163
микробтардың 50%, 48 сағаттан соң - 25-10%, 72 сағаттан соң - 10-1%. Су
қоймаларының ӛздігімен тазартуына (биологиялық тазарту) кӛптеген
факторлар әсер етеді.
1. Таза сумен араластыру, сондықтан ағып жатқан суда ӛздігімен
тазару тұрып қалған су қоймаларына қарағанда жиі ӛтеді.
2. Судың температурасы. Жазғы мезгілде микроорганизмдер активті
түрде кӛбейеді. Қысқы айларда ӛздігімен тазару бәсендейді, бактериялар
кӛбеюі тек ағын жерде ӛтеді, қырылу қарқыны тӛмендейді, су
қоймаларында кӛптеген бактериялар жазға қарағанда ұзақ сақталады.
Сондықтан су қоймаларының санитарлық жағдайы қыста нашар, сонымен
қатар тӛмен температурада энтеробактериялар, ішектік инфекциялар
қоздырғыштары сақталады. 1 шектік инфекциялар су арқылы таралуы жиі
қыста байқалады. Зауыттардың қалдық су құрамындағы химиялық заттар -
беткейлік-белсенді заттар (ПАВ-ББЗ) және мұнай ӛнімдері ПДК 10 есе
асатын болса энтеробактериялар кӛбеюіне, ұзақ сақталуына ықпал тигізеді,
су қойманың эпидемиялық қауіптілігін күшейтеді. Су қоймаларының
ӛздігімен тазаруына қарапайымдылар жағымды қасиет кӛрсетеді. Олар
коллоидтарды, ұсақ қоспаларды жинайды, бактерияларды жояды, ең
алдымен патогенді түрлерін де. Бір инфузория 1 сағатта 30 000 бактерияны
жояды. Сонымен қатар, бактериялардың паразиттері - бделловибриондар
бактериялық клетканың периплазмасына еніп, ішінде кӛбейеді де оларды
жояды. Бделловибриондар энтеробактериялар, псевдомонада, вибриондар
тұқымдастығына
кіретін
патогенді
бактерияларды
жояды.
Бделловибриондар қалдық суда, илда, топырақта тіршілік етеді. Ӛте
ластанған ашық су қоймаларында, 1 мл суында 1000 бделловибриондар
кездеседі. Микробтық ластану азайғанда бделловибриондарда жойылады.
Сондықтан таза су қоймаларында олар кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: