111
қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап, қоғамдық қатыстар
түбегейлі ӛзгерген дәуірде қалыптасты.
Ғылым ежелгі гректің діни сенім сарындарына негізделген ескі дүние
ұғымдарымен тартыста пайда болды. Табиғаттағы тіршілікті қарапайым
бақылаулармен діни жорамалдар қисынды ұштасып, ондағы барлық
құбылыстары әрқилы құдайдың ақылды әрекетерінің нәтижесі деп
түсіндірілді. Адамның ӛмірі құдайдың қолында, оның және оны қоршап
тұрған дүниенің тағдыры, ол бастан-ақ шешілген деп саналады.
Осы
сияқты
фантазиялық
сенімдерге
алғышқы
философ-
материалистер
ӛздерінің
стихиялы-диаклектикалық
бейнедегі
кӛзқарастарын қарсы қойды. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы
барлық зат қозғалыста, ӛзгерісте болады деп қарады. Олардың бәрі
жаңадан пайда болады және жойылады, сондай-ақ біреуінен екіншісі
дамып, жаңа зат пайда болады. Дүниені құдайлар жаратқан жоқ, ол
хаостан пайда болып, содан бері ондағы заттар үнемі қозғалыста болып
келеді. От, ауа, су және жер – осы тӛрт стихиядан дүниедегі барлық зат
құралған деп таниды. Ежелгі грек философтарының ұғымынша осы
стихияның әрқайсысы материяның белгілі қалпын бейнелейді. Мысалы,
жер стихия ол қатты субстанция, су – сұйық, ал ауа – газ тәрізді деп
ойлаған. От ӛзінің құрылысына қарай ауаға қарағанда материяға едәуір
нәзік бейне береді. Бұл стихия ӛзгеріп бір-біріне ауысып отырады.
Сӛйтіп, ежелгі грек философтарында табиғат тұтас, ондағы барлық
заттар, барлық құбылыстар бір-бірімен байланысты деп тұжырымдаған.
Достарыңызбен бөлісу: