БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСКЕ
САҚТАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
І. Есту арқылы еске сақтау.
1. Нұсқау: «Мен сіздерге тӛмендегі сӛздерді 4-5 сек үзіліспен
оқып шығамын. 10 секундтық үзіліспен кейін есте қалған
сӛздерді дәптерлеріңізге жазып бересіңдер».
Сӛздер: ана, ғарыш, кітап, ӛзен, арпа, оқушы, дана, дәптер,
тас, машина
13
ІІ. Кӛру арқылы еске сақтау.
2. Нұсқау: (10 мин кейін) «Екінші қатардағы сӛздер тақтаға
жазылу арқылы беріледі. Сіздер оны кӛріп, іштерінен оқисындар.
Ӛшірілген соң есте қалған сӛздерді дептерлерінізге жазып
бересіндер».
Сӛздер: түрлі түсті қағаз, кәрзенке, стакан, қойшы, кесе, ине,
кӛбелек, шырша, қоңыз, ермек саз.
ІІІ. Естіп бейнелеу арқылы есте сақтау.
3. Нұсқау: (10 мин соң үшінші қатардағы сӛздер есте сақтауға
ұсынылады) «Мен сӛздерді оқимын, ал сендер іштерінізден
сыбырлап қайталап ауаға саусақтарымен жасаныздар. Содан соң
естеріңізде қалған сӛздерді дәптерлеріңізге жазыңыздар».
Сӛздер: жаңбыр, күн, үй, ұшақ, кітап, құс, әнші, мұғалім,
дәрігер, үстел.
ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ
АРНАЛҒАН «ЗЫМЫРАН» СОЦИОМЕТРИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
Балалар сендердің басқа планетаға ұшқыларың келе ме?
Қараңдар, қазір барлығымыз мына зымыранмен (ракетамен)
ғарышқа ұшамыз (тақтада ракетаның суреті). Бұл зымыранның
үш иллюминаторы бар екен: 1- иллюминаторда командир, 2-де
командирдің 4 кӛмекшісі, 3-де жолаушылар отырады (иллюми-
натрларды салады).
Енді ұшу үшін біз тек қана ӛзіміздің сыныптан бір командир
сайлап, оның фамилиясы мен атын ӛз дәптерімізге жазып қоялық.
Оған тӛрт кӛмекші тағайындап олардың да аты-жӛндерін
жазайық.
Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға
мүмкіндік береді:
Кіммен ұшасың, соны мынандай белгілермен белгілейік:
Барлығымыз –
Тобымызбен –
Екеуіміз –
Жалғыз –
14
Келесі жаттығу оқушының үрей деңгейін анықтауға
арналады:
Ұшып келдік. Сол планетада бір кӛшенің бойында 7 үй бар
екен (тақтаға суреті салынады), №1-үйде мұғалімдерің тұрады
(үйдің ішінде мұғалімнің инициалдары жазылады), ал әркім ӛзіне
бір үйді таңдап алып, «мен» деп жазып қойыңдар.
Келесі жаттығу оқуға деген ынтылырын анықтауға арналады:
Ол жерде де мектеп бар екен, жерге қайтқанша сол мектепте
оқығың келе ме? Ия - «+». Жоқ – «-».
Келесі жаттығу ұйымшылдықтарын анықтауға мүмкіндік
береді:
Кіммен оқығың келеді? ( , , , )
Келесі жаттығу пәндерге деген қызығушылықтарын
анықтауға мүмкіндік береді:
Әркім ӛзіне қалауы бойынша апталық сабақ кестесін жасай-
ды (тақтаға осы сыныпта ӛтетін пән аттары түгел жазылады).
Өз-өзін бағалауын анықтау:
Қазір биіктігі 10 клетка етіп 3 «градусник» салайық (ортасы –
0, тӛменгі жағы «алу» - теріс, жоғарғы жағы «оң» - оң бағалар).
Менімен бірге салыңдар (тақтада кӛрсетіледі).
Жалпы ӛзіңді қандай оқушымын деп бағалайсың, оны
1- градусниктің бойынан кӛрсетейік. Х – таңбасымен белгілейміз.
Ӛзіңді қандай доспын деп бағалайсың, оны 2-градусниктің
бойынан кӛрсет.
Ӛзіңді әке-шешеңнің қандай баласымын деп ойлайсың, оны
3-градусниктің бойынан кӛрсет.
Есте сақтау қабілет деңгейін анықтауға:
1. Қысқа есте сақтауды зерттеу үшін «10 сӛз» әдістемесін
пайдаланамыз. Берілетін нұсқауы:
Мен сендерге қазір 10 баланың атын оқимын. Ал сендер оны
есте сақтап, оқып болғаннан кейін жазасыңдар. Орналасу ретін
сақтау міндетті емес.
15
Ұсынылатын сӛздердің жиыны:
а) Анара, Болат, Қанат, Максим, Руслан, Дәурен, Ақгүл,
Жасмин, Динара, Айгүл.
ә) алма, қалам, үйрек, найзағай, кітап, бақша, ыдыс, піл, қол,
терезе.
Қысқа есте сақтау қабілет кӛлемі қалыпты деңгейде болған
уақытта оқушы 6 сӛзден кем жазбауы тиісті.
2. Мағынасы бойынша есте сақтау. «Сӛз жұптары» әдістемесі.
Берілетін нұсқауы:
Қазір мен сендерге 10 жұп сӛз оқимын, ол сӛз жұптары бір
бірімен мағыналары арқылы байланыста, сендер дұрыстап
тыңдап отырыңдар. Болғаннан кейін мен бірінші жартысын
оқимын, ал сендер екінші жартысын естеріңе түсіріп дәптерге
жазасыңдар. Мысалы «қалам – дәптер», байланысты ма? Екінші
рет оқығанда мен «қалам» деймін, ал сендер «дәптер» деп жұбын
жазасыңдар.
Ұсынылатын сӛз жұптары:
Мектеп –оқушы
Аю – тоғай
Кӛпір - ӛзен
Сағат – уақыт
Су - шелек
Үстел – тамақ
Тақта – бор
Күз - жапырақ
Дүкен – орамал
Автобус – жолаушы
Егер 10 жұп сӛздің 6-ы дұрыс жазылса, оқушының мағынасы
бойынша есте сақтауы қанағаттанарлық деңгейде деуге болады.
«Сабақтың соңында «Балалар біз сендермен бүгін басқа
планетаға сапарға шығып, ондағы инопланетяндардың ӛмірін
кӛрдік, солар сияқты ӛзіміз сабақ кестесін жасап, ӛзімізді
бағалап, есте ақтау қабілетімізді тексеріп байқадық. Енді жерге
оралайық».
Релаксация жаттығуы: «Кӛзімізді жұмып мұрнымызбен терең
дем аламыз да аузымызбен шарашағанымызды сыртқа шығара-
мыз (2-рет). Барлығымыз зымыранға отырдық. Планета иелеріне
16
қол бұлғадық. Біз зымыранмен (ракетамен) ұшып шықтық.
Аспанда жұлдыздар жарқырып бізге жақсылық тілеп тұр. Жерге
жақындадық (үзіліс), қондық. Сендерді ата-аналарың, жақын
дос-жарандарың қарсы алып тұр. Олар ӛте қуанышты. Бізде
қуаныштымыз. Сәлем саған туған жер!
Бір - екі, кӛзімізді ашамыз. Сапарымыз ұнады ма?
2-сағат. Ойлаудың логикалық операциясын игеру дәрежесін
анықтауға бағытталған әдістемелер
1. Негізгі ойды айыра білу. (2-3 минут)
Нұсқау: «Жақшаның ішінде 5 сӛз және жақшаның алдында
бір сӛз берілген. Жақшаның ішіндегі сӛздердің қайсысы
жақшаның алдындағы сӛзбен негізгі байланыста болып тұр, сол 2
сӛзді тауып астын сызыңдар».
Мысалы: Бақ (ӛсімдік, бақша күзетшісі, ит, қоршау, жер).
Куб (бұрыштар, сызу, қабырғалар, тас, ағаш).
Оқу (кӛз, кітап, сурет, баспа әрпі, сӛз).
Ойын (шахмат, ойыншылар, ұпай, ойын ережесі, жаза).
Спорт (медаль, оркестр, жарыс, жеңіс, стадион).
Соғыс (аэроплан, зеңбірек, қақтығыс, әскерлер, қарулар).
2. Салыстыру.
Берілген екі сӛзді салыстырып, бағанның сол жағына
ұқсастықтарын, оң жағына айырмашылықтарын жаз (1 жұп сӛзге 4
минут беріледі).
Кітап – дәптер
3. Классификация.
Берілген екі сӛздің ортақ қандай байланысы бар соны
анықта. Қатарына жаз (3-4минут). 5 жұп сӛз беріледі:
Жаңбыр – бұршақ.
Тарих – табиғаттану.
Сатқындық – қорқақтық.
Мектеп – мұғалім.
Қосынды – кӛбейтінді.
4. Қорытындылау. Қорытындылай алу икемділіктерімен, ұғым-
дарды салыстыра алу дағдысын байқау (5 тапсырма – 3 минут).
17
Нұсқау: Берілген 5 сӛздің 4-еуі ортақ бір мағынамен
байланысты, ал 5-сӛздің байланысы жоқ. Сол сӛзді тауып сызып
тастаңдар.
1.
жаңбыр, қар, ағаш, шық, бұршақ.
2.
үшбұрыш, кесінді, ұзындық, квадрат, дӛңгелек.
3.
үтір, нүкте, қос нүкте, сызықша, жалғау.
4.
Асан, Мирас, Сапарғалиұлы, Аслан, Дулат.
5.
сүт, ірімшік, қаймақ, ет, май.
5. Анаграмма.
Ілімдік сараптама жасау қабілеттерін анықтау.
Нұсқау: «Адасқан әріптерді орындарына қойып, жасырынған
сӛздерді тап».
А) ШАЛА Ә) ҚААБ Б) ТАНАСА В) ЯНОҚ
Г) ДЫҚНЫРО Д) ДИТЕРК
(алша), (бақа), (Астана), (қоян), (орындық), (кредит).
Оқушылар қорытынды бойынша екіге бӛлінеді.
1-топ - әр тапсырманы жаңа есеп шешкендей шешеді. Олар
ілімдік сараптама жасай алмайтын балалар.
2-топ – ортақ заңдылықты түсініп, жауабын тез табады.
6. Ассоциативті эксперимент «Сӛздер». Берілген сӛздерге
неғұрлым кӛп сӛздер жазыңдар (бір сӛзге 2 минуттан беріледі).
Тест сӛздері:
мектеп мама мұғалім
Тапсырмалардың жинағы уақыт бойынша былай көрінеді:
1-сағат (45 минуттық сабақ)
Дайындалу (аты, жӛнін, ӛткізілген күнін жазу) - 5 минут
социометрия – 15 минут
мұғалімге деген үрей деңгейін анықтауға – 5 минут
ӛзін бағалауы – 5 минут
есте сақтау -14 минут
релаксация –1-3 минут
2-сағат (40-45 минут)
ұйымдастыру сәті – 5 минут
18
негізгі ойды айыра білу – 5 минут
салыстыру -5 минут
қорытындылау – 5 минут
классификация – 5 минут
анаграмма – 6 минут
сӛздер – 6 минут
жұмысты аяқтау, жинау – 3 минут.
В.СТЕФАНСОННЫҢ «Q-СҰРЫПТАУ»
ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Жеке тұлғаның ӛзі жӛніндегі кӛзқарас және тобына
қатысты мінез-құлық тенденцияларын диагностикалау. Бұл
әдістеме жеке тұлғаның ӛз тобына қатысты байқалатын алты
негізгі мінез-құлық тенденциясын айқындауға арналған:
тәуелділік, тәуелсіздік, қарым-қатынасшылдық, қарым-қатынасы
қиын, «күресуге» қабілетті, «күрестен» қашу.
Нұсқау:
Зерттеушілерге
жеке-жеке
қорытындылаған
тұжырымдамалар беріледі. Егер тұжырымдама зерттеушінің
нақты топ мүшесі ретінде ӛзі жӛніндегі кӛзқарасымен сәйкес
келетін болса, «ия» деген жауап беріледі, ал сәйкес келмейтін
болса, «жоқ» деген жауап беріледі. Кейде қажет болған ғана
«күмәнданамын» деген жауап рұқсат етіледі. Ұсынылатын
барлық 60 тұжырымдамаға жауап беріледі.
1.
Құрбыларына сыншыл келеді.
2.
Топта келіспеушілік туындаған жағдайда үрейленеді.
3.
Лидердің кеңесін орындауға бейім.
4.
Достармен ӛте жақын қарым-қатынас құруға икемсіз.
5.
Топта достықтың болғанын қалайды.
6.
Лидерге қарсылық тудыруға бейім.
7.
Топтың бір – екі мүшесіне симпатия сезінеді.
8.
Топта ӛтетін кездесу жиындарға қатыспауға тырысады.
9.
Лидердің мадақтауын ұнатады.
10.
Ӛзі ой-пікірінде, жүріс-тұрысы манерасында тәуелсіз.
11.
Ұрыс – керістен бір жаққа шығуға дайын.
12.
Құрбыларының арасында басқаруға бейім.
13.
Бір-екі досымен қарым-қатынас жасағанына қуанады.
19
14.
Топ мүшелері ӛшпенділік танытқанда сыртқы түрі сыр
білдірмейді.
15.
Ӛз тобының кӛңіл-күйін түсіруге тырысады.
16.
Топ мүшелерінің жеке сапаларына аса мән бермейді.
17.
Топта оның мақсатынан бұруға бейім.
18.
Ӛзін лидерге қарсы қоя отырып, жаны жай табады.
19.
Топтың кейбір мүшелерімен жақындасқысы келеді.
20.
Ұрыс-керісте бейтараптылық танытады.
21.
Лидердің белсенді болып, топты жақсы басқарғанын
ұнатады.
22.
Қарама-қайшылыққа салқын қарап, талқылағанды қалайды.
23.
Сезімдерін білдіруде ұстамдылығы жеткіліксіз.
24.
Ӛз айналасына бір пікірлес адамдарды жинауға тырысады.
25.
Ӛте формалы қарым-қатынасқа риза болмайды.
26.
Оны кінәлап жатса, есінен айырылып, үндемей қалады.
27.
Топтағы негізгі бағыттармен келісуді қалайды.
28.
Белгілі бір құрбыларына қарағанда, тұтас топқа жақындық
сезінеді.
29.
Ұрыс-керісті созып, ӛршітуге бейім.
30.
Назар орталығында болуға тырысады.
31.
Кіші топшаның мүшесі болғысы келеді.
32.
Ымыраға келуге бейім.
33.
Лидер оның күткен үмітіне қайшы әрекет етсе, іштей
мазасызданады.
34.
Құрбыларының ескертулерін ауыр қабылдайды.
35.
Зұлым, қу, жағымпаз болуы мүмкін.
36.
Топта басшылықты ӛз мойнына алуға бейім.
37.
Топ алдында ашық мінезді.
38.
Жалпы топтық қарама-қайшылық туған жағдайда
мазасызданады.
39.
Лидер белгілі бір жұмысты жоспарлауда жауапкершілік
міндетті ӛзіне алғанды қалайды.
40.
Біреу жылы шырай танытса, жауап беруге тырыспайды.
41.
Құрбыларына ренжіп қалуға бейім.
42.
Басқаларды лидерге қарсы қоюға тырысады.
43.
Тобынан тыс жерде тез таныс табады.
44.
Ұрыс-керіске жақын болудан қашқақтайды.
45.
Топтың басқа мүшелерінің ұсыныстарымен тез келісіп
кетеді.
20
46.
Топтағы пікірталастарды ойлауда қарсылық білдіреді.
47.
Қатты қозу кезінде, күлкілі, аумалы-тӛкпелі мінез
танытады.
48.
Топтан бӛлгісі келген топ мүшесін жек кӛру сезімі
туындайды.
49.
Мүшелері бір-бірімен сырлас, жақын келетін кіші топты
қалайды.
50.
Ӛзінің шын сезімдерін кӛрсетпеуге тырысады.
51.
Топтағы қарама-қайшылық кезінде лидер жағына
шығады.
52.
Қарым-қатынаста
байланыс
құруда
ынталылық
танытады.
53.
Құрбыларына сын айтудан қашады.
54.
Топтың басқа мүшелеріне қарағанда лидермен жиі
қарым-қатынас жасауға тырысады.
55.
Топтағы қарым-қатынастың фамильярлы болғанын
ұнатпайды.
56.
Ұрыс-керіс болғанын ұнатпайды.
57.
Топта ӛзін-ӛзі жоғары қалыпта ұстауға тырысады.
58.
Құрбыларының қарым-қатынасына араласып, бұзуға бейім.
59.
Бұзақылық қасиет тән.
60.
Лидерге наразылық танытуға бейім.
Қорытындылау
«Ия» жауабына «+» белгісі, «жоқ» жауабына «-» белгісі
қойылады. 3-4 жерде «күмәнданамын» жауабы кездессе, ол
шешімсіздіктің астенияның белгісі.
1.
Тәуелділік: 3, 9, 15, 2, 27, 33, 45, 51, 54.
2.
Тәуелсіздік: 6, 12, 18, 24, 30, 36, 42, 48, 57, 60.
3.
Қарым – қатынасшылдық: 5,7,13,19,25,31,37,43,49,52.
4.
Қарым – қатынасы қиын: 4, 10,16, 22, 28, 34, 40, 55, 58.
5.
«Күресуге» қабілетті: 1, 2, 17, 23, 29, 35, 41, 47, 56, 59.
6.
«Күрестен» қашу: 2, 8, 14, 20, 26, 32, 38, 44, 50, 53.
Тәуелділік тенденциясы – индивидтің топтың әлеуметтік-
моральдық, этикалық бағалылықтардың қабылдауға іштей
тырысуы. Қарым-қатынасы қиын тенденциясы – индивидтің топ
мүшелерімен және топтан тыс адамдармен эмоционалды
байланыс құруға тырысуы. «Күресуге» қабілеттілік тенденциясы –
индивидтің топтық ӛмірге қатысуға, тұлғааралық қарым-қатынас
21
жүйесінде жоғары статусқа жетуге белсенді түрде тырысуы. Бұл
тенденцияға қарама-қарсы «күрестен» қашу тенденциясына -
ӛзара іс-әрекеттен қашуға тырысу, топта қарама-қайшылық,
келіспеушілік туған жағдайда бейтарап болып қалуды білдіреді.
Егер әр тенденциялар жұбындағы (мысалы, тәуелсіздік -
тәуелділік) «+» белгілерінің саны 20-ға жақындаса, сол индивид
бойында жоғары деңгейде кездесетінін білдіреді.
ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПІН АНЫҚТАУ
Әдістеменің жүргізілу барысы:
Нұсқау: «Тӛртке бӛлініп кестеге назар аударып оқыңыздар.
Ӛзіңіздің күнделікті тәртібінізге сай келетін тұжырымды
белгілеңіз. Жауап берерде кӛп ойланбаңыз, оқығаннан алған
әсеріңізге кӛңіл аударыңыз».
Кесте 1
Сұрақтар
№1
Сангвиник
1
Бір орында отыра алмайсыз
2
Ӛзіңізді-ӛзіңіз ұстай алмайсыз, тез ашуланасыз
3
Шыдамсызсыз
4
Адамдармен қатынаста тік және ӛткірсіз
5
Батыл және бастамашылсыз
6
Қасарысқансыз
7
Бәстескенде тапқырсыз
8
Жұмыста тыңғылықты емессіз
9
Тәуекелге батылсыз
10
Кек сақтамайсыз және ренжігіш емессіз
11
Сӛз сӛйлеу мәнеріңіз шапшаң
12
Салмақты емессіз, қызба мінездісіз
13
Агрессивтісіз
14
Басқалардың кемшіліктеріне шыдамсыздық танытасыз
15
Мимикаңыз мәнерлі
16
Тез әрекет етіп шешім қабылдай аласыз
17
Әрдайым жаңалыққа талпынасыз
18
Қимылыңыз кенет және шұғыл
19
Алға қойған мақсатқа жетуде табандылығыныз мол
20
Кӛңіл-күйініз шұғыл ӛзгереді
22
Кесте 2
№2
Холерик
1
Кӛңілді және ӛмірге ризасыз
2
Жігерлі және іскерсіз
3
Басталған істі соңына дейін жиі аяқтайсыз
4
Кӛңіл-күйініз тез ӛзгергіш
5
Жаңаны тез қабылдауға бейімсіз
6
Қызығушылық пен бейімге тұрақты емессіз
7
Сәтсіздікті жиі бастан кешіресіз
8
Жаңа жағдайға жеңіл бейімделесіз
9
Жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз
10
Егер жұмыс қызықтырмаса тез суып қаласыз
11
Жаңа жұмысқа тез кірісесіз және бір жұмыстан екінші
жұмысқа тез ауысасыз
12
Күнделікті біріспетті еңбектің кӛп керек ететін жұмыс
қиналдырады
13
Кӛпшіл және қайырымдысыз, жаңа адамдармен тез тіл
табысасыз
14
Тӛзімді және еңбекқорсыз
15
Даусыңыз қатты, сӛзіңіз шапшаң
16
Күтпеген қйын жағдайда ӛз-ӛзіңізді ұстай аласыз
17
Кӛңіл-күйіңіз әрқашан кӛтерінкі
18
Тез ұйықтап, тез оянасыз
19
Кӛп жағдайда жинақты емессіз шешім қабылдауда асығыстық
кӛрсетесіз
20
Кей жағдайда үстірт сырғып кӛңілсіз басқаға ауып отырады
Кесте 3
№3
Флегматик
1
Салмақты және сақын қандысыз
2
Жұмыста бір және тынғылықтысыз
3
Сақ және пайымдағышсыз
4
Күте аласыз
5
Кӛп сӛйлемейсіз және бос сӛйлеуді ұнатпайсыз
6
Сӛзіңіз байсалды, салмақты, баппен сӛйлейсіз, эмоцияңыз
бен мимикаңыз бет әлпетіңізден бірден біліне қоймайды
7
Шыдамды және тӛзімді
8
Басталған істі соңына дейін аяқтайсыз
23
9
Бостан босқа күш жұмсамайсыз
10
Ӛмірде қатаң тәртіпті жұмысыңызда жүйелікті ұстанасыз
11
Екпініңізді жеңіл ұстайсыз
12
Мақұлдау мен ескертуді керек етпейсіз
13
Ӛзінізге бағытталған қыңыр сӛздерге шыдамдысыз
14
Қарым-қатынас пен қызығушылықта тұрақтысыз
15
Жұмысқа ақырын қосыласыз, 1 жұмыстан 2 жұмысқа
ақырын ауысасыз
16
Бәрімен қарым-қатынаста теңсіз
17
Барлық жағдайда ұқыптылық пен тәртіпті жақсы кӛресіз
18
Жаңа жағдайға қиындықпен бейімделесіз
19
Жігерсіз, боссыз
20
Шыдамдысыз
Кесте 4
№4
Меланхолик
1
Ұялшақ және ұяң
2
Жаңа ортаға тез бейімделмейсіз
3
Жаңа адамдармен қарым қатынас орнатуға ұяласыз
4
Ӛз күшінізге сенбейсіз
5
Жалғыздықты бастан жеңіл кешіресіз
6
Сәтсіздікте басылып сасқалақтап қаласыз
7
Оңаша қалғыңыз келеді
8
Тез шаршайсыз
9
Салмақты тыныш сӛйлейсіз
10 Еріксіз сӛйлеушінің кӛңіл-күйіне бейімделесіз
11 Сезімталсыз
12 Мақұлдау мен ескертуге аса сезімталсыз
13 Ӛзіңізге және қоршағандарға жоғары талап қоясыз
14 Күдіктенуге жақынсыз
15 Аса сезімталсыз және жүрегініз тез жараланады
16 Аса ренжігішсіз
17 Жасырын және кӛпшіл емессіз, ӛз пікіріңізбен бӛліспейсіз
18 Белсенді емессіз және ұяңсыз
19 Сӛзсіз бағынасыз
20 Қоршаған адамның кӛмегімен жан ашуын туғызуға тырысасыз
24
Сұрақтарға мұқият жауап алып нәтижесін анықтап график
және кесте түрінде бейнелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |