалыпта» деген тармақтың «құйын»
сөзі 1991 ж. жинақта «ыстық» болып өзгеріске түскен. Сон-
дай-ақ, түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы: «Қара албасты қабақ-
тай, Піскен алма сабақтай...» деген өлең жолдарындағы «қабақтай,
сабақтай» теңеулері 1991 ж. жинақта «...қабақты, сағақты...» бо-
лып өзгеріске ұшыраған.
Бейнелеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Шақырып тұрар,
құбылып кел деп мұнда» деген өлең жолындағы «құбылып» сөзі 1991
ж. жинақта «...күліп...» болып өзгерген. Түпнұсқада «...бақыт құс...»
деп берілген сөз 1991 ж. жинақта өзгеріссіз келтірілген болса, 1989 ж.
жинақта «...бықыт құс...» болып өзгерген.
Кейіптеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «Жансыз нәрсені
жанды нәрсенің күйіне...» деген тіркес 1991 ж. жинақта «Жансыз
нәрсенің күйіне...» болып қысқартылған. Түпнұсқа мен 1989 жылғы
басылымдағы «Бұлттың суын ішіп ержеткенмін» деген өлең
жолындағы «суын» сөзі 1991 жылғы жинақта «сүтін» деп берілген.
1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалып сақталған.
«Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал» деген өлең жолының
«келіп» сөзі 1989, 1991 жылғы жинақтарда «салып» деп өзгеріске
ұшыраған.
Бернелеу. Түпнұсқаның осы тарауындағы: «Жан еркем, мен
жүремін мынау күймен, Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген?
Сен бір шам айнала ұшқан, мен пәруана. Айналып аламын деп отқа
күйген» деген өлең шумағындағы «Сен бір шам айнала ұшқан, мен
пәруана» жолы 1989 және 1991 жылғы басылымдарда «Сен – бір шам,
айнала ұшқан мен – пәруана» болып, тыныс белгілері өзгерген. 2003
жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған. Біз 2003 жылғы жинақты не-
гізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқада осы өлең жолынан кейін келетін:
«Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аягына шейін бейнелеу бола-
ды» деген сөйлем «Ақ жолда»: «...мен – пәруана...» деп берілген. Ал,
1989 жылғы басылымда «...Сен бір шам...» болып берілген. Түпнұсқа
мен 1991 жылғы басылымда «Әдемі бернелеуге...» деген сөз тіркесі
1989 ж. жинақта «Әдемі бейнелеуге...» болып өзгерген.
Түпнұсқадағы:
«Расты рас демей, танамыз ба?
Бір сәтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренжуге аз нәрсеге»
деген өлең жолдарындағы сөздердің кейбірі 1989 жылғы жинақта «Бір
сәтке» болып, ал 1991 ж. жинақта «Расын, Бір тәулік, әр нәрсеге...»
370
деп өзгерген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...жанына
келіп...» тіркесі 1991 жылғы басылымда «...қасына келіп...» деп беріл-
ген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Екеуін зордан ғана айырысты»
деген тармақтағы «зордан ғана» тіркесі 1991 ж. жинақта «...зорға
әрең...» деп берілген.
Әсірелеу. Түпнұсқадағы «Ұмтылғанда қысынып» деген тіркесте-
гі «қысынып» сөзі 1989 жылғы жинақта «қызынып», ал 1991 жылғы
жинақта «қысылып» деп берілген. Түпнұсқаның осы тарауында кез-
десетін «Қош айту қиын болды кетер жерге» тармағындағы «кетер
жерге» тіркесі 1991 жылғы жинақта «...кетер кезде» деп берілген.
Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқа сақталған.
Мезгеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мегзеу» сөзі 1991
жылғы басылымда «Меңзеу» болып өзгерген. Түпнұсқадағы «Отыз
тістен шыққан сөз емес, қырық рулы...» деген сөйлем 1989 ж.
жинақта «Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы...» бо-
лып өзгерсе, 1991 ж. жинақта «Отыз тістен шыққан сөз қырық
рулы...»деп өзгеріске түскен. Түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Ант
ішкен...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Ант ішіп...» болып өзгерген.
Әсерлеу (лептеу). Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мүбтәла
қып...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Мұншама ғып...» болып өзгерген.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...мұнша азапқа» тіркесі
1991 жылғы жинақта «бұл азапқа?» болып өзгерген.Түпнұсқадағы
«Қан қарадан жасқанбай...» деген тіркестегі «қан» сөзі 1989 жылғы
жинақта «Хан қарадан жасқанбай...» болып берілсе, 1991 ж. жинақта
кездеспейді. 1989 ж. басылымдағы өзгеріс. Түпнұсқада және 1989 ж.
жинақта кездесетін «Сарыарқа сайран жерім-ай» деген тармақтағы
«сайран» сөзі 1991 ж. жинақта «қайран» болып өзгертілген. Сон-
дай-ақ, түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Тоқталсайшы ыстық
қан» деген өлең жолындағы «тоқталсайшы» сөзі 1991 ж. жинақта
«Тоқталмапты...» болып берілген.
Түпнұсқадағы: Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен
тоқылық! Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің
алдыңнан, Іздемей-ақ, табылар (Алтынсары Ыбырай)деген өлең
жолдары 1989 жылғы жинақта осы ретпен берілген. Тек автордың
аты «Алтынсарин Ыбырай» деп жазылған. Ал, 1991 жылғы басы-
лымда бұл өлең шумақтары кездеспейді.
1989 ж. жинақта кездесетін:
«Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң, мұныңды қой, мырзалар!
371
Бар ма еді, құлағыңда қалған нақыл:
«Тозған қудан топтанған қарға озар» –
(Бұдабай ақын)
деген өлең жолдары түпнұсқадан өзгертілмей алынған болса, 1991
жылғы жинақта бұл мысал жоқ.
Қайталақтау.Түпнұсқадағы және 1989 ж. жинақтағы «Үш ата-
мыз...» тіркесі 1991 жылғы жинақта «Ұлы атамыз» деп берілген. Түп-
нұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...нәрсенің ғамалын, күйін...» де-
ген сөйлем 1991 ж. жинақта «...нәрсенің күйін...» деп, «ғамалын» сөзі
түсіп қалған. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Дүниеде неғып
тұр, Адамзат бір сағат» деген жолдар 1991 ж. жинақта мүлдем кез-
деспейді. Біз 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша берген. Түпнұсқа
мен 1989 ж. жинақта кездесетін «...азар келдім» тіркесі 1991 ж.
жинақта «...әрең келдім» деп өзгеріске ұшыраған.
Осы тарауда, түпнұсқада берілген «...ықсан жан тіріде» деген
тіркес 1989 ж. жинақта сол қалпында берілсе, 1991 ж. жинақта «...
ықсын жан тіріде...» болып өзгерген.
Шендестіру. Түпнұсқадағы «Жалғыз шиден оқ аттың» де-
ген өлең жолы 1989 жылғы басылымда сол қалпында берілген. Бұл
тармақ 1991 ж. жинақта мүлдем кездеспейді.
Дамыту. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Әншейін сөйлегенде
дамыту мысалы мынау:» деген жолдар 1991 ж. жинақта кездеспей-
ді. Түпнұсқадағы «Аяғын топтап басады» деген өлең жолындағы
«топтап» сөзі 1991 ж. жинақта «топ-топ» деп өзгеріске түскен. Ал,
осы өлең жолынан кейін келетін «Жүні судай тасады» өлең жолы екі
басылымда да (1989, 1991) қалып қойған. Түпнұсқада және 1989 ж.
жинақта кездесетін «Халықты қаңсылату – обал» деген сөйлемдегі
«қаңсылату» сөзі 1991 ж. Жинақта «қанжылату» болып өзгерген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Тығылып Дажалдың пұтқанасына»
деген өлең тармағындағы «дажал», «пұтқана» сөздері 1991 ж.
жинақта «тажал», «пұтхана» болып өзгеріске түскен.
түйдектеу. Түпнұсқадағы «... ерік ұранымыз, бірлік – Құранымыз
болсын» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...ерік – ұранымыз,
бірлік – құранымыз болсын» деп берілсе, 1991 ж. жинақта «...ерік
ұранымыз болсын, ерлік-бірлік құранымыз болсын» болып өзгерген.
«Тіл (лұғат) әуезділігі».Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...
да болып, құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-
жағымсыз болып құралу сияқты» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «...
да болып құралу сияқты...» деп өзгеріске ұшыраған.
372
Сөз әуезділігі. Түпнұсқа мен 1989 жылғы «...апта егін қуса игі
еді» деген сөйлемдегі « апта егін» сөзі 1991 жылғы басылымда «...
ата жолын...» болып өзгеріске түскен.
Өрнекті сөйлемдер.Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы
« Үйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанымен...»деп басталатын
сөйлемнің «... яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанымен...»
деген жалғасы 1991 ж. басылымда кездеспейді .
себепті оралым. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта «Ауырса
жеммен емдеген» деген өлең тармағы 1991 ж. жинақта кездеспейді.
Шартты оралым. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Қазан ағаш
бағысын. Түсірмесем жүзіңе, Көрсетпесем көзіңе»деген өлең жолдары
1991 жылғы жинақта« Қазанның сырлы қаласын Көрсетпесем көзіңе,
Түсірмесем жүзіңе» болып әрі өзгеріп, әрі орындары ауысқан.
жалғасыңқы оралым. Түпнұсқадағы «Әр уақытта» деп беріл-
ген сөз 1989 жылғы басылымда «Әр уақытты» болып берілсе,
1991 жылғы жинақта «Аруаққа» деп өзгерген. Түпнұсқа мен 1989
ж. басылымда «Арқада Қобылан жатқанда» деген тіркес 1991 ж.
жинақта «Қобыланды ойнап жатқанда» болып өзгерген. Түпнұсқа
мен 1989 жылғы «Тізесіне тон жетпей» деген өлең жолынан кейін
келетін «Арқасына қол жетпей» деген жол 1991 жылғы басылым-
да кездеспейді. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында
кездесетін «Абдастасы қолында» деген өлең жолы 1991 ж. жинақта
«Әбдестесі қарында» болып өзгертілген.
Осы тарауда кездесетін:
«Дастарханы белінде,
Пияласы қарында
Бөтен жаудың елінде,
Қызылбастың шенінде –
деп басталатын өлең жолындағы « дастархан» деген сөз 1989 жылғы
басылымда « дастарқан» деп өзгеріске ұшыраған. Ал, 1991 жылғы
жинақта:
«Белдемшесі белінде,
Пияласы қолында»
.....................................
Қызылбастың елінде»
болып, 3-ші жолы түсіп қалған.
серіппелі оралым. Түпнұсқада: « Шайылған көз жасымен
жердің бетін» деп басталатын өлең шумағындағы «Шайылған...»
сөзі 1991 жылғы басылымда «Жабылған...» деп өзгертілген.
«Қиналып, кім де болсаң, талыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар.
373
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар»
деген шумақ 1991 ж. басылымда:
«Қиналып, кім болсаң да, тарыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар!
……………………………………………
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» –
деп, өзгеріске ұшыраған. Ал, 1989 жылғы басылымда өзгеріссіз
берілген.
Өлеңді сөйлемдер. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда «Ше-
шем-ай...» деген сөз 1991 жылғы басылымда «Шешем-ай!...» деп леп-
ті сөйлем ретінде берілген.
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы:
«Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!»
деген шумақ 1991 жылғы жинақта:
«Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Қанша жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар!
деп өзгеріске ұшырап, алғашқы жол 1991 жылғы жинақты шығарушы
тарапынан қосылған.
Түпнұсқадағы:
«Айт, келін, айт, келін!
Аттың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ келін»
деп басталатын өлең шумағы 1991 жылғы басылымда:
«Айт келін, енді айт, келін!
Атыңның басын тарт келін!
Сауысқаннан сақ келін!
Жұмыртқадан ақ келін!»
деп өзгеріске ұшырап, өлеңнің 2-ші тармағынан кейіп «Сауысқаннан
сақ келін» деген 3-ші тармақ қосылған.
«Сөздің өнер болатын мәнісі».
Түпнұсқадағы «Бірінші түрде тілдерде, мәселен, араб, латын,
ионан сияқты ескі жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың
кейбіреулері созылып, ұзын айтылады» деген сөйлем 1991 жылғы ба-
сылымда « 1-ші түрде тілдерде дауысты дыбыстардың кейбіреулері
созылып, айтылады» болып, ғылыми тұжырымы толық берілмей,
сөйлем қысқартылған. Ал, 1989 ж. жинақта осы мәтіндегі « түрде»
сөзі «...түрдегі...» деп өзгертілген.
374
Өлең шығару. Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы:
«Ашуын бұған бассын», – деп,
Жерімді саған тастадым.
«Олжа ңылып жатсын», – деп,
Елімді саған тастадым.
(«Кенесары- Наурызбай»)
деген үзінді 1989 ж. жинақта кездеспейді.
Шумақ түрлері. Түпнұсқадағы:
«Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жуанбай.
Жеттің де, тез өттің, жаз!
Ағаш, шөптер қураған,
Айдын да құрып, суалған
Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз» –
деген өлең жолдары 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілсе,
1991 жылғы басылымда:
«Күніңмен алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбантпай,
Жеттің де тез еттің жаз!
Ағаш шөптер қуарған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?!» –
болып, тармақтың орналасу реті өзгеріске ұшыраған. Өзгеріс 2003
жылы орнына келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.
Тармақ тұлғалары. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Тармақ
тұлғалары» деген тақырып атауы 1991 ж. жинақта «Тармақ толғау-
лары» болып өзгерген.
Сондай-ақ, түпнұсқадағы:
Балалар/, оқуға бар/ жатпа қарап/
Жуынып/, киініңдер/ шапшаңырақ/
Шақырды әтеш мана әлдеқашан/
Қарап тұр/ терезеден/ күн жалтырап/
деген өлең шумағы 1991 басылымда алғашқы жолының әрбір сөзінен
кейін үтір арқылы, қалған үш тармағы таяқшасыз берілген. 1989
жылғы басылымда бұл мәтін таяқшасыз берілген.
Өлең ағындары. Түпнұсқадағы:
4
«Не себептен / / хан Кене
5
Қырғызға мұнша / / өшікті?
4
Ақ қалпақты / / қырғыздан
375
5
Қазаққа берді / / несіпті.
5
Ат мініп, қару // асынған,
4
Бізді аяма / / кесібті
4
Есіркесең // болмай ма?
5
Жолыңда жатқан // бесікті»
(Нысанбай жырау)
деген үзінді екі жинақта да кездеспейді.
Түпнұсқадағы:
3
4
4
«Бір қазақ // қала шықты // мата ала,
3
4
4
Тиеп ап // тері-терсек //, жегіп шана.
3
4
4
Ұрлатып // жүгін жолда //, жұрдай болып,
3
4
4
Үйіне / / қайтты байғұс / / құр қол ғана»
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
ХХХ // ХХХХ // ХХХХ
деген ұйқас түрлерінің 1991 жылғы басылымда өлең жолдары ғана
берілген. 1989 жылғы жинақта өзгермеген.
Тармақ кезеңдері. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «1.
Ұлы кезек; 2. Кіші кезек» сөздері 1991 ж. жинақта « 1) ұлы кезең. 2)
кіші кезең» болып өзгерген.
Түпнұсқаның осы тарауындағы мысал ретінде берілген:
«Ақ Жүністей // жолдасым!
Әйел де болсаң, // мұңдасым!
Қолаң шашты, // қой көзді,
Әйелде ару сен едің,
Аш арыстан // жүректі,
Балуан, жолбарыс // білекті,
Жігіттің мәрті мен едім»
—
деген өлең шумағы 1989, 1991 ж. жинақтарда тармақтарының реті
сақталмай:
376
«Ақ жүністей жолдасым!
Әйел де болсаң мұңдасым!
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелде ару сен едің,
Аш арыстан жүректі,
Балуан, жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім!»,
деп берілген. Түпнұсқадағы қалпын 2003 жылғы жинақ сақтаған. Біз
осы нұсқаны негізге алдық.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Мұнда көлденең жуан
сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді
көрсетеді» деген сөйлем 1991 ж. басылымда кездеспейді.
Тармақ ұйқастығы. Түпнұсқа мен 1991 ж. жинақта көрсетілген
ұйқас түрлерінің мына реті «1-ші, 2-ші, 4-ші тармағы», 1989 ж. басы-
лымда «бірінші, екінші, төртінші тармағы» болып, сөзбен берілген.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «...қара сөз деп,
көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке
қарамай...» деген сөйлем 1989 ж. жинақта дұрыс ретін тапқан
да, ал 1991 ж. жинақта«...дарынды сөз деп атау қолайлырақ
әдетке қарамай...» болып, қос сөйлем бірігіп, өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада: «Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына
жағының күштілігімен жағады» деген сөйлемдегі «көркемдігімен»
сөзі 1991 жылғы жинақта: «...келістілігімен, мағына...» деп өзгеріске
ұшыраған және «сөз» деген сөзі сөйлемге кіріспеген. 1989 жылғы ба-
сылымда түпнұсқаға сай берілген.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы:«...салынып, сүгіреті толық
меңзеуі мерген, қисыны қызық болсын, сөз әсерінің күшімен көңілге
ұнауы көбірек көзделеді»деген сөйлем 1991 жылғы жинақта:«...са-
лынып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деп
қысқартылған.
Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы«...алынып сөз қалады:
қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға...» деген
сөйлемнің «қатта» сөзі 1989 жылғы басылымда «хатта» болып
берілген. «...дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын ор-
нына, қызметіне...» деген сөйлемдегі «парық» сөзі түпнұсқа мен
1989 жылғы басылымда бірдей жазылса, 1991 жылғы басылымда
«даралық» болып өзгерген.
377
Қара сөз. Түпнұсқада: «...белгілі бір қарарға келгенде адамға бір
үлкен ұғым пайда болады»деген сөйлемдегі «адамға» сөзі «Ақ жол-
да» «...адамда...» деп берілсе, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа бойын-
ша берілген. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқаға сай түзетілген.
Біз де осы нұсқаны негізге алдық.
Әуезе түрлері. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы: «Біреу-
лер өткенді сөз қылғанда, уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт
сарынымен айтады да, үшіншілері біреуден біреуді туғызып...» деген
сөйлем 1991 жылғы жинақта «... айтады, екіншілері біреуден біреуді
туғызып ...» деп қысқартылған.
Осы тарауда түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда кездесетін «...
байласылмай, көбінесе...» деген тіркес 1991 жылғы жинақта «...бай-
ланыстырылмай, көбінесе...» деп өзгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |