5 сағат
Тыныс жолдарының аурулары. Жұқпалы ішек аурулары.
Трансмиссивті механизмімен берілетін аурулар. Протозойлы аурулар.
Жанасу механизмімен берілетін аурулар .
VII. Қорытынды 2 сағат
Қорытынды сабақ.
Тақырыптық-кҥнтізбелік жоспар
№
Сабақтың мазмҧны
Сағат
саны
Мерзі
мі
Сабақ тҥрлері
Тео
риял
ық
Зерт
хана
лық
Семи
нар
I.
Кіріспе
3
1.
Микроорганизмдердің
ашылу тарихы. Микро-биология
ғылымы дамуы-ның негізгі
кезендері
1
2.
Микроорганизмдер әлемі
1
3.
Медициналық микробиология
1
ІІ.
Прокариоттардың
ерекшеліктері
6
4.
Прокариоттарды жіктеу
1
5.
Прокариоттардың ӛсуі мен кӛбеюі 1
1
6.
Прокариоттар генетикасы
1
7.
Бактериялардың құрамы және
құрылысы
1
8.
Бактериялардың түрлері
1
9.
Зертханалық жұмыс №1
«Бактериялардың түрлері»
1
1
ІІІ. Микроорганизмдер және
қоршаған орта
5
10.
Микроорганизмдердің тіршілік
ортасы
1
11.
Микроорганизмдердің ӛзара
қарым-қатынасы
1
12.
Микроорганизмдердің адамдармен 1
1
151
арасындағы қатынасы
13.
Зертханалық жұмыс №2
«Микроорганизмдердің
адамдармен арасындағы
қатынасы»
1
1
14.
Микроорганизмдердің
жануарлармен ӛзара
қатынасы
1
1
15.
Патогенді микрооргнизмдер
1
ІV. Микроорганизмдерден қорғану
2
16.
Антибиотиктер
1
17.
Иммунология
1
1
V.
Микроорганизмдердің
ерекшеліктері
10
18.
Қауіпті микроорганизмдерден
қорғану
1
1
19.
Микроорганизмдердің қоректенуі 1
20.
Микроорганизмдердің
метаболизмі
1
21.
Ауа микрофлорасы
1
22.
Зертханалық жұмыс №3 «Ауа
микрофлорасы»
1
1
23.
Су микрофлорасы
1
24.
Зертханалық жұмыс №4 «Су
микрофлорасы»
1
1
25.
Топырақ – микроорганизмдердің
тіршілік ортасы
1
26.
Зертханалық жұмыс №5
«Топырақ – микроорганизмдердің
тіршілік ортасы»
1
1
27.
Микроорганизмдердің ӛсіп-ӛнетін
қорек ортасы
1
VI.
Микроорганизмдер – жҧқпалы
аурулардың қоздырғыштары
5
28.
Тыныс жолдарының аурулары
1
1
29.
Жұқпалы ішек аурулары
1
30.
Трансмиссивті механизмімен
берілетін аурулар
1
31.
Протозойлы аурулар
1
32.
Жанасу механизмімен берілетін
аурулар
1
33.
Қорытынды сабақ.
Реферат қорғау
1
34.
Қорытынды сабақ
1
152
Сабақ жоспарларының ҥлгісі
Сабақтың тақырыбы : Микро организмдердің ашылу тарихы.
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналадағы қоршаған ортадағы
микроорганизмдердің ашылуы мен толық таныстыру. Микробиология
саласының дамуының негізгі кезеңдерін жан-жақты таныстырып білдіру.
Микроорганизмдердің пайдасы,маңызы және зияны туралы түсініктерін
қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру
Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың кӛрнекілігі: Суреттер,кестелер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
Бекіту
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады. Олардың
ішінде ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай кӛзге кӛрінбейтін
тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы
пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше
топқа бӛлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға
жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен ӛсімдіктерге және
адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ
ӛздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып
айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі
тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын
әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін
қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші,
зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда
және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар
егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бӛлектелініп,
жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту,
қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған.
Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы
күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып
саналады. Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін
жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры құ пия
болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін
процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің
(1601 —1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен
Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине,
бұл ӛте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет,
шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі «құрттардың» кездесетінін
байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды кӛрді. Оба ауруымен
153
ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше «құртты» кӛрдім
деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты кӛруі
мүмкін емес еді
Антон Левенгук аурудың қанда жүрген микробтар арқылы
таралатыны жӛніндегі оның пікірі ӛз кезіндегі прогрессивтік батыл
кӛзқарас болып есептеледі. Тек XVII ғасырдың аяғында ұлғайтып
кӛрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты
микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван
Левенгуктың (1632—1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен
шыныларды құрастырумен кеп айналысқан ол, заттарды 160—300 есеге
дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы
«қарапайым» микроскоптың кӛмегі Мен Левенгук жай кӛзге кӛрінбейтін
микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы зен, саңырауқұлақтарын,
тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді кӛрді, олардын. пішінін,
шамасын және қозғалысын сипаттап жазды. Тістің сыртына тұрып қалған
ӛңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа ӛте зор
әсер еткен. Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген ӛте ұсақ
жәндіктерді кӛргенін және олардың соншалықты кӛптігіне таң қалып,
олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан кӛп болса
керек деген пікірге келеді. Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа
таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық
байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы
саңырауқұлақтарды,
бактериялар
мен
инфузорияларды
керген.
Левенгуктын ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге,
сәйтіп микробтар жӛніндегі ғылым — микробиологияның дамуына жол
ашты. Ӛз зерттеулерін Левенгук «Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың
құпия сырлары» деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды.
Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын,
табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Әйткенмен Левенгук
зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты зерттеуші ғалымдардың
назарын аударды. XVIII ғасырдағы Шведтің кӛрнекті табиғат зерттеушісі
Карл Линней езінің «Табиғат системасын» жасағанда жануарлар мен
ӛсімдіктерді белгілі бір тәртһшен орналастырғаны мәлім. Бұл системаға
құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны
Карл Линней «хаос» яғни ешқандай берекесі жоқ жәндіктер тобына
жатқызған. Бұдан ол жай кӛзге керінбейтін осы организмдерді зерттеудің
қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда, ол
микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар дүние деп
танытпақшы болды. Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында
дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз
микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың кӛрнекті
табиғат зерттеушісі М.М.Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы
болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде ӛзінің
154
микроорганизмдер жӛніндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта кездесетін
микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский ӛз зерттеуінде
ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді
адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын
дәделдеді. XVIII ғасырда микроорганизмдердін. ашылуы ғалымдар
арасында тартыстар тудырды. Ғылымда бұл кезде «тіршілік ӛздігінен
пайдаоладш/деген жалған үғым үстем еді. Микроорганизмдердің бірқатар
ортада ӛніп-ӛсетіндігін байқаған бүл ғалымдар олардың дамуында
ешқандай заңдылық жоқ және кез келген жерде ӛздігінен пайда бола береді
деген болжаулар айтты. М. М.Тереховский ӛзінің италиялық досы
Спаланцанимен бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды.
Тұрып қалған тұнық суларда немесе басқа да сұйықтарда кездесетін
организмдер — негізінде тірі жәндіктер, ал бұл сұйықтарды 45
минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа енбейтіндей етіп жапса, онда
осы сұйықтарда тірі жәндіктердің, демек микроорганизмдердің, пайда
болуы байқалмайды деп кӛрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәндіктердің
ӛніп-ӛсуі, ауаның сүйыққа енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақта ол кезде
Тереховский еңбегі оқымыстылар қауымына жете таныс болмағандықтан
микробиологияда эксперименталды әдіс қолданылмай, бұрынғысынша,
морфологиялық бағыт басым болып қала берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиологияның дамуы
баяулады десек қателескен болар едік. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар
аянбай күрес жүргізген орыстың кӛрнекті дәрігері Д. Самойлович (1744—
1805), осы ауруды қоздырушы — кӛзге кӛрінбейтін организм деген пікір
айтты. Оның бүл пікірін кейінгі зерттеушілер толық дәлелдеді. Бұл кезеңде
теориялық және практикалық маңызы әлі анықталмаған жеке деректер
микробиологияда басым болды, бірақ микробиология жеке ғылым болып,
атаққа ие бола қоятындай дәрежеге жетпеген еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында ӛнеркәсіптік капитализмнін, ӛрлеу
барысында, ғылым мен техниканың қарқындап дамуына байланысты
микробиология ғылымы едәуір табыстарға жетті. Микробиология
ғылымының кӛрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы
француз оқымыстысы Луи Пастер (1822— 1895) ӛзінің зерттеулерінін,
нәтижесінде табиғатта және ӛнеркәсіпте кездесетін ашу процестері
микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Луи Пастер. Микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін
қалады. Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық
қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем
болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю.Либих
еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл
құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының
нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы
бактерияларды тауып, оларды жекелеп бӛліп алып ӛсіреді. Бұдан әрі
ашудың химиялық тео-риясын — бүл процесте оттегінің міндетті түрде
қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты.
155
Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін
тапты. Ол бұл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сӛйтіп,
Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты
(оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік
ететін) топтарын ашты. Пастердің бүл жүмысының тағамдық заттарды
сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы
болды. Кӛптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даяр-
лау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында
ашылды.
Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер
оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен
адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын кӛрсетті. Ол — топалан
және құтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана
білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердіқ осы
жүмысының зор маңызы болды. Ӛзінің даңқты жүмыстарымен Пастер
микробиологияны практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды. Пастер
жүмыста-рының соншалықты маңызды екендігін академик Заболотный
былай сипаттаған еді: «Пастер едбегінен шаруалар топырақ құнарлылығын
арттыратын микробтық процестердің құпия сырын түсіне алады;
жұмысшылар — ашу процесінің мәнін аңғарады; дәрігер — медицинаның
қазіргі кездегі жайымен танысады; табиғатшы (натуралист)—жұмбақ деп
есептелген биологиялық мәселелердің шешуін таба алады».
Микробиология ғылымының дамуында неміс оқымыстысы Роберт
Қохтың (1843—1910) еңбектерінің зор маңызы болды.Ол туберкулез (ӛкпе
ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп,
олармен күресудің нақты жолдарын кӛрсетті. Сонымен қатар Роберт Қох
белгілі микроорганизмдерді ӛсіру үшін жеке бӛліп алып, тығыз қоректік
ортаны қолдануды ұсынған алғашқы ғалым. Бұл әдісті қолдана отырып
мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрік жеке
бӛліп алуларына мүмкіндік туды. Орыс ғалымы Л.С.Ценковский (1822—
1887) сол кездегі эволюциялық кӛзқарасты колдаушылар-дың бірі болды.
Мамандығы ботаник болса да қарапайым микрос-коптық организмдерді
зерттеді. Ол тӛменгі сатыдағы балдырлар, инфузориялар, миксомицеттер,
басқа да қарапайымдылардың 43-ке жуық жаңа түрін тауып, сипаттап
жазды, және бүларға бактерия-лардың туыстық жағынан қатысы бар деген
пікірін айтты. 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасаған
болатын.
Микробиология ғылымына бұдан былай елеулі үлес қосқан отандық
оқымыстылар болды. Бұл салада, әсіресе орыс оқымыстысы
И. И. Мечниковтың (1845—1916) еңбегі зор. Ол микробиологияда бірқатар
жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология
жайындағы еңбектері ӛте бағалы. И. И. Мечников «фагоцитоз және оның
иммунитеттегі ролі» туралы тыңғылықты ілім жасады. Фагоцитоз деп
зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың
қасиетін айтады. И. И. Мечников адам баласы қартаюыңың басты себебі
156
болып есеп-телетін түрлі жұқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып
жүр-ген дәрілерді (антибиотиктерді) алудың ғылыми теориялық не-гізі —
антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм — тіршілік әрекеті
барысында микроорганизмдердіқ бір-бірінен күресі. Сӛйтіп, И. И.
Мечников организмнің ұзақ жылдар бойьша тіршілік етуге қабілеттілігі
бар екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Ол Россияда бірінші болып
Одесса қаласында бактериологиялық лаборатория ұйымдастырды.
Отандық, әсіресе советтік микробиологияны тамаша табыстарға
жеткізіп, біздің елімізде денсаулық сақтау жӛніндегі барлық ма-ңызды
мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған оқымыстылардың бірі —
құрметті академик Н.Ф.Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және
бактериология саласында кӛп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге
Россияда бактериологиялық ла-бораторияны ашуға белсене қатысты, ал
Мечников қайтыс болғаннан кейін оны ӛзі басқарды. Ол кӛп жылдық
еңбектерінің нәтижесінде микробтар дүниесіндегі ерекше организмдер —
бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сӛйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор
қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалау-шылардың бірі
болды. Гамалея оба және туберкулез ауруларының кейбір мәселелерін
зерттей отырып, оларды емдейтін отандық пре-параттар жасады. Ол совет
микробиологтарының тамаша, кӛрнекті ғалымдарын даярлады.
Орыс
оқымыстылары
Д.К.Заболотный
(1866—1929)
мен
Т.А.Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да
ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды. Бұл
оқымыстылар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология
ғылымының негізін қалады. Дүние жүзілік және отандық микробиология
тарихында орыс оқымыстысы Д. И. Ивановскийдің (1864—1920) алатын
орныерекше. Ивановекий бұдан бүрын ешкім байқамаған темекінің мозаиа
және рябуха дегеы ауруларын зерттей отырып, олардың әрқайсысыӛз
алдына жеке ауру екенін және бүл ауруларды қоздырушылардың ӛзі осы
аурулардан бӛлек болатынын аныктады. Сӛйтіп, мӛлшері жағынан әдеттегі
микроорганизмдерден бірнеше есе кіші, арнаулы бактериялық сүзгіден
ӛтіп кететін вирус деп аталатын микроағза Ивановский , Д.Инизмдердің
ерекше бір түрін тапты. Бұдан кейінгі ғалымдар вирустардың адам мен
жануарлардың бірқатар ауруларын қоздырушы екендігін дәлелдеді.
Ивановскийің вирустар жайындағы еңбегі, кӛптеген зерттеулермен
толықтырылып, вирусология ғылымы деп аталды.
Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да
айта қаларлыктай жетістіктерге жетіп, дамып келеді. Микробиологияның
бүл саласына: С.Н.Виноградский, В.Л.Омелянский, С.П.Костычев,
Н.Н.Худяков,
В.С.Буткеевич,
В.Н.Шапошников,
М.В.Федоров,
Н.А.Қрасильников, Е.Н.Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес
қосты.
С.Н.Виноградский
(1856—
1953)
ӛз
ӛмірін
топырақ
микроорганизмдерін
зерттеуге
сарп
еткен
орыстың
кӛрнекті
оқымыстыларының бірі болғандықтан, ол топырақ, микробиологиясының
157
негізін қалаушы деп аталады. Ӛзінің алғашқы ғылыми жүмыстарында
Виноградский күкірт бактерияларын зерттеген. Мұнда ол күкірт
бактериялары ӛздерінін, тіршілік барысында
С.Н.Виноградский күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра
алатындығын дәлелдеді. Осы реакция барысында бӛлінетін энергия
ауадағы кӛмір қышқыл газын күкірт бактерияла-рының сіңіруіне
кӛмектеседі. Сондықтан да бұл бактериялар органикалык қалдықтар жоқ
ортада тіршілік ете береді. Бұл құбы-лысты Виноградский хемосинтез деп
атады. Кейін дәл осындай құбылысты темір бактерияларынан да анықтады.
Сонымен қатар ол топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар әсерінен
органикалық қалдықтардың шіріп азот қышіқылына, ал кейіннен оның азот
кышқылының
тұздарына
айналатындығын
дәлелдеді.
Микроорганизмдердің жеке тобына лайық қоректік ортаның біраз түрін
ұсынған да осы Виноградский еді.
Виноградскийдің ілімін одан әрі дамытқандардың бірі —
В.Л.Омелянский
(1867—1928).
Ол
клетчатканы
ыдырататын
микроорганизмдерді зерттеп, бүл құбылыстың бірқатар жақтарын
анықтады. Ақыр аяғында оның 1909 жылы жазған «Микробиология
иегіздері» деген оқулығы тек микробиология ғана емес, басқа ғылым
саласындағы оқымыстыларға әйгілі болды және бірнеше шетел тілдерге
аударылды.
Микробиология тарихында орыс оқымыстысы М.С.Воронин да елеулі
орын алады. Ол бұршақ тұқымдас ӛсімдіктер тамырында тіршілік ететін
және тіршілігі барысында ауадағы атмосфералық азотты ӛз бойына сіңіре
алатын микроорганизмдердің ерекше тобы — түйнек бактерияларын
тауып, жете зерттеді. Осы кезеңде голландия оқымыстысы М.Бейерник те
бұл бактерияларды зерттеген болатын. Ол бұл бактериялардың атмосфера
азотын сіңіретіндігін дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге осы
микробтарды таза, жеке күйінде бӛліп алып, арнаулы коректік ортада
ӛсірді. Кейіннен ол осы бактерияларды бұршақ тұқымдас ӛсімдіктер
тұқымына жұқтырып, жақсы нәтижеге ие болды. 1901 жылы Бейеринк
топырақтың құнарлылығын едәуір арттыратын және топырақта бос
күйінде тіршілік ететін азот бактерияларын тапты. Ал бұл бактериялардың
атмосфера азотын қалай және қандай жағдайда сіңіре алатындығын
С.П.Костычев жете зерттеді.
В.С.Буткеевичпен бірге ол микроскоптық саңырауқұлақтардың
тіршілігі барысында түрлі органикалық қышқылдар түзетіндігін дәлелдеді.
Мұның ӛзі елімізде лимон қышқылының ӛнеркәсібін салып, ӛркендетуде
зор роль атқарды. С.А.Королев (1876—1932) пен А.Ф.Войткевич (1876—
1950) сүт қышқылы бактерияларының тіршілігін зерттеуде кӛп жұмыстар
жүргізді. Олардың бұл еңбегі сүт тағамдарын даярлаудың технологиялық
ережелеріне кӛптеген ӛзгерістер енгізді. В.Н.Шапониковтың және басқа да
ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде елімізде ӛндірістік микро-
организмдердің кӛмегімен сүт қышқылын, ацетонды және бутил спиртін
алу ғылыми жолға койылды. Әсіресе спирт ӛндіруде ашытқы
158
саңырауқүлақтарын таза күйінде жеке бӛліп алып, оларды ӛндірісте
қайтадан пайдалану жұмысы Данияның ірі микробиологы Э.X.Гансеннің
есімімен тығыз байланысты. Сірке қышқылы ашу процесінің күрделі
мәселелерін шешуде Гансен кӛп еңбектер сіңірді. Орыс ғалымы
Б.Л.Исаченко 1914 жылы арктикалық теңіздерде химиялық элементтердің
ӛзгеріп отыруы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты екендігін ашты.
Сонымен бірге ол топырақтағы пайдалы микроорганизмдерден
тыңайтқыштар дайындауда да елеулі еңбек етті. Табиғаттағы кальций
айналымында микроорганизмдердің зор маңызы бар екендігін зерттеген
және микробтар ӛзгергіштігі туралы кӛп еңбек сіңірген Г.А.Надсон еді. Ол
ашытқыш саңырауқұлақтардың ионданушы сәулелер әсерінен ӛзгеріске
түсетіндігін және ол ӛзгергіштіктің тұқым қуалайтындығын зерттеді.
Микроорганизмдерде трансдукция және трансформация, сонымен бірге
ашытқыш
саңырауқұлақтарда
будандасу
сияқты
құбылыстардың
болатындығын да осы Г.А.Надсон ашып, жете зерттеген болатын. Бертін
келе микробиология ғылымы кӛптеген жаңалықтармен теориялық және
практикалық жетістіктермен толықтырылды. Халық шаруашылығының
түрлі кажеттері мен мақеаттарына сәйкес бұл ғылым — жалпы
микробиология, техникалық немесе ӛнеркәсіп-тік микробиология,
тағамдық
микробиология,
ауыл
шаруашылық
микробиологиясы,
геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналык
микробиология, эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және
вирусология болып бірнеше салаға бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |