Объемными блоками называют крупные железобетонные коробки, представляющие отдельные помещения или квартиры и изготовляемые в заводских условиях (рис. 13. 1)



бет4/7
Дата18.10.2022
өлшемі1,64 Mb.
#43739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ББҰАП

1917-1932 ж. – кеңестік сәулеттің қалыптасу кезеңі.
1933-1941 ж. – соғыс алдындағы кезең сәулеті.
1945-1950 ж. басы – қалпына келтіру кезеңіндегі сәулет.
Кеңестік сәулеттің соңғы даму кезеңі – 1950 ж. ортасы – 1991ж. деп төрт кезеңге бөлуге болады.

1920 жылы бірінші жартысында жұмысшыларға арналған ұтымды тұрғын үй тұжырымдамасы қалыптасады. Л. А. Серк төрт, бес қабатты көп пәтерлі бөлікті тұрғын үй түрлерін ұсынды. Осы жылдары кешенді аудандық тұрғын үй құрылысының тұжырымдамасы қалыптасады. Тұрғын үйлермен қатар: мектептер, балалар мекемесі, фабрика-ас үйлер, ауруханалар, әмбебап дүкендер және клубтар сияқты мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын да қамтыды.


Тұрғын үйдің жаңа түрлері идеясы кеңестік үкіметтің алғашқы жылдарында туған коммуна-үйлер болды. Мысалы: студенттер үйі-коммуна (1929-1930 ж., И. Николаев).

Жалпы осы уақыттың кеңестік сәулетіне табиғатпен байланыс, адамға қатысты мөлшерлестік, композиция тұтастығы, жасампаз сипат тән. Тұрғын үй құрылысы құрылысты едәуір жеделдеткен типтік бөліктер мен құрама элементтер негізінде құрылды. Стандартты құрылыс бөлшектерін өндіру үшін 1936 жылдан бастап Мәскеу мен Ленинградта темірбетон конструкциялар зауыты салынады.


Жаңа озық конструкциялар, темір бетон кеңінен пайдаланылады.
1950 жылдың соңы – 1960 жылдың басында озық құрылыс технологиясының жаңа әдістері әзірленеді. Ірі панельді ғимараттарды «дөңгелектен», қатпарсыз жинақтау құрылысты едәуір қарқындатты. Бұл әдіс қала орталықтарында қалыптасқан құрылыс жағдайында тиімді болып шықты. Құрылыс технологиясында ерекше перспективалар қабаттарды көтеру және тайғанақ және жылжымалы қалыпта ғимаратты тұтасқұйма темір бетоннан тұрғызу әдісін
ашты. Алғаш рет бұл әдіс 1959 жылы Ленинградтағы 4 қабатты тұрғын үй салуда пайдаланылды.
Бірыңғай темір бетон бұйымдар мен конструкциялардың Ортақ каталогы негізінде тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ғимараттар, инженерлік имараттар тұрғызылды. Кеңестік қала құрылысы негізінде халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі салынған. Ел сәулетшілерінің алдына қойған маңызды міндеті – жұмыс, тұрмыс пен демалыстың қолайлы жағдайын жасауда құрылыс кешенділігін қамтамасыз ету.

1970 жылы қала құрылысы қызметінде Ұлы Отан соғысының батырларына арналған мемориалды имараттар маңызды орын алды:


Пискарев зираты, Брест қамалы, Волгоградтағы Мамай қорғаны және басқа қалалардағы сәулеттік-мүсін кешендері. 1970-1980 жылдары миллион халқы бар қалаларда метрополитен құрылысы басталды.
1980 ж. соңы – 1990 жылдың басында постмодерн ықпалымен композициясында қалыптан тыс ұлғайған символикасы бар жобалар кездеседі. Бұған сәулетшілер В. Кубасов пен Р. Фаерштейннің Севильдегі «Экспо-92» ұсынған кеңестік павильонындағы он екі метрлік павильон үстіне кергіште орнатылған орақ пен балғаның 32 метрлік композициясы мысал бола алады.
Жалпы кеңестік кезеңдегі орыс сәулетіне композиция тұтастығы, адамға қатысты мөлшерлестік, өмірді гүлдендіретін көрініс тән.

Капиталистік елдердегі қала құрылысы мен сәулеті. XIX - XX ғасырдағы қала құрылысының даму сатысы.


1. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қала құрылысы.


2. Эклектизм
3. Модерн стилі.
4. Функционализм
5. ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басындағы АҚШ сәулеті

Капиталистік құрылыс Батыс Еуропа елдерінде 15 – 16 ғасырларда пайда болды. Капиталистік қатынастар тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісінің жіктелуіне байланысты қалыптаса бастады. Өнеркәсіп өндірісі оқшауланып экономика саласына айналды, тауар айырбасы кеңейіп, күрделілене түсті, соның нәтижесінде ақша мен сауда пайда болды. Бұл екеуі ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырланды, сөйтіп ақша капиталға, пайда табу құралына айналды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады. 18 – 19 ғасырларда өндірістік капитализм қалыптасып, классикалық эконономика теория негіздері қаланды. Оның белгілері мен ұстанымдары:



  • 1) негізгі құрал-жабдық жеке меншік түрінде буржуазияның қолында болады;

  • 2) жұмыскерлер құрал-жабдықтан айырылған, олардың тек құқықтық бостандықтары ғана бар, сол себептен олар капитал иелеріне жұмыс күшін сатып, еңбек ақы алады;

  • 3) өндірістің мақсаты – пайда алу, ол өндірістің негізгі қозғаушы күші болып саналады;

  • 4) кәсіпорындар капиталистердің жеке меншігінде болады;

  • 5) кәсіпорынды капиталистің өзі басқарады;

  • 6) өндірушілер бытыраңқы, рыноктың қажеттілігі белгісіз, өндірістің негізгі демеушісі – еркін бәсеке;

  • 7) өндірісті құн заңы реттейді;

8) өндіріс капиталистері – орташа пайдаға ие болады, сауда капиталистері – сауда пайдасын, несие капиталистері – несие пайызын алады. Классикалық капитализм еркін бәсекелі экон. құрылымға жатады. Онда өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі, бір жағынан, мыңдаған ұсақ және орташа өндірушілер, екінші жағынан, көптеген жеке тұтынушылар арасындағы еркін бәсеке арқылы қалыптасты. Ал мемлекет тек “ойын тәртібін” белгілеп, оны бақылап отырды. Өндіріске қажет қаржы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде капиталистік бірлестіктер пайда болды, бәсеке күшейіп, өндіріс пен капитал шоғырланды, қоғамда монополиялық үстемдік орнады.

Эклектизм. «Эклектика» өнері зерттеуші мағынада – әртүрлі стильдер мен тәсілдердің механикалық араласуы. Эклектизм кезеңінде ешқандай сәулеттік жаңалықтар болған жоқ. Сәулеттік имараттарда антикалық, романдық, готикалық және әр дәуірдің түрлі мотивтері басым болды. Осылайша пайда болған эклектизм салтанаттылық пен әдемілікке талпынудан тұратын ХІХ ғасыр соңындағы қоғамның негізгі талаптарының бірін орындады.


Эклектикалық өңдеудің шұбарлығымен пайдалы үйлер, банктер, вокзалдардың қасбеттері ерекшеленді. Эклектизмде сәулетшілер композициялық тәсілдер мен пішіндерді еркін таңдауға, жаңа стильді іздеуге әрекет жасады. Жоғары көркемдік деңгейге жеткен осындай құрылыстар Еуропаның барлық ірі қалаларында ХІХ ғасырдың
соңында пайда болған тұтас сәулеттік кешендер мен қаланың жаңа тұрғын бөліктеріне тән.
Өткен пішіндерден жаңаны іздеу сәулеттің тұйық даму жолына, функция мен сәулеттік кескін арасындағы байланыстың бұзылуына әкелді. Тарихи стильге қатысты жалпы жүйелі құрылым қағидаларымен байланыспайтын тарихи пішіндерді еркін пайдалану ХІХ ғасырдың стильдік сұлбаларынан босау талпынысының алғаш
рет көрінуі және сәулеттің жаңа көркемдік концепцияларына шарасыз ауысу кезеңі болды.

Модерн. ХІХ ғасырдың 90-жылдарының басында Бельгия, Франция, Голландия, Австрия, Германияда эклектикаға реакция ретінде бір мезгілде әлемдік өнерде тарихи сабақтастықты үзген жаңа стиль –модерн (фр. – заманауи) пайда болды. Модернге:


• бір қалыпты сызықтардың қарапайым мәнерлілігі:
қабырғалардың иілісі, бөлшектер, терезелер, есіктердің күрделі сызықтық кескіні;
• симметриялы және классикалық ордерлік пішіндерден босау;
• түс шешімдердің көркемділігі, пішіндердің силуэттілігі, қасбеттерді безендіруде өсімдік пішініндегі өрнектер, қыш
панно қолдану, жаңа құрылыс және өңдеу материалдарын пайдалану: бетон, болат және т.б.;
• қисық сызықты пішіндер интерьерінде, бөлме кеңістігі, ашық баспалдақтар, металл керегетор жатты.
Сәулет пен қолданбалы өнерде модерн стилінің пайда болуы ықпалы Еуропаның барлық елдеріне тараған «Өнер және қолөнер» (1883 ж.) қоғам негізімен байланысты. Модерн әдісі көбінесе, ХІХ ғасыр ортасында ағылшын суретшілері мен теоретиктері Д.Рескин мен У. Моррис ұсынған теориялық позицияларға негізделді. Олар
өнердің құлдырау себептерінің бірін өнімді машинамен өндіру нәтижесінде талғам мен шеберліктің жойылуынан көрді. Халық шеберлігін жаңартуға талпына отырып, Уильям Морис (1834-1896 ж.) машина өндірісіне шығармашылық қолөнерді қарсы қойып, жиһаз және тұрмыстық заттар дайындайтын шеберхана ұйымдастырды.
Халық шеберлігінің идеялары, ғимараттың функционалдық ерекшеліктері жалпы композицияны қамтамасыз еткен алғашқы үлгілердің бірі Морриске «Ред-хауз» (1859 ж.) жекежай салған сәулетші Ф.Уэббаны да шабыттандырды. Қабырғалардың дәстүрлі әшекейінің орнына ол қарапайым кірпіш қаптаманы қолданды. Бір қалыпты сызықтар, әдейі ассиметрия, жалпы көркемділік сәнді композиция академизміне қарсы қойылды.
«Өнер және қолөнер» қозғалысы ағылшын сәулетінде ХХ ғасыр модерніне жақын жаңа конструктивтік эстетиканы таратқан Ч. Макинтош еңбектерімен сәулет және қолданбалы өнер шыңына жетті. Оның ең әйгілі еңбектері Кенстон шай ғимараты (1907-1911 ж.) және Глазгодағы көркем-өнеркәсіптік мектеп (1897-1899 ж.) болып табылады.
Еуропаның әртүрлі елдерінде модерн стилінің ортақ белгілері болған кезде әртүрлі стилистикалық ерекшеліктер туды. Стиль атауы әртүрлі: Ресейде – модерн немесе Рюсс стилі, Францияда – Артнуово (жаңа өнер), Германияда – Югендстиль (жастар стилі), Австрия мен Польшада – Сецессия (раскол) болды. Бұл стильдің пайда
болуы баспада оның қолдаушыларының белсенді мақалаларымен қоса жүрді. Бұл бағытты жариялайтын және эклектизмді сынайтын жаңа журналдар жарық көреді. Сәулеттің жаңа концепциясын шығаруда Г. Земпер, Э. Виоле ле Дюк алға шығады.
Бұл стиль Франция, Бельгия және Голландияда кеңінен тарады. Сәулетте жаңа стиль идеологтары Б. Орта және Германияда еңбек еткен бельгиялық Ван де Вельде болды. Вельде интерьерден бастап әшекейге дейін адамды қоршағанның барлығын жобалады. Ол қанық әдемі пішіндерді жасауға, оның элементтерін дөңгелектеуге
және бір қалыпты қисыққа әуес болды.

Функционализм. ХХ ғасыр басында озық еуропалық сәулетшілердің ізденістері тиімді пішіндерді іздеуге және сәулеттегі декоративизмнен бас тартуға бағытталған. 1920 жылы Веймар қаласында Вальтер Гропиус негізін құрған көркемдік-өнеркәсіптік училище Баухаузда сәулеттегі жаңа ағым функционализм пайда болады. Функционализм техника мен өнер синтезі идеясын қазіргі пішіннің қалыптасу негізімен жариялады. Ол ғимараттың конструктивтік, көлемді-кеңістіктік және көркемдікшешімінің өндірістік және тұрмыстық үдерістермен (имарат функциялары) қатаң сәйкестігін талап етті.


Функционализмнің жетекші сәулетшілері өз бағытының қағидаларын белсенді насихаттады. Оның саналы көшбасшылары -ХХ ғасырдың бірінші жартысының ірі сәулетшілері В.Гропиус және Ле Корбьюзе. Бұл бағыттың өкілдері: неміс Петер Беренс (1861-1940 ж.), австриялықтар Отто Вагнер (1841-1954 ж.) және Адольф Лоос
(1870-1933 ж.), француздар (Огюст Перре (1874-1954 ж.) және ТониГарнье (1869-1948 ж.) болды.
Функционализм көшбасшыларының бірі – неміс сәулетшісі Людвиг Мис ван дер Роэ кеңістіктің жаңа тұжырымдамасын ұсынды:
қабырға – бағынбайтын элемент, ішкі кеңістікті қоршаған ортамен байланыстыра отырып, дербес мәнге ие болады.
Адольф Лаос ірі практик және полемист, ол боямасыз және ықшамды пішінді қолдап, сәулеттегі әшекейді түгелімен жоққа шығарады. Оның Венадағы пуритандық қарапайым және жарасымды Стейнер үйі – 1920-1930 жылдардағы функционалистік композицияның бастамасы.
Ғимарат қасбеттері қарапайым геометриялық пішіндерде шешілді, қаңқа құны бір уақытта айқындалды. Бұл көріністе темірбетон қаңқа қабырғамен үйіп тасталмаған үлкен кеңістіктер жасауға, конструкцияларды бір ізге салуға, құрылыс қарқынын жылдамдатуға мүмкіндік берді. Темірбетон қаңқа металл қаңқамен салыстырғанда арзандау және металдың «қажуы» сияқты жағымсыз факторы жоқ.
Сәулетте рационалистік үрдістің дамуымен қоса темірбетон пішіндер сәулетшілердің назарын көбірек аударады. Алғашқыда ол өнеркәсіптік және қойма құрылысында, сондай-ақ көпір құрылысында пайдаланылды (Инн өзені арқылы көпір, 1901 ж., Рейн өзені арқылы көпір, 1905 ж. Сәулетшісі Р. Майер). Темірбетоннан алғашқы азаматтық құрылыстардың бірі - Париждегі Сен-Жан де Монмартр, 1884 ж., сәулетшісі Анатоль де Бодо. 1903 жылы ағайынды Перрелер алғаш рет көп қабатты тұрғын үй құрылысына темірбетон пайдаланады.

ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басындағы АҚШ сәулеті. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы өнеркәсіптік өзгеріс, бірінші ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңі. Осыған байланысты фабрикалар, зауыттар, вокзалдар сияқты ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туады.


Капитализмнің бастапқыда сәулеттік тәсілдері болмаған. Алғашқы техникалық және әлеуметтік жетістіктерді және өзінің қуаттылығын өткеннің сәулеттік пішіндерінің көмегімен көрсетуге тырысты. Дегенмен, елде сәулеттің қолайлы бабын табуда эклектизм кеңінен тарамады. ХІХ ғасырдың ортасында-ақ ғимараттардың функционалдық тағайындалуымен қамтамасыз етілген рационалистік тенденциялар байқала бастайды. Құрылыстың жылдам шапшаңдығы және оның масштабтылығы стандарттау және құрамалық қағидаларының жылдам дамуына, металдың қаңқада пайдаланылуына мүмкіндік берді. Металл қаңқамен жұмыс істеу практикасы алғашқы көп қабатты үйлердің құрылысының басталуына негіз болды.
Еуропа қалаларында сияқты АҚШ-та да қала құрылысы кең өріс алды. Нью-Йоркте іскери әлемнің шоғырлануының күрделі идеясы сансыз көп қабатты үйлерден тұратын тікбұрышты қала бөліктеріне бөлінген Манхеттен аралының орталық бөлігінің құрылысынан көрініс табады. Тікбұрышты торға кейіннен диагональ магистальдар қосылды. Биік және көп қабатты үйлер тұрғызу қалалардың іскери__ орталықтар қолайлылығының артуына және құрылысқа арналған жер құнының қымбаттауына байланысты өріс алды.
ХІХ ғасырдың соңында елдің экономикалық өмірінің орталығы Чикаго болады. Осы жерде «Чикаго мектебі» сәулетінің – қазіргі сәулет пайда болғанға дейінгі айқын кезеңдерінің негізі қаланды. Оның бастапқы кезеңін Чикагоны түгелімен жойған 1871 жылғы өртпен байланыстырады. Бұл мектептің көшбасшысы Луис Салливен (1856-1924 ж.) болды. Ол өзінің еңбек жолын биік ғимараттарды жобалаумен айналысатын Адлер сәулеттік студиясында бастады. Ол Адлер – Салливен жобалау фирмасының алдына қойылған идея жаңалығын жете түсінді. Биік құрылыстың функционалдық және конструктивтік мәселелерін зерттеуге, жаңа нысандардың конструктивтік пішін қалыптастыру логикасын табу әрекетіне жобалаудан кем уақыт жұмсалған жоқ.
Чикагоны қалпына келтіруде өрттен кейін қаланы жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік беретін металл қаңқа қолданылды.
Құрылыс кезінде жер құны қымбаттағандықтан, үйлер көп қабатты етіп салынды. Көп қабатты құрылыстың дамуына лифт, металл қаңқа және ватер-клозет пайдалану мүмкіндігі туды. Көп қабатты үйлерді тұрғызумен ғимараттарды жобалау және салу кезінде есеп конструкторлық және құрылыс-технологиялық салалар едәуір
күрделенеді. Дәстүрлі сәулеттік мамандықтан дербес инженерлік-құрылыс мамандығы ерекшеленеді.
Сәулеттің даму арнасында көбінесе, функционализмге қарсы шығып, рационализмге еліктеген Ф. Л. Райт шығармашылығы (1869-1956 ж.) еді. Фрэнк Ллойд Райт 1887 жылдан бастап Адлер – Салливен фирмасында еңбек етті. 7 жыл ішінде ол пішін мен функцияның бірлігі туралы идеяны терең түсінді. 1894 жылы Райт тұрғын үй жобаларына тапсырыстармен айналыса бастады. Олар «шалғынды үйлер» деп аталады. Ол кейіннен «органикалық» сәулет тұжырымдамасына енгізген «кеңістік ағысы» қағидасын пайдаланды.
Ф. Л. Райт техниканың қазіргі жетістіктерін алғашқы қоныстанушылар жасаған американдық қала сыртындағы үйлердің дәстүрлі пішіндерімен, шеберлікпен біріктірді. Ол қазіргі сәулеттің маңызды қағидаларының бірінің негізін қалай отырып, функционалдықты ұғынуға бөлменің мақсатты орналастырылуы мен конструкцияны таңдауды ғана емес, сонымен қатар имараттың табиғатпен, климатпен, қалыптасқан дәстүрлермен және жергілікті құрылыс материалдарымен байланысын да енгізді.

Қайта Жаңғыру дәуіріндегі қала құрылысы мен сәулеті.


Капиталдың жиналуы мен капиталистік өндірістің дамуы буржуазиялық қатынастардың жылдам қалыптасуына және жаңа буржуазиялық мәдениеттің пайда болуына мүмкіндік туғызады.


ХV ғасырдың басына дейін Италия сәулетінде готикалық стиль басым болғанымен, жаңа, тиімді және ортағасырлық жабыңқылықтан айырылған сәулет имараттары өзгеріске ұшыраған қоғамдық қатынастармен үйлесім тапты.
«Қайта өрлеу» термині итальяндық кескіндемеші, мүсінші, сәулетші Джордж Вазариге тән. Ол дәуірдің басты жетістігі –антикалық мұраның жаңаруы деп есептеді. Италияда антикалық сәулет үлгілері өте көп сақталғандықтан, бұл кезеңде римдік дәстүрге бейімделу өрбиді.
Италияда Ренессанс сәулетінің даму үдерісі:
Ерте Қайта өрлеу - 420 жыл – ХV ғасырдың соңына дейін;
Жоғары Қайта өрлеу - ХV ғасырдың соңы, ХVІ ғасырдың 1-жартысы;
Кейінгі Қайта өрлеу, классицизмнің пайда болуы - ХVІ ғасырдың 2-жартысы;
Барокко - ХVІІ ғасыр болып шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет