Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного


Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар



Pdf көрінісі
бет27/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   302
Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар. 
Ертедегі  адамдар.  Ертедегі  адамдарды  ғылыми  тілде   палеонтроптар,  
кейде   неандерталь адамдары  деп  атайды.  Палентроптар  қазіргі 
адамдардың  тікелей  арғы  тегі  болып  саналады.  Жалпы  алғанда,  ертедегі 
адамдардың  тіршілік  әрекеті,  ақыл  –  ой  және  әлеуметтік  ӛмір  сүру 
жағдайлары  қазіргі  адамдарға  ұқсас  болған.  Олардың  сүйектерінің 
қалдығы  алғаш  рет  1848  жылы  Еуропада  табылған.  1856  жылы  Батыс 
Германия жеріндеегі Неандерталь ӛзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың 
қаңқа қалдықтары табылды. Палеонтроптар бұдан 1,5 млн – 250 мың жыл 
бұрын ӛмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155–165 см, 
ал миының кӛлемі 1400 болған. Палеонтроптардың ойлау қабылеті жақсы 
дамыған. Бұл кезде түрлі қолӛнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана 
қалыптасып. түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және 
ӛлген  адамдарды  жерлеу  салты  болған.  Ертедегі  адамдар  ауа  райы 
қолайсыз  ауыр  жағдайларда  үңгірлерде  тұрып,  үнемі  отты  пайдаланған. 
Олар  топасып  аң  аулаған  және  Жер  шарының  кӛп  аймақтарында  ӛмір 
сүрген. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников  
(1908  –  1981  ж.ж)  Ӛзбекстандағы  Тесіктас  үңгірінен  ертедегі  адамдардың 
сүйек  қаңқаларын  тапты.  Ертедегі  адамдардың  мекенжайлары, 
пайдаланған  тас  құралдары  және  аулаған  жануарлардың  сүйек  қалдықтар 
Қазақстан  жерінен  де  кӛптеп  табылды,  Қазақстандық  ғалым  Х.  А. 
Алпысбаев  1958  –  1962  жылдары  Оңтүстік  Қазақстандағы  Қаратау 
ӛңірінен  ертедегі  адамдардың  қоныстарын  тауып  зеріттеп,  ғылымға  кӛп 
жаңалық қосты. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық 
Қазақстан, Бетпақдала ӛңірінен де табылды. Ә.Х.Марғұланның бұл салада 
сіңірген  еңбегі  орасан  зор.  Ғылымда  бұл  дәуірді  тас  дәуірі  (немесе  тас 
ғасыры)  деп  атайды.  Тас  ғасырдың  мұралары  Шығыс  Қазақстан  (Алтай 
ӛңірі), Семей маңынан, Арал аймағынан, Шығыс Қазақстан 
(Алтай  ӛңірі),  Семей  маңынан,  Арал  аймағынан,  Сарыарқа  жерінен, 
Батыс  Қазақстан  ӛңірінен,  Маңғыстау  алқабынан  да  табылды.  Ертедегі 
адамдар 50 – 100 –ден топтасып ӛмір сүрген. Ер адамдар бірігіп аң ауласа, 
әйелдер жемістерді, ӛсімдіктердің жеуге жарайтын мүшелерін жинаған. Ал 
тәжірибесі  мол  қарт  адамдар  құрал  –  саймандар  жасап  беретін  болған. 
Ертедегі  адамдар  ӛзлері  аулаған  жануарлардың  терілерін  ӛңдеп,  киім 
жасап  киген.  Ертедегі  адамдар  ӛмір  сүрген  кезеңде  болып  тұратын  мұз 
басу  жағдайлары  олардың  ӛміріне  кӛп  қауіп  –  қатер  тугызып  отырған. 
Табиғи  сұрыпталудың  нәтижесінде  ертедегі  адамдардың  ӛте  тӛзімді  әрі 
батыл.  әрі  ептілері  ғана  тірі  қалып,  ұрпақ  жалғастырған.  Бұл  кезеңде: 
ұжымдасып еңбек ету, тіршілік үшін бірлесе отырып күресу және ақылға 
салып ойлау маңызды рол атқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет