260
барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін ата-аналармен
өзара әрекеттесу;
сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен,
шығармащылықпен орындау;
әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары болатындығын
білу.
Сонымен бірге, Мовкебаева З.А. мен Оралканова И.А. балаға бағдарланған оқытудың
белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. Ол әдістер:
барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу;
оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай
дамуына жол бермеу;
мінез-құлық
проблемаларын шешу;
оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану;
оқуды қызықты түрде жасау;
Ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім
беруде маңызды болып табылады. Оның ойынша, педагогтар:
қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп,
материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге;
вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың
ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.;
көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді
қолдануға;
сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік
танытуға;
балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер
жасап отыруға;
оқу материалының барынша аудиовизуалды қолжетімділігін қадағалауға тырысу керек
[6].
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімді даярлау ерекшелігі білім беру үрдісінің
нәтижесі білім мен дағдылар жүйесі емес, басты құзыреттер жиынтығы болатын
құзыреттілік
ыңғай жасауға бағытталуы керек. Негізгілері ретінде академиялық құзыреттер (жаңа
білімдерді алуға қабілетін анықтайтын); әлеуметтік-тұлғалық құзыреттер (мемлекет пен
қоғамның идеологиялық, адамгершілік идеалдарын сақтау қабілеті); кәсіби құзыреттер
(проблеманы, міндеттерді қою, оны шешу жолдарын анықтау, жопарларды жасау және оларды
педагогикалық әрекеттің әр түрлі салаларында орындау) бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: