О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет46/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   161
мінездемемен таныстым 
деп жазып, қол қояды. Аты-жөнін, танысқан 
күнін де жазады.
Мінездеменің мақсаты:
• 
Жеке тұлғаның мінезін сипаттау.
õ
Мінездеменің ерекшеліктері:
• 
Басқа біреу тарапынан жазылады.
• 
Үшінші жақта жазылады.
• 
Ресми стильде жазылады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекеме-
ге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер 
тіркелетін іске тігіледі.
Мінездеменің көлемі шағын, 1 беттен аспауы керек.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, орны.
3. Негізгі мәтіні:
а) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
ә) жеткен жетістіктері;
б) отбасы жағдайы;
в) жеке басының адамгершілік қасиеттері
г) сын көтеру қабілеті.


69
Орынғазы Әбутәліп
4. Қорытынды.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет.
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл.
8. Қосымша.
Бұл құжатты төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.
1. Құжат атауы.
Құжат атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта 
тұсына үлкен қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы, 
МІНЕЗДЕМЕ
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет
. Мінездеме 
берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты-жөні, 
туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы, білімі, бітірген оқу 
орындары, қызмет істеген жылдары, орны, қазіргі атқаратын қызметі. 
3. Негізгі мәтіні.
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз 
мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, 
біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. 
Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен 
қарым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, 
кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы), жеке 
басының адамгершілік қасиеттері, сын көтеру қабілеті жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерт- 
теу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдас- 
тырушылық қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт тілдік бірліктерді 
қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет