262
ІІ санатты. Бұл мамандар білім беріп қана қоймай, баланың жан-жақты дамуына, тұлға ретінде
қалыптасуына,
бойындағы ақауларды жеңіп, түзелуіне зор көмек көрсетуде.
Мекемеде 0 мен 18 жас аралығындағы балаларға түзеу-дамыту көмегі беріледі. Соның
ішінде, 43 бала-Жымпиты ауылынан, 28 бала-ауылдық округтерден. Көмек алатын 71 баланың
41-психикалық дамуы тежелген, 15-ақыл-ойы кенжелеген, 8-тірек қозғалысы бұзылғандар,7-
сөйлеу бұзылыстары бар балалар, аптасына 2-3 рет түзеу-дамыту сабақтарын алады. Мекемеде
түзеу-дамыту сабақтары баланың ерекше қажеттіліктерін, тілдік ортасын ескере отырып, екі
тілде, жеке және топтық сабақтар түрінде жүргізіледі.
Біздің балаларымыз аудандық және облыстық сайыстар мен спорттық шараларға белсене
қатысып, жеңімпаз атанып жүр («Жұлдызай» балалар
шығармашылығы фестивалі, аудандық
«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы
сайысы, мүгедек балалар арасындағы шығармашылық фестивалі, облыстық «Тоғызқұмалақ»
спорттық жарысы). Түзеу кабинеті 2013 жылдың облыстық «Ең үздік психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеті» сайысында «Нәтижеге бағытталған мекеме» номинациясына
ие болды. Сонымен қатар, ЕДШ маманы Қ.М. Бисенбиев пен психолог Н.З. Садыкова жүлделі
орындарға ие болып, дипломмен марапатталды.
Түзеу кабинеттерінен тек балалар ғана көмек алып қана қоймай, осы салада еңбек етіп
жүрген арнайы мамандар, сонымен бірге ата-аналар үшін пайдасы орасаң зор. Ата-аналар
баласы жөнінде ой бөлісіп, мамандармен пікір алыса алады, сонымен бірге өз баласының өсіп-
жетілуін бақылауда ұстап, мамандармен бірлесе отырып көмектесе алады.
Қазіргі таңда мекемеміз инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әдістемелік орталыққа
айналып отыр. Педагог мамандар білім беру ұйымдары мен тұрғындар арасында балаларды
психологиялық-педагогикалық оңтайландыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын
жүргізеді. Сол бағытта педагогтар мен ата-аналар арасында түрлі семинар, тренингтар, дәріс,
мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріледі, БАҚ
беттеріне жарияланады.
Аудан бойынша ерекше қажеттілігі бар балалардың санының артуына байланысты
инклюзивті білім беру өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде, жалпы білім беретін орта
мектептерінде арнайы түзеу сыныптары, дефектолог, логопед мамандарына бірліктер,
мектепке дейіңгі ұйымдарда инклюзивті кабинеттер ашылуда.
Яғни, бүгінгі оқушы-ертеңгі азамат. Сол азаматты мектеп қабырғасынан болашақ өмірге
бейімдеу, қажетті кәсіп пен мамандыққа бағыттау, дені сау адамдардың арасында өзін жайлы
сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптасады.
Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарымен бірлесе
жұмысты ұйымдастыру инклюзивті білім берудің дамуына оң нәтижелер береді. Мүмкіндігі
шектеулі балалармен түзету жұмыстары неғұрлым ерте
басталса, соғұрлым қайтарымы үлкен
болады.
Ең алдымен қауыпты топтардағы балаларды сәби кезінен бастап анықтап, даму
барысындағы кемшілікті ерте бастан түзету және ортаға бейімделуіне жағдай жасау қажет.
Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай
ата-ана өз баласының өзгелерден оқшау оқып, білім алғанын қалар дейсін...
Бірігіп көрсетілген көмектер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары
балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балалары ешкімнен
кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Сондықтан даму мүмкіндігі
шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салысу қай
азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты
парыз
Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар
балаларды әлеуметтік қорғау
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін
мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы
тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр
оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру
263
өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі
оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің
барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім
беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл
сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа
топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл
сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.
Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды.
Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес
білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай
сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің
аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға
тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы
кемістіктерін күрделендіреді.
Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын
жалғастырады.
Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді
. Инклюзивті білім берудің
Достарыңызбен бөлісу: