109
бір дүниетану кӛзқарасы шырмады. Олар, Жер және онда тіршілік еткен
тірі табиғат құдайдың құдіретімен жаралған, содан бері олар ӛзгермей
келеді деген ұғымда болды.
ХVІІІ ғасырдың ортасында, кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен
ӛсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде ӛзгеріске
ұшырайды деген нанымға келді. Бірақ сіңіскен діни кӛзқарастарды жеңуіне
үлкен қиыншылық келтіреді. Органикалық дүниенің ӛзгеретіні
жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына, биологияда жиналған
материалдардың болуы, ғылыми дәлелдемелердің аздығы бӛгеу болды.
1859 жылы Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолмен түрлердің шығу тегі
немесе тіршілк үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген
негізгі кітабы жарыққа шығумен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты
ғылыми негізге ие болды. Бұл кітап биология ғылымына тӛңкеріс жасады.
Ондағы органикалық табиғаттың тарихи дамуы (эволюциясы) жайында
айтылған ілім дүние ӛзгермейді деген ескі тозығы жеткен метафизикалық
ұғымды талқандады.
Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи кӛзқарастар, органикалық
дүниенің дамуын материалистік ұғымға негізденіп түсіндіретін
биологияның әр түрлі салалардың ӛріс алуымен байланысты болды.
Дарвин теориясының негізінде эволюциялық палеонтология, эволюциялық
эмбриология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің
дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея
идеалистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды;
биологиядағы реакцияшыл лагерьдің ӛкілдері дарвинизмнің материалистік
негіздерін күйретіп биология ғылымын ескі, виталистік және
метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанады.
ХІХ ғасырдың ағымдарға қарсы күресте үлкен еңбек сіңірген орыстың
аса ірі ғалымдарының бір тобы В.О.Ковалевский, А.О. Ковалевский, И.И.
Мечников, И.М. Сеченов, К.А. Тимирязевтер биология ғылымының әр
түрлі салаларында Ч.Дарвин ілімін дамытып, ӛздерінің еңбектері арқылы
дарвинизмнің іргесін берік қалады.
Жалпы алғанда, эволюциялық ілімінің осы қалыптасуы дәуірінде
органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра ӛте қажетті
заңдылықтары ашылды.
Биологияның, сондай-ақ дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму
кезеңі ХХ ғасырдың ортасында басталады. Мұнда, тіршіліктің әр түрлі
құбылыстарын зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас
комплекстері ене бастайды. Бірақ соңғы кезге дейін дерлік биологиялық
проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу
жұмысы екінші дәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің
талаптарын тұтастырып, ӛзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға
жанасымды пәндердің (биофизика, биохимия т.б.) шығуына себеп болды.
Бұл биологияның жаңа саласы – молекулалық биологияның құрылуына
жағдай жасап, генетика саласында үлкен табыстарға жеткізеді. Генетиктер
мен экологтардың бірлесе зерттеулерді дарвинизмге ӛте күрделі
110
проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселенің
жаңаша шешілуіне мүмкіндік береді. Адам баласының космосқа ұшуына
байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, ӛзінше
ғылыми пән - космостық биология қалыптасты.
Биологиялық кӛлемі зерттеулер және түрлі мамандықтағы табиғат
зерттеушілердің
жұмысындағы
комплекстік
осы
кездегі
жаратылыстанудың философиялық негізі диалектикалық материализм
болуына себепкер болды. Бұдан, орта және жоғарғы оқу орындарында
биология пәндерінің үлкен тәрбиелік роль атқаратынын, онда
эволюциялық ілім заңды кӛрнекті орын алатынын кӛреміз.
Дарвинизм курсы, ғылыми-атеистік тәрбиенің биологиялық іс-
әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты
екенін дарвинизм курсы таныстырады. Дарвин жұмысынан бастап,
биологияда ашылған заңдар, тірі организмдер мен тікелей байланысты
шаруашылық
салаларындағы
(ауыл
шаруашылғы,
медицина,
микробиологиялық технология) практикалық жұмыстарға пайдаланып
келеді.
Қазіргі
кезде
ӛте
күрделі
үнемді
аппаратуралардың
конструкциясын жасау үшін биологиялық структуралар мен ондағы болып
жатқан процесстерге инженерлер кӛңіл бӛле бастады. Осы тұрғыдан
қарағанда организмдердің эволюциялық процесте болатын бейімділік
қасиеттерін (адаптацияны) зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: