Объемными блоками называют крупные железобетонные коробки, представляющие отдельные помещения или квартиры и изготовляемые в заводских условиях (рис. 13. 1)



бет5/7
Дата18.10.2022
өлшемі1,64 Mb.
#43739
1   2   3   4   5   6   7
Италияда Ерте Қайта өрлеу дәуірі
Жаңа тенденциялар готикаға төзіп және оны шығармашылықпен қайта өзгертіп белсенді бірлесіп әрекет қылады. ХV ғасырдың басында сауда, сонымен қатар ғылым мен мәдениеттің жылдам дамуына мүмкіндік беретін, сауда жолдарының қиылысында орналасқан Флоренция қала-республикасы жетекші мәдени орталыққа айналады.
Ерте Қайта өрлеу дәуірі сәулетінің ерекшеліктері
1. Реалистік өмір орнықтырушы сипат (антикалық ордерлік жүйені қолдану, имараттарда жер бетіндегі сезімдерді көрсету);
2. Ақсүйектерге арналған имараттар (Құрылыста азаматтық имараттар басты рөл атқарды: палаццо – ақсүйектердің қаладағы оңаша үйлері, қала сыртындағы виллалар, баспаналар, кітапханалар және басқа мәдени имараттар);
3. Антикалық үлгілерді зерттеу негізінде сәулет теориясы өркендей бастайды;
4. Жаңа құрылыс техникасының пайда болуы; техника және механикаландыру дамиды (блокты жүйемен көтергіш кран ойлап табылады);
5. Жебе тәрізді конструкциялардың орнын цилиндр тәрізді және төрттаған-күмбезді тоғыспалар, желкенді конструкциялар басады;
6. Композициясында готикалық стильдегі жоғары бағытталған тік емес, орталықтандырылған және перспективалы ұйымдастырылған көлденең басым болып келетін жаңа сәулет ансамбльдерін жасау.


Жоғары Қайта өрлеу дәуірі
ХV ғасырдың соңында Италия жаңа әлемдік жолдардан тыс қалды. Құрылыстыңдамуы үшін қажетті жағдайлар католик шіркеуінің астанасы Римде ғана болды. Папалық аула өз маңызын көрнекті сәнділікпен көтеруге тырысты. Діни имараттар құрылысы жетекші рөлде болады, сонымен саябақтар, бақтар мен қала сыртындағы виллалар сәулеті дамиды. Құрылысқа Италияның әртүрлі қалаларынан сәулетшілер шақырылады.
ХV ғасырдың соңында Римде шамамен 70 мың тұрғын ғана қалады. Қаланың қоныстанған бөліктері арасында антикалық құрылыстардың орнымен иен қалған жерлер созылып жатады. 1499 жылы Миланнан шақырылған Донато Браманте Римге келгендегі көрініс осындай болды.


Кейінгі Қайта өрлеу дәуірі
Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің жайлы үйлесім қалдықтары байқалады, готикалық мотивтері жанданып, пішіндердің мәнерлілігі күшейе түседі. Діни құрылыс күшейе түседі. Осы уақытта жалғасып жатқан Римдегі Әулие Петр соборының құрылысынан басқа өз кескінін түп-тамырымен өзгерткен жаңа шіркеулер тұрғызылады. Сәулетшілер діни ғимараттардың орталықтандырылған түрлерінен бас тартып, базиликке қайта оралады, сыртқы кескінде вертикализмге деген ұмтылыс пайда болады.
Білім, ғылымның құдіреттілігі алдында адамның өз қабілеттілігінен түңіледі. Жаңаның маңызды белгісі сәулеттің жоғары мәнерлілігі мен «мүсінділікті» іздеу болып табылады.
Әсіресе, бұл ұлы сәулетші және мүсінші Микеланджело Буанаротти шығармашылығында байқалады.
Кейінгі Қайта өрлеу сәулетіне екі бағыттың күресі:
• бірі болашақ барокконың шығармашылық негізін орнату;
• екіншісі, Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің желісін дамыта отырып, классицизм дәуірінің қалыптасуын дайындау тән.
Сәулетшілер қала билігінің тапсырыстарын ғана емес, көбінесе Римде өздеріне сарайлар мен қала сыртындағы виллалар тұрғызып жатқан шіркеу князьдарының, монастырлардың және ақсүйек феодалдардың тапсырыстарын орындады. Сонымен, қала сарайларынан сәулетшілер көрнекілікті іздесе, тапсырыс берушілер шамалы сымбаттылық пен айбындылықты талап етті, ал виллаларды үйлестіру тәсілінде басқаға, яғни тартымды, табиғатпен жақсы үйлесімде болатын кескінге қол жеткізуге тырысты. Сондықтан да қала сыртындағы сәулетте Жоғары Қайта өрлеу дәстүрлері сақталады, кейіннен стильдің өзгергендігі байқалады.
Барокко белгілері пайда бола бастағанда, ХVІ ғасырдың екінші жартысында Италияда сәулетшіліктің жаңа даму желісі Микеланджело шығармашылығында айқын көрініс табады.
Қайта өрлеу дәуірінің қала құрылысында «тамаша» қалалардың жобалары және алаңдар, саябақтар, қала ансамбльдері сияқты олардың элементтері жұмыстың негізгі нысандарына айналады. Шынайы қала құрылымында осы кезеңдегі қоғамның жіктелуі кедейлер тұратын қала бөліктері мен жеке сарай, діни ансамбльдерден тұратын құрылыстың ретсіздігі байқалды. Буржуазияны ортағасырдың қисық тар тұйық көшелері қанағаттандырмады. Ортағасыр қалаларының центрлес құрылымы мен римдік әскери
лагерьлердің тиімді формаларының синтезін қамтып көрсететін орталықтандырылған түрдегі қала идеясы туады. Тамаша қалалардың әлеуметтік құрылымының теориялық негізін Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты философ-утопистер құрады. Олардың «тамаша» қалалары көгал мен ауаға қанық. Қала демократиялық формация болып саналады, бірақ қала бөліктері орталықта ақсүйектердің сарайлары орналасқан таптық тиістілігіне қарай бөлінеді. Кейбір қалалар құрылысына 1593 жылы Пальма Нуова, сәулетші Скамоцци, Ливорно, сәулетші Сангалло және басқалар қатысты. Бұл қалалар сақталмағанымен, олардың жобалары қала ансамбльдерін негізін құруға себепкер болды.
ХVІ ғасырдың соңында: Джакомо Бороцци да Виньола, Андреа Палладио, Лион Батиста Альберти сынды бірнеше сәулетшітеоретиктер шықты.
Сәулеттің ғылыммен тығыз одағы ғылыми теорияның дамуында көрініс тапты. ХV ғасырда Витрувий трактатының жаңалығы сәулет бойынша теориялық еңбектер қатарын жазуға ынталандырды. Трактатта сәулет эстетикасы (сәйкестемелік қатынас, ордерлер құру және т.б.), құрылыс, құрылыс материалдарының техникалық мәселелері, қала құрылысы және т.б. кеңінен баяндалды. Әртүрлі ғимараттар мен имараттардың түрлерін функционалдық зерттеу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.
Ең атақтылары Лион Баттисты Альбертидің «сәулетшілік туралы 10 кітабы», Джакомо Барроцци да Виньолының «Сәулеттің бес ордерінің ережелері», Андреа Палладионың «Сәулет бойынша 4 кітабы», Леонардо да Винчидің еңбектері, Барбаро мен Сериноның трактаттары болып табылады.

Византия сәулеті.


Рим империясы ыдырағаннан кейін византиялық императорлар бұрынғы астанадан асып түсуге тырысып, жаңа патша резиденциясы – Неа Рома (Жаңа Рим) – Константинополь құрылысына көп қаржы жұмсады. Византия мәдениетіне христиан діні үлкен ықпал етті. 313 жылы Византия императоры христиан дінін қабылдатты, 382 жылы ол негізгі мемлекеттік дінге айналды.


Византия сәулетінде римдік және шығыс мектептері тәжірибелерінің қолданылғандығы жақсы байқалады. Өз дамуында византиялық сәулет:
Ерте византиялық - V - VІІІ ғасырлардың басы;
Орта византиялық - VІІІ-ХІІІ ғасырлар;
Кейінгі византиялық - ХІІІ-ХV ғасырлар болып үш кезеңді басынан өткізді.
1453 жылы Константинопольді түріктер басып алып, қалаға Стамбул деген жаңа атау берді. Византиялық сәулетшілер өз шығармашылықтарында жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланды: ұсақ тас пен күйдірілген кірпіш – жалпақкірпіш (қалыңдығы 4-5 см төртбұрышты немесе тікбұрышты пішіндегі кірпіш). Қалау қышұнда – үгітілген кірпіш қоспасымен әктасты ерітіндіде орындалды. 4-5 қатар кірпіш қалауы бірнеше қатар тас қалауымен кезектестірілді. Мұндай қалау «византиялық» деген атауға ие болды. Бетон техникасы қолданылмады.
Византиялық сәулет әр даму кезеңі белгілі конструктивтік немесе жоспарлы жүйелердің жасалуымен сипатталады. Сонымен, ерте византиялық кезеңде күмбезді конструкциялар мен орталықтандырылған ғимараттардың композициялық тәсілдері қалыптасты; орта византиялық кезеңде төрттаған күмбезді ғибадатхана түрлері қалыптасты; кейінгі византиялық кезең – монастырлық құрылыс және шағын әсем шіркеулердің пайдасына монументті ғибадатханалардан бас тартқан шақ болды.
Римдік сәулетшілермен салыстырғанда византиялық сәулетшілер тоғыспалы конструкциялардың тиімді жүйелерін жасады. Олардың қатарына кірпіштен төрттаған тоғыспалар және сфералық үшбұрыш пішініндегі желкен күмбез жатады.
Византиялық сәулетке тән элементтердің бірі бағаналарға доға тізбектердің әртүрлі нұсқаларын қолдану болып табылады. Доға тізбектердің сыртқы сызығы (доға ернеу) кірпіш таспамен ұсталды. Бағана әсембағандары типологиясы жағынан әртүрлі және римдік ордерлік жүйесіне қарағанда жеңіл және ажарсыз болып келген. Ғимарат қасбеттерінде қабырға жиегінде қызыл кірпіштен түрлі тәсілдер, тісті кірпіш ернеулер жиі қолданылған. Діни және сарай ғимараттарының интерьерлеріне сылаққа салынған кескіндемелер, жиынтық таскестелер сән беріп тұрды, қабырғалары мәрмәр тақтамен жабылды.
Византия құрылысында қорғаныс құрылыс басты орын алды (қамал қабырғалар, көпірлер, жолдар, шамшырақтар, берік айлақтар, мұнаралар). Константинополь әрқашан сәулет қызметінің орталығы болды. Бұл жерде монументті ғибадатханалар мен сарайлар тұрғызылды. Мемлекеттік құрылыс (ипподромдар, моншажайлар және т.б.) қосымша рөл атқарды. Қала көшелері император сарайларын алаңға апарып қосатын күн сәулесі пішінінде орналастырылған. Константинопольдің әр бөлігіне қолөнершілер қоныстанды, ірі шеберханалар, театрлар, қонақ үйлер салынды. Қалада ағын су болмады, сондықтан оны сумен жабдықтау үшін арна көпірлер және суға арналған үлкен жерасты цистерналар құрылды. Византия сәулетінің негізгі жетістіктерінің бірі діни ғимараттардың:__


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет