1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы. 2. Эдвайзерлік туралы. 3. Ашық сабақтар туралы. 7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан
«Тыңдалды» деген сөзбен басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған
әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше
мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес
нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,
1. ТЫҢДАЛДЫ: 2. ТЫҢДАЛДЫ: 3. ТЫҢДАЛДЫ: Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мы-
салы,
ТЫҢДАЛДЫ: Әдетте күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе бойынша баянда-
ма жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ,
жекеше түрде жазылып, баяндама мәтіні хаттамаға қосымша ретінде
тігіледі. Мысалы,
1.ТЫҢДАЛДЫ: Жиналыс төрағасы Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеруші-
сі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның
баяндамасы (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).
Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан
СҰРАҚТАР: деген сөз қоюлатылған, үлкен әріптермен жазылып, қос
нүкте қойылады, одан кейін азат жолдан сұрақ қоюшының аты-жөні,
қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ
222 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баян-
дамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды.
Мысалы,