194
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
8-үлгі.
Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
2009 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де №230 дәрісханада өтетін
“Қазақ тілі” сабағы 8 қыркүйекке №444 дәрісханаға ауыстырылады.
Кеңсе
тіркеуші
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?
2. Хабарландырумен қалай танысамыз?
3. Хабарландырудың қандай түрлері бар?
4. Хабарландырудың ерекшелігі неде?
Тілдік бірліктер:
• бос орынға байқау жариялайды
• негізгі талаптар
•
жұмыс өтілі
• жеке тұлғалардың назарына
• хабарландыру бойынша
•
хабарландыру жазу
• байқау өткізетіндігін хабарлау
• байқау жариялау
•
құлағдар ету
• жұмыс орны
1-жаттығу:
Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
Хабарландыру!
Физика-математика ғылымдарының ..... университеттерге ..... жоғары
оқу орындарына оқуға түсуге ..... физика және математика ..... бойынша
..... көрсетеді: ..... есептерді шешуге, ..... жұмыс істеуге дағдыландырады.
Төлемақысы –..... бойынша. Мына телефон ..... хабарласуыңызға болады:
67-29-36.
Керекті тілдік бірліктер: компьютерде, кандидаты, келісім, нөміріне,
көмек,
техникалық, талаптанушыларға, пәндері, күрделі
ç
Тапсырмалар:
1. Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде
берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тау-
ып дайындаңыз.
2. Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят:
Жылдық
есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды
бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.
195
Орынғазы Әбутәліп
3. Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят:
Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс-
шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
4. Жылжымайтын мүлікті, құнды
заттарды сатуға байланысты
хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы
хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
h
Достарыңызбен бөлісу: