45
Бұлшықет жасушалары, басқа да жасушалар сияқты, қалыпты жұмыс
істеуі үшін оттегі мен энергияны қажет етеді.
Бұлшық ет изометриялық және изотониялық жаттығуларды қосқанда
түрлі әрекеттерді атқарады.
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Біріңғай салалы бұлшықеттер ӛздері жиырылады да автономды
жүйке жүйесімен реттеледі. Олар ішкі мүшелердің қабырғасында
орналасқан, соның қатарында ӛкпенің бронхыларын, қуықты, асқазанды,
қантамырларды, кӛздің қарашығын, және жатырды астарлайды. Адам
ағзасында болатын басқа да үрдістер сияқты бұлшық еттердің жиырылуы
энергияны қажет етеді. Бұлшық еттерді қозғайтын энергия АТФ
молекуласынан алынады.
Бұлшық еттер жүйкелер мен нейробұлшықеттің бірігуі бар қозғалыс
бірліктерінен тұрады, олар жүйке мен бұлшық еттерді байланыстырады.
Осындай ұйымдасу жалғыз жүйкеге аталған қозғалу жүйесіндегі барлық
бұлшық ет клеткаларына белгі беруді және қозғалу бірлігіне бір уақытта
қысқаруды мүмкін етеді.
Бір жүйкенің серпіні бұлшық еттің тырысуына әкеліп соғады.
Бұлшық ет ынталандырылады, содан кейін максималдық созылуға дейін
босайды. Егер серпінді беру тоқтаусыз жалғасса, онда бұлшық еттік
тырысу артады, ӛткені бұлшық ет бұлшық еттік жиырылулар арасында
тынығып үлгермейді. Жасушалық бұлшық еттердің тынығусыз, ұзақ
созылмалы бұлшық еттік қысқаруы «түйілу» деп аталады. Бұл ретте АТФ
деңгейі тӛмендейді де, бұлшық еттік қажу пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: