Полисапробты аймақта (ӛте ластанған аймақ) органикалық заттар
саны ӛте кӛп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды.
Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар ӛте кӛп (анаэробтық
бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп
ашытады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар
қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, күкірт сутегі, индол, скатол, метан,
кӛмірқышылы т.б. бӛледі. 1мл суда бактериялардың саны миллионнан
асады.
Мезосапробтық аймақта (сәл ластанған аймақ) қышқылдану және
нитрификация процесі басым. Құрамында азоты бар қоспалар аммиакқа
дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады.
Микробтардың саны кӛп - 1 мл суда мыңдап ӛлшенеді. Ең алдымен
нитрифицирленген бактериялар – грам (-) таяқшалар, кокктар. Олар
облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына
кіретін
анаэробтар,
Pseudomonas,
Mycobacterіum,
Flavobacterіum
туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces және Candіda т.б.
кӛмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады -
целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.