Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдер әлемі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналадағы қоршаған ортадағы
микроорганизмдердің
алуан
түрлерімен
толық
таныстыру.
Микроорганизмдердің маңызын түсіндіру. Микроорганизмдердің пайдасы,
маңызы және зияны туралы түсініктерін одан әрі қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың кӛрнекілігі: Суреттер,кестелер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
Бекіту
Микробиология — жайкӛзге кӛрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді,
олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта
жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен
зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдердің басым кӛпшілігі — бактериялар. Сонымен
қатар микробиология тӛменгісатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы
саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді,
вирустарды да зерттейді. Ӛйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні,
159
құрылысы ӛте ұксас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан
да бірлестікте болады.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым
организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал, ферменттер
мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып
жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде
ауылшаруашылық дақылдарының ӛнімділігін арттыруда, түрлі ӛсімдіктер
мен жануарлар зиян кестеріне қарсы күресуде, шырынды азық – сүрлем
даярлауда кеңінен қолданылады.
Топырақта жүріп жататын негізгі биологиялык процестер,
топырақтың құнарлылығы, оныңсапасы мен құралуы микроорганизмдер
тіршілігіне байланысты. Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде
ӛсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады, сӛйтіп егіннің
ӛнімділігі
артады.
Сондықтан
микрооранизмдердің
тіршілігінің
нәтйжесінде топырақта азот, кӛміртегі және фосфор элементтерінің
кӛбеюіне мүмкіндік туады.
Микроорганизмдерді барлық судан да кездестіреміз. Әсіресе олардың
басым кӛпшілігі судың түбіндегі қорыста, қоректік заттардың молырақ
жерінде тіршілік етеді. Ал ӛзімізтыныс алатын ауада да олар жеткілікті.
Кӛбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, ӛнеркәсіптер жиі
орналасқан жерлерде кӛп тараған.
Жалпы микрооргонизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан
зор. Ӛсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың қатысуымен
шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа
мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар
қайтадан пайда болады.
Жанғыш қазба байлықтар — шымтезек, таскӛмір, мұнай сияқты
заттардың түзілуі де микроорганизмдердің әрекеті нәтижесінде болатыны
анықталды.
Сонымен
табиғатта
микроорганизмдердің
кӛмегімен
заттардың күрделі айналымы жүріп жатады. Микробиология —
микоорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды
ӛзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде
кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін
ашуының,
антибиотиктер
мен
витаминдертүзілуінің
халықшаруашылығында
зор
маңызы
бар.
Микроорганизмдер
тіршілігініңең бір айқын байқалатын жері — ашу процесі. Күнделікті кӛріп
жүрген сыра мен түрлі шараптар. Тағамдардың шіріп, бүлінуі және кӛгеруі
бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады. Микробиология
ӛнеркәсібінің негізгі мақсаты — халықшаруашылығын мал азықтық
белоктар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары,
бактериялы тыңайтқыштар, ӛсімдіктерді қорғауға қажетті препараттар
және басқа да микробтық ӛнімдер мен қамтамасыз ету. Айта кететін жай
кейбір заттарды (Вігвитамині, ферменттер, кейбір алмастырылмайтын
амин қышқылдарын) тек қана микро биологиялық жолмен алады, олар
160
химиялық тәсілмен әзір ӛндірілмейді. Ал, бұл заттарды рационға қосса
малдан, құстан қосымша кӛптеген ӛнім алуға болады.
Ӛсімдіктерді
микробиологиялық
жолмен
қорғау
әдісін
шаруашылыққа кеңінен енгізу, егісті түрлі зиянкестер мен аурулардан
сақтауға, сӛйтіп, елімізде овощтардан, жемістердең, мақтадан және басқа
да дақылдардан мыңдаған тонна қосымша ӛнім алуға жол ашылды. Осыған
байланысты қазіргі кезде қолданылып жүрген кӛптеген улы химикаттарды
келешекте пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік туады. Қазір
микробиологиялық жолмен алынатын ферментер ет сүт, тамақ пен жеңіл
ӛнеркәсіптерде,
медицина,
химия
ӛнеркәсіптерінде
және
ауылшаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ біздің елімізбен қатар
микробтық ферменттерді қолдану шетелдерде: Жапонияда, Америка
Құрама Штаттарында, Англияда, Чехословакияда, Голландияда және
Федеративтік Германия республикасында кеңінен етек алып отыр. Осы
жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық
әрекеттеріне ерекше кӛңіл бӛлдік, кӛптеген биологиялық процестердің
негізін толығырақ баяндауға тырыстық. Микроорганизмдер адам,
жануарлар мен ӛсімдіктер тіршілігіне зиянды әсерлерін тигізетіні де мәлім.
Қазіргі кезде олардың әсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болып,
олар мен дәйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы
күресуде басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина,
сывороткаларды қолдану жақсы нәтиже беріп отыр. Кӛптеген дәрі-дәрмек
ӛнеркәсібінің фабрикалары осы антибиотиктерді және басқа да емдік
препараттарды ӛндіреді. XX ғасырдың ӛзінде микробиологиядан
ғылымның жаңа саласы — вирусология бӛлініп шықты. Ол орыс
оқымыстысы Д.И.Ивановскийдің 1892 жылы ашқан вирустар әлемін
зерттейді. Құтыру, қызылша, шешек, полиомиелит сияқты аса қауіпті
ауруларды қоздырушылар ӛте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды
егжей тегжейіне жете зерттеу біздің ғасырымыздың 40-шы жылдарында
құрастырылған электронды микроскоптар кӛмегімен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар микробиологияның отан қорғау жӛнінде де алатын орны
ерекше.
Дүниежүзілік
үстемдікке
құмаримпериалистер
кӛздеген
мақсаттарына жетуге барлық айлаамалдарын қолданудан бас тартпайды.
Мұны тарих кӛрсетіп отыр.
Қазір кейбір капиталистік мемлекеттер микроорганизмдердің адам
мен жануарлардың ӛміріне қауіпті аурулардың тууына себепші болатын
әрекеттерін соғыс мақсатына пайдалануды кӛздеп отыр. Олар
антибиотиктердің ӛзі қарсы тұра алмайтын микро Организмдердің
қасиеттерін күшейтіп, оны әртүрлі жәндіктерге (маса, сона, шіркей,
шыбын, бүрге т. б.) жүқтырып, қолданбақ. Ӛйткені мұндай жәндіктер
жұқпалы ауруларды ауылдар мен қалаларға тез таратып, жаппайқырғынға
ұшырау қаупін тудырады. Ол үшін микроорганизмдерді жан-жақты
зерттеп, жете талдау керек. Сонда ғана олардың қауіпті әрекеттерін біліп
қана қоймай, нақты күрес шараларын белгілеп, келтіретін пайдасын да
білуімізге мүмкіндік болады. Оқулықтың негізгі мақсаты
—
161
микроорганизмдердің табиғаттағы әрекеттерін баяндау. Соңдықтан мүнда
микробиологияның басқа салалары (медициналық, санитариялық,
ветеринариялық т. б.) жеке қарастырылмайды.
Кітаптың мазмүны және тиісті материалдардың дұрыс қамтылуы
жӛнінде пікірайтып, кемшіліктерін кӛрсетіп, пайдалы кеңес берушілерге
авторлар алдын ала шынжүректен алғыс айтады.
Сабақтың тақырыбы: Су микрофлорасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналадағы қоршаған ортадағы су
микрофлорасымен олардың алуан түрлерімен толық таныстыру
Табиғаттағы сулардың құрамындағы микрофлорасының маңызын
түсіндіру. Судың қалыпты құрамын білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың кӛрнекілігі: Суреттер, салыстырмалы кестелер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
Бекіту
Су әр түрлі микроорганизмдердің табиғи ӛмір сүру ортасы болып
есептеледі. Ӛзен, теңіз, мұхит , ашық су қоймаларында барлық
таксономиялық топтардың ӛкілдерін кездестіруге болады.
Су
қоймалары
жануар
және
ӛсімдіктердің
органикалық
субстраттарынан және патогенді микроорганизмдерден ӛздігімен тазарта
алады. Бұл процесті су қоймаларының ӛзін тазарту деп атайды. Судың
сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нәтижесінде органикалық
заттардың ыдырау күшиеді, әр түрлі бактериялардың саны азая бастайды,
әсіресе нәжіспен шыққандар (фекального происхождения). Сапробтылық
Достарыңызбен бөлісу: |