Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар туралы
Мақсаты: Қосымша ақпарат кӛздерін пайдаланып, қазбадан
табылған еңбек құралдары туралы мағлұматтар жинау, үлгісімен танысу;
Адам ақыл-ойының еңбек арқылы дамығанына кӛз жеткізу;
Лабораториялық жҧмыс: Қазбадан табылған адамның еңбек
құралдары үлгісімен танысу
25
Неолит кезеңінен артефакттер.
Тӛменгі палеолит рубиласы
Адамзат тарихы ӛзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ
кезендерге бӛлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге
бӛлінеді.
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі.
Бұл кезең адамның дерден бауырын кӛтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне
бейімделуі іске асты. Мұның ӛзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің
күнкӛріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы
құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас
дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш
кезеңнен тұрады. Олар кӛне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі
(мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит). Адам қоғамындағы кӛне, орта және
соңғы тас дәуірі.
Алғашқы
адам тіршілік иелері
мен
оның
қарапайым
шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі ӛндіргіш
күштердің ӛте тӛмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың
кәсібінің мәні табиғаттың дайын ӛнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар
ӛздігінен ӛсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы
аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың
ӛзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бӛлінісінің жынысқа,
жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда
презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары
шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп
аталып кеткен. Ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын ӛмір сүрген.
Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан
әжептәуір кӛлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы
малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты ӛткір
болып, кесу үшін пайдаланылған.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге
кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-
Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс ӛзені жағасындағы Кіші
Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бӛлігінде жүргізілген археологиялық
қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып
табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел
бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сӛндірмей
ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын ӛсімдіктерді
26
жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға
қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын
кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр
түрлі дӛңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық
ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар кӛп жерде алдымен
отбасының қамқаоршысы, бала ӛсіруші ана тӛңірегінде топтасты, осыған
байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның ӛзі
аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан
бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-
орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы
бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы ӛзгеріп, енді аңшылардың
аулайтыны кӛбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек
болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап
шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб,
трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит
тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек
құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты
арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын
ӛңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас
балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады.
Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың
бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске
аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді.
Онда бірігіп еңбек ету және ӛндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік
үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық
жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ
жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, ӛсімдіктерді жинаумен
шұғылданған. Кейініректе олар мал ӛсірумен, егіншілікпен және кен
ӛнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік
шаруашылығымен қоса металл ӛңдеу кәсібі дами бастады. Мұның ӛзі
Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ӛзгертуге жол
ашты. Мал ӛсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың
арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы
қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана
емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын
болды. Қару жасау бірте-бірте металл ӛңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола
заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі ӛлшемдегі мыс пен
қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы.
Мыспен салыстырғанда қола ӛте қатты және балқыту температурасы
27
тӛмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен
қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан
жерінде түсті металдар ӛңдеуге, әсіресе, мал ӛсіруге мықтап кӛңіл бӛлген.
Сӛйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – 1 мың жылдықтың басында
дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - кӛшпелі мал
шаруашылығына ауысады.
Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал
шаруашылығы мен металл ӛңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен
еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның ӛзі қоғамда еркектер рӛлінің
күшебне әкелді. Сӛйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат)
пайда болды. Қоғамдық ӛмірдегі ірі ӛзгерістер ӛндірістік күштердің ӛсуіне,
қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына
байланысты еді. Жеке отбасылар бӛлініп оқшауланды, меншік ұлғайып
кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі кӛрініс бере бастады.
Қола
дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта
Азияның кең-
байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс
тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет
қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі
Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде
«Андронов мәдениеті» деп аталды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын,
қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы
балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен
жебелердің ӛзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі
ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты
құралдарды ӛздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.
Тугаринов ашты. Содан бергі ӛткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен
бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан кӛп археологиялық
материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы
кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X
ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-
VIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары
Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы
маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік тӛңірегіндегі
Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай
аталған. Дәндіба Беғазы мәдениеті Атасу ӛзенінен Ертіске дейінгі байтақ
даладан табылған кӛптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың
қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері
жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық
дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,
тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда
болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі
28
бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған
қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде
Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің
болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит
тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық
қоғамның кӛрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды
қолға үйрету кӛшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен
бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс
Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын кӛрсетеді.
Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер,
келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған
болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы
қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының ӛндіргіш күштерінің дамуына мал
ӛсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды ӛндіру, тас пен сүйекті
пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың,
қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс
жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді.
Солардың нәтижесі кӛрсеткеніндей, әдетте қоныс ӛзендердің жағасында,
жайылымы мол мүйісте, кӛлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден
20 үйден тұрды. Ӛзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген.
Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын
үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың ӛмірге керекті және
үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал
шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен
қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың
жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым
тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның
ӛзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың
терісін ӛңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды.
Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен
дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл
тұстағы құмыра жасаушылардың кӛбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан
ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп ӛрнек
салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дӛңгелек,
бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі
жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы
балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
29
Қоғамда азық-түліктің кӛбеюіне байланысты артық заттарды
айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек
ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы
ірі еңбек бӛлісін туғызды, басқалардан ӛз алдына бақташылар бӛлініп
шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз ӛзгерістер болады. Ӛңделіп
егілген жерлердің кӛлемі ӛседі. Бұл ӛзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен
бӛлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық
қатынастармен ауыса бастады.
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан ӛткенін айту
керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың тӛрт-
бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да
кең үлкен үйлерде бірге ӛмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-
мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-ӛндірістік ұжым болды, ал ұжымдық
еңбек тұсында ӛндіріс құрал-жабдықтары мен ӛндірілген ӛнім ортақ
меншікке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |