Сезімдер жайлы тамаша мәліметтер Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі тӛрт дәм – тәтті, тұзды, қышқыл
және ащыны ғана ажыратады.
Керісінше, мұрын 10 000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады.
Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда, мұрын да ауыздың
артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді.
Біздің тамақтың дәмді дейтініміз – тек дәмдер ғана емес, түрлі
иістерді сезіну.
Ми туралы таңғажайып мәліметтер Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бӛліктерін нашар
кӛрсетеді, сондықтан одан мидың бӛліктерін кӛре алмайсың.
Рентгенге түсірілген суреттен кӛрінетін зат рентгендік-контрастілік
бояғыш деп аталады; оны қантамырларының ішін және мидың
айналасындағысын кӛру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен
миға қан құйылу (инсульт) кезінде болатын қан тамырларының бітелуін
табуға болады.
Компьютерлік томографтар және магниттік-резонанстық сканерлер
(129-бетті қараңыз) ми қарыншалары деп аталатын сұйықтыққа толы
қуыстарды да кӛрсете отырып, мидың кӛрінісін дәл нақтылықпен береді.
Позитрондық эмиссиондық томограф мидың түрлі бӛліктері қуатты
қалай тез қолданатынын, осылайша кӛп «ойлайтынын» кӛрсетеді.