Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет53/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   284
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Балмагамбетова Гульшат Камаловна
Ақтөбе қаласы №10 «Алма» сөздері бұзылған балалар үшін арнаулы (коррекциялық) 
мектепке дейінгі ұйымы 
 
Күнделікті  өмірдегі  көптеген    мәселелер,  нақты  өмір  тауқыметі,  қоғамдағы  өзгеру 
деңгейлерінің  жылдам  алмасуы  адамдардан  жоғары  белсенділікпен  қатар  алға  ұмтылуды, 
ізденімпаздықты  және  де  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Сондықтан  болар,  заманауи 
әлеуметтік  жағдай  өмір  мен  тұрмыстың  бітпейтін  мәселелерін,  әрбір  жаңа  буынның,  әрбір 
жеке  адамның  алдында  тұрған  және  жалпы  адамзатта  қалыптасқан  мәдени-тұрмыстық 
түсініктер  мен  шешімдерге  тәуелсіз  түрде,  жаңаша  тұрғыда  қайтадан  ой  елегінен  өткізуді 
алдыңғы  орындардың  біріне  қойып  отыр.  Қазіргі  уақытта  қоғамда  заманауи  әлеуметтік- 
экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақ, нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды 
жоғалтып  ала  бастағанын  байқаймыз.  Әлеуметтендірудің  қалыптасқан  дәстүрлі 
формаларының  қазіргі  заманға  лайықталмағандығы,  олардың  бір  жолды  таңдауын,  яғни 
жастардың  өз  болашағы  үшін  өздерінің  жауапкершілігі  жоғары  болуын  талап  етеді.  Бұл 
жағдайда жастар мен  жасөспірімдердің заманауи  қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі 
мен  дайын  еместігінен  көптеген  маңызды  мәселелердің  туындауы  себеп  болады.  Бұл 
мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талап-
тілектерін ескере отырып жүргізілуі керек.  
Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың 
өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды 
психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  қолдаудың  маңызы  өсетіні  белгілі.  Балаларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  әрине,  баламен  кеңесе  отырып  оның  жеке 
қызығушылықтарын  анықтау,  оның  белгілі  бір  мақсаттарға  деген  талпыныстары  мен 
мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, олардың адамгершілік қасиеттерін сақтай отырып дамуына, 
оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, 
өмір  сүру  салтын  қалыптастыруына  кедергі  келтіретін  қиындықтарды  жеңуіне  көмектесу 
болып  табылады.  Ерекше  білім  беру  практикасында  психологиялық-педагогикалық  қолдау, 


81 
 
бұл  әр  баланың  мүмкіндігі  мен  қажетіне  қарай  әлеуметтік-  психологиялық  және 
педагогикалық жағдай жасауға бағытталған арнайы мамандар қызметтерін қамтиды. 
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала 
тәрбиесіндегі  негізгі  ошақтары  болып  табылады  -  бұл,  отбасы  және  білім  беру  жүйесі. 
Баладағы көптеген мәселелер де осы екі ошақтың әсеріне көбірек байланысты болады. Балаға 
отбасы  –  бұл,  оның  дене  бітімінің,  психикасының,  мінез-құлқының  және  интеллектісінің 
жақсы  қалыптасып,  дамуына  ыңғайлы  жағдайлар  жасайтын  орта.  Әлеуметтік  орта  ретінде, 
отбасы  -    бала  өміріне  және  оның  тәрбиесіне  қажетті  нәрселерді  қамтамасыз  ете  алмауы, 
өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балалардың  пайда  болуына  әкелетін  басты  себептердің  бірі 
болып  саналады.  Жалпы  әлемдік  тәжірибедегі  инклюзивті  білім  беру,  білім  беруге  ерекше 
қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  жекелей  оқыту  ұстанымын  жүзеге 
асыруға  негізделген.  Білім  беруде  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларға  мыналар  жатады:  - 
мүмкіндіктері  шектеулі  балалар;  -  мигранттардың,  оралмандардың,  босқындардың,  саны  аз 
ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар 
балалар  (жетім  балалар,  виктимді  балалар,  девиантты  мінез-құлықты  балалар, 
әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан 
балалар)  
Жалпы,  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балаларды  жалпы  білім  беру  үдерісіне 
қосуда оң динамика орын алып отырғаны туралы қорытынды жасауға болады. Ерекше білім 
берудің кеңінен қолданылып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып 
отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының жүйелі жұмысы мен олардың 
қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестіру қажеттіліктерін көрсетті. Жалпы, Қазақстан 
бойынша  ерекше  білім  берудің  орын  алып  отырған  үлгілеріне,  сонымен  қатар  Инклюзивті 
білім  берудің  ресурстық  орталықтарындағы  және  эксперименттік  алаңшалардағы  қызметке 
жүргізілген талдаулар инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін келесідей ережелерді 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Ерекше  білім  беру  қызметіндегі  жүйелілік  және  мақсатқа  бағынушылық;    инклюзивті 
білім  берудің  жергілікті  енгізілуіне  және  дамуына  ықпалын  тигізетін  орталықтардың 
құрылуы, оларды ақпараттық,  ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзгеде 
үйлестіру және кіріктіру; − ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру 
үдерісіне  белсенді  араласуын  қамтамасыз  етуін  жетілдіру;  соның  ішінде  жалпы  білім  беру 
ұйымдарында  инклюзивті  білім  беру  кабинеттерін  құру  және  қолдау;  −  ерекше  білімділік 
қажеттіліктері  бар,  үйде  білім  алатын  балаларды  жалпы  білім  беру  үдерісіне  қосудағы 
тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу; − инклюзивті білім берудегі 
терминологияны  жетілдіру.  Жүргізілген  зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  инклюзивті  білім 
беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік 
басқару  органдарының  және  қоғамның  басқа  да  әлеуметтік  институттарының  жүйелі  және 
өзара  байланысты  жұмысындағы  қажеттілік  бар.  Одан  басқа,  инклюзивті  білім  берудің 
дамуындағы  маңызды  кезең  ретінде  Ресурстық  орталықтардың  қызметін  инклюзивті  білім 
беру үдерісіне қолдау көрсету және  білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді 
үлгілерін таратуда кеңейту шығады. 
  Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық педагогикалық қолдау 
–  бұл  бейімдік  білім  беру  әрекетінің  өте  маңызды  және  өзекті  бағыты.  Оны  дұрыс 
ұйымдастыру –  білім беру кеңістігіне қосылған кез келген ерекше білім беруді қажет ететін 
баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың кепілі бола алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет