Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет164/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   284
Список литературы: 
1.  Баев ИМ. Играем на уроках русского языка. М.: 1989.  
2.  Выготский Л.С. Педагогическая психология. М.: Педагогика, 1991 г.  
3.  Никитин Б.П. Ступеньки творчества, или развивающие игры. - М.: 1990.  
4.  Эльконин Д.Б. Психология игры. - М.: Педагогика, 1999 г.  
 
 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІНДЕ  ЕРЕКШЕ БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ 
МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Маханбетова Раушан Ертарғынқызы
Ақтөбе қаласы КММ «№35 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
 
Бүгінгі  таңда  инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін 
мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы 
тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр 
оқушының  эмоционалдық  және  психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі. 
Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру 
өмір  талабы  болып  табылады.Осы  ретте  мектебімізде  әрбір  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушының    даму  деңгейі  мен  жас  ерекшелігі  ескеріліп   білім  берілуде.  Бүгінде  еліміздің 
барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім 
беретін  мекттептерде  түзете-дамыта  оқыту  сыныптары  біртіндеп   ашылып  жатыр.  Бұл 
сыныптың  мақсаты:  әр  сыныптағы  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бір  сыныпқа 
топтастырып,  әр  оқушыға  жекелеп  сыныбы  мен  оқу  бағдарламасына  сай  білім  беру.  Бұл 
сынып  ашылғанымен  өз  алдына  үлкен  қиыншылықтары  бар.  Себебі:  бұл  сыныпқа 
кей   мектептерде  әртүрлі  сыныптан  жиналған  оқушылар  оқиды.  Екіншіден  олардың  жас 
ерекшелігі  әртүрлі  болғандықтан  әр  сыныпқа  өзінің  сыныбына  сәйкес  білім  берілу  керек. 
Үшіншіден  білім  беру  бағдарламасының  әртүрлілігі.  Төртіншіден  мұндай  сыныпқа  сабақ 
беретін  пән  мұғалімдерінің  арнайы  педагогикалық  білім  көлемінің  аздығы.Осының 
нәтижесінде  балаларды  оқытудың  бірінші  сатысынан  –  ақ  қиыншылықтарға  тап  болады. 
Мұғалімдер  бұл  қиыншылықтарды  субьективті  талдап  бала  дамуындағы  кемістіктерін 
күрделендіреді.  Мұндай  интеграцияның  салдарынан  балаларға   жалпы  білім  беру  жүйесі 
ретсіз дамуын жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет