Тұнба түзілуі үшін ЕК ережесі орындалуы керек: Нашар еритін қосылысты құрайтын иондар концентрациясының (активтілігінің) көбейтіндісі сол заттың ерігіштік көбейтіндісінен артық болған кезде тұнба түзіледі.
[Me+]∙[An-] > EK - тұнба түзіледі; (t = const)
Ионның тұнбаға түсу толықтығы – тұнбаға түсірілетін қосылыстың ерігіштігіне, тұндырғыштың мөлшеріне, оның диссоциациялану дәрежесіне, гидролизденуіне, ерітіндінің рН-ң мәніне және т.б. факторларға байланысты болады.
К + А → КА↓ ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ а) ИК > ЕК, [Me+]∙[An-] > EK – ерітінді аса қанық болғаны, ерітіндіде тепе-теңдік орнамас бұрын тұнба түзіледі;
ә) ИК < ЕК, [Me+]∙[An-] < EK– ерітінді қанықпаған, мұндай жағдайда тұнба түзілмейді, керісінше тұнба ериді;
б) ИК = ЕК, [Me+]∙[An-] = EK – ерітінді қанық, жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнаған. Егер иондардың концентрациясы өзгеретін болса, тепе-теңдік екі жақтың біріне ығысады.
Бір типтес заттар үшін қайсысының ерігіштік көбейтіндісінің мәні үлкен болса, соның ерігіштігі де үлкен болады:
ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ Тіпті ерімейтін тұнба болмайтындықтан ЕК ≠ 0 тұнбаның толық түсуі мүмкін емес.
Ерітіндегі иондардың концентрациялары 10-5 – 10-6 моль/л аспағанда немесе тұнбаның ерігіштігі S < 10-5 моль/л аспаған жағдайда шартты түрде тұнба толық түсті деп есептеуге болады.
Тұнбаның толық түзілуі оның ерігіштігіне тікелей байланысты, ал ерігіштікті азайтып көбейтуге болады
ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ Белгілі бір концентрациядағы екі ерітіндіні өзара араластырғанда тұнба түзіледі ма, жоқ па анықтауға болады.
Мысалы, 0,02М ВаСІ2 мен Na2SO4 ерітінділерінің бірдей көлемдерін өзара араластырғанда тұнба түзіледі ма? Өзара араластырғанда әр ионның концентрациясы 2 есе азаяды (за счет разбавления):
[Ва2+] = [SO42-] = 0,01 моль/л.
Олардың ЕК: ЕК = 1,0‧10-2 ‧ 1,0‧10-2 = 1,0‧10-4.
Кесте бойынша ЕК(ВaSO4) = 1,1‧10-10. Яғни салыстырсақ кестедегі мәннен әлдеқайда жоғары болғандықтан, 0,02М ВаСІ2 мен Na2SO4 ерітінділерін өзара араластырғанда ВaSO4-ң тұнбасы түзіледі екен.