24
тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде
пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды.
Оны
моноцентризмдік тұжырым деп атайдй. Ол гректің ―бір және
латынның ―орталық, деген сӛздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан»,
деген ұғымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым-
полицентризм (грекше-кӛп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер
әрбір аймақта ӛз алдына жекелей пайда болған деп түсіндіреді. Кӛпшілік
ғалымдар
қазіргі
кезде
моноцентризм
тұжырымын
қолдайды.
Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов ӛзінің кӛп жылдық ғылыми
зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы
үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігін атап кӛрсетті.
Нәсілдердің шығу тегі, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын
және олардың сыртқы орта жағдайларының, әсеріне бейімделуін
нәсілтану ғылымы зерттейді. Кейбір кер тартпа ғалымдар әр түрлі
пиғылдағы нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді
басқа нәсілдерден жоғары қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілетті,
дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, тӛмен
дәрежелідеп кемсітеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық
тудырып нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей
нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз леп кемсітелі, осындай дәлелсіз
пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана
бұрмалап түсіндіреді.Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамы зерттеген
ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп
берді.
Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу,
тіршілік үшін күрес заңдылықтары адамзат қоғамында да болады деп
уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын
заңдылықтар туралы пікірін қоғамда да қатысы деп арнайы бұрмалап
түсіндіруге
тырысады.
Мұндай
теріс
пиғылдағы
теория
ғылымда
әлеуметтік дарвинизмтеориясы деп аталады. Әлеуметтік
дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған
қатыгездік, жауыздық, мейірімсіздік ―басым белгілер‖ болады деп
түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: