Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ –



Pdf көрінісі
бет207/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ – 
ҚОҒАМДЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ 
 
Сугралинова С.С., 
«№17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия» КММ, Ақтөбе қаласы 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясында білім беруді 
дамыту  мемлекеттік  саясаттың  басым  бағыты  деп  танылады.  Білім  беру  саласындағы 
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына халықтың сапалы білім алуға құқығының теңдігі, 
психологиялық,  физиологиялық  дамуы,  барлық  білім  деңгейіне  қол  жетімділігі  жатады. 
Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  тұжырымдамалық 
тәсілдерінде инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы ретінде қолайлы білім 
беру  кеңістігін  қалыптастыру,  кемсітушілікке,  бөлектеуге  жол  бермеу  бойынша  шаралар 
қолдану,  білім  алуға  қатысушылар  арасында  келіспеушіліктерді  болдырмау  сияқты  өзекті 
мәселелер көрсетілген.  
Инклюзивті  білім  беру  барша  халықтың  сапалы  білімге  қол  жетімділігін  қамтамасыз 
етеді, ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да 
ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  сапалы  білім  беру  ортасына  ерекше  білім  алу 
қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы 
үшін бейімделуін, әлеуметтенуін көздейді. 
Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген 
елдерінде білім беру саясатының күн тәртібінен түспеді. Осы елдерде балалардың дамуы мен 
әлеуметтік  бейімделуі  үшін  тиісті  психологиялық-педагогикалық  жағдайлар  жасалып, 
дамуында артта қалған балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге нәтижелі білім алуда. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  инклюзивті  білім  беру  дамуы  артта  қалған  балалармен  қатар 


296 
 
қалыпты  балалардың  бірге  білім  алуы,  оған  қол  жетімділік  қажетті  жағдайларды 
қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мүмкіндігі шектеулі немесе білім алу қажеттілігі ерекше 
балаларға қоғам тарапынан жоғары деңгейдегі толеранттылық көзқарас қажет деп ойлаймыз. 
Жалпы «толеранттылық» ұғымын қарастырайық. Адам дамуы көптеген факторлардың өзара 
әрекеттері  арқылы  жүзеге  асырылады:  тұқымқуалаушылық,  қоршаған  орта  (әлеуметтік, 
табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.  
Тәрбие  –  басты  фактор  болып  саналады.  Қазіргі  жаһандану  жағдайында  өзінің 
ерекшеліктерін  сезіне  отырып,  басқалармен  тең  дәрежеде,  сыйластықта  өмір  сүре  алатын 
тұлға  тәрбиелеу  өзекті  мәселелердің  бірі.  Бұл  істе  жетістікке  жету  үшін  ең  алдымен 
педагогикалық процестің жетекші субъектісі – педагог-тәрбиеші даярлауға жаңа көзқараспен 
қарау, оның толеранттылығын қалыптастыру қажет. Толеранттылық - индивид пен қоғамның 
даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста 
өмір сүруін сипаттайтын мәселе.  
Бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелері қоғамның еркін дамуы мен жалпы 
өмір  сүруіне  деген  күреске  қажетті  принциптер  мен  құндылықтарды  алға  қоюмен  тікелей 
байланысты.  «Бізде  демократиялық  мәдениеттің  терең  дәстүрлерінің  жоқтығы,  еркіндікті 
ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа 
арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден 
мүмкін  екендігін  мойындауымыз  керек»  -  деген  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  сөздері  осыған 
дәлел.  
Жалпы толеранттылық сөзінің мәнін педагогика, философия, психология, әлеуметтану, 
т.б. гуманитарлық ғылымдар түсіндіреді. «Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) 
терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі:  
1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау;  
2)  биологиялық,  медициналық  тұрғыда  –  иммундық  реакцияның  жартылай  немесе 
толықтай  болмауы,  яғни  ағзаның  ауруға  қарсы  тұратын  антиденелер  шығару  қабілетінің 
төмендеуі.  Ал  педагогикалық  сөздіктерде  бұл  ұғымға  «қайсыбір  жағымсыз  факторға  жауап 
әрекеттің  болмауы  не  бәсеңсуі;  оның  әсеріне  сезгіштіктің  төмендеуінің  нәтижесі»  деген 
анықтама  беріледі.  Жалпы  алғанда,  толеранттылықтың  негізі  -  өзінің  «басқаға,  бөтенге» 
қатынасын бақылау болып табылады.  
Бұл күнделікті кездесетін,тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға 
дейінгі  аралықты  қамтитын  мәселе  болып  саналады.  «Толеранттылық»  терминін  саралау 
барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей 
«төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» 
мағынасында да қолданылады, яғни «төзімді болу» басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз 
төзу,  шыдауды  білдіреді.  Толеранттылық  ұғымына  педагогика  ғылымы  тұрғысынан 
түсініктеме беруге әсіресе соңғы онжылдықта Г.Д. Дмитриев, А.В. Логинов, А.С. Меньшиков, 
В.В. Самсонов, М.Б. Хомяков, Дж. Грей, Б. Берри, М. Мараверс, М. Уолцер, т.б. тарапынан 
үлкен қадамдар жасалды.  
Дегенмен, философиялық, психологиялық жағынан бұл құбылысты зерттеудің ертеректе 
басталғанын  атап  өтпей  болмайды.  Оның  үстіне  бұл  термин  қазіргі  мағынасында  батыста 
ертерек қолданыла бастады, оның себебін демократиялық үрдістердің онда бұрын жүргенінен 
көруге болады.  
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  соңғы  кезге  дейін  «Толеранттық»  термині  көп 
кездескен  жоқ.  Сондықтан  да  біз  ең  алдымен  бұл  сөздің  этимологиясына  назар  аударайық. 
Толеранттық  түсінігі  латынның  шыдау,  төзу,  көндігу  түсініктерін  беретін  tolero  етістігінен 
шығады.  Сонымен,  толеранттылық  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  tolerantia  -  шыдамдылық, 
өзге  көзқарастарға,  мінез-құлықтарға,  әдеттерге  төзімділік  таныту,  қолайсыз  әсерлердің 
ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Шындығында, оның мәні қазақ 
тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін 
таңдау, келісімін табу деп жалғастыра беруге болар.  


297 
 
Толеранттылық  рухани,  адами,  идеялық,  діни  көзқарастар  менің  ұстанымдарыма  жат 
болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді. ХVІІІ ғасырдағы француз жазушысы және философ 
Вольтер: «сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге 
дайынмын», деген.  
Ол  –  толеранттылықтың  басты  қағидасы.  Бұл  адамдар  арасында  өзара  сыйластықты, 
мейірбандықты  білдіреді.  Сондықтан,  толеранттылық  екі  жақты  сана:  мемлекеттер,  діндер, 
этностар, жеке адамдардың бір-біріне  шапағат  жасай білуі.  Толеранттылыққа қарама-қарсы 
қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. 
Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай 
адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді.  
Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, 
ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді 
қажет етпейтін шындық. Лекторский В.А.  «Две концепции толерантности» деген еңбегінде 
В.М.Золотухин  толеранттық  түсінігін  талдап,  бұл  ұғымның  философиялық  маңызы  ретінде 
қоғамдық  тұрмыстың  жан-жақтылығын  ескеру  екендігінанықтайды.  Оның  ойынша 
толеранттық  бір  жағынан,  дүниетанымның  ерекше  типін  қалыптастыратын  адами  қызметті 
реттеуші адамгершілік қағида болса, екінші жағынан қарама-қайшылық пен жанжалды тиімді 
шешуге  мүмкіндік  беретін  практикалық  құрал.  Бүгінгі  күні  мектепке  дейінгі  балаларды 
толеранттылыққа  тәрбиелеудің  фундаментальды  концепциясы  дайындалмағаны  мен 
ғылымдағы бай тәжірибеге сүйене отырып, біз бұл үдерісінің технологиялық және әдістемелік 
мәселесін шешуді теориялық негіздей отырып, практикалық тұрғыда сауатты келе жатырмыз. 
Мектепке дейінгі балаларды кейбір адами әлсіздіктерге шыдамдылыққа тәрбиелеу және оны 
түсіне білу мәселесі В.А.Сухомлинский еңбектерінде қарастырылған.  
Ол шыдамдылықты адамгершілік тәрбиесі арқылы көрініс табатынын бала тұлғасының 
рухани-мәдениетінің  маңызды  элементі  деп  таниды.  Оның  ойынша,  балалар  ең  бірінші 
қарттарға,  жалғыз  басты  және  науқас  адамдарға  қатысты  шыдамдылық  көрсетуге  үйренуі 
қажет. Бірақ оның пікірінше, шектен шыққан мейірімділік пен шыдамдылық бәрін де кешіруге 
әкеп  соқтырады.  В.А.Сухомлинский  мұндай  жағдайды  болдырмау  керек  деп  есептейді. 
Сонымен,  біздің  ойымызша  толеранттылық  дегеніміз  -  бөтен  деп  саналатын  өмір  салтына, 
мінез-құлыққа,  дәстүрлерге,  сезімдерге,  идеяларға,  нанымдарға,  көзқарастарға,  қасиеттерге, 
әдеттерге  деген  шыдамды  қатынас.  Толеранттылық  түрлі  халықтардың,  ұлттардың  және 
діндердің ерекшеліктеріне қатысты қажет болатын қасиет.  
Қазіргі  заманғы  философиялық  зерттеулерде  толеранттық  мәселесі  алғашқы  зерттеу 
сатысында  қалып  отыр.  Осы  мәселеге  қатысты  көптеген  материалдар  мерзімді  баспасөз 
беттерінде және әлеуметтік-философиялық жинақтарда жарық көріп отырады. Бұл жұмыстар 
толеранттық түсінігін адамның өмірлік әрекетінің түрлі салаларына қатысты талдайды және 
толеранттықты  қазіргі  заманғы  адамның  өмір  сүруінің  ең  басты  шарты  ретінде  қабылдау 
қажеттілігін көрсетеді.  
Педагогика  ғылымында  оның  саласы  ретінде  «толеранттылық  педагогикасы»  даму 
үстінде,  онда  толеранттылықтың  мәнін  зерттеу  және  оның  әлеуметтік  құндылық  ретінде 
практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді. Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен 
өткен  Демократиялық  реформалар  бағдарламасын  әзірлеу  және  нақтылау  жөніндегі 
мемлекеттік  комиссияның  алғашқы  отырысында  Н.Ә.  Назарбаев  шешілуге  тиісті  міндеттер 
қатарында  «қоғамда  толеранттылыққа  және  этносаралық,  конфессияаралық  келісім 
жағдайларына  кепілдік  беруді»  де  атап  көрсетті.  Қазақстан  жас  мемлекет  болғанына 
қарамастан, біздің қоғамдағы сонау дала демократиясынан басталатын өзара төзімділік және 
сыйластық қағидаттарының әу бастан көрініс табуына негіз қалағаны белгілі.  
Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты 
мәселеге  айналуы  тиіс.  Негізінен,  толеранттылыққа  тәрбиелеу  ең  бірінші  отбасынан 
басталады. Отбасы - жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. 
Бала үшін отбасы бір жағынан  - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. 
Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірбие береді, мұнда ол 


298 
 
қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған-
туысқандарына  шыдамдылықпен  қарауға  үйренеді.  Ата-ана  толеранттылықтың  үлгісі  бола 
білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірбиесін меңгеру кезінде атаанамен туыстардың 
берген  үлгілері  үлкен  мәнге  ие.  Ең  негізгісі  бұл  бала  бойында  толеранттылықтың 
қалыптасуына  отбасындағы  қарым-қатынас,  ата-аналар  мен  туысқандар  арасындағы  әрекет 
жасау  стилі  жатады.  Отбасындағы  психологиялық  саулық  сақталмай,  кикілжіңнің, 
зорлықзомбылықтың  әсерінен  балалар  бойында  жағымсыз  сезімдер  мен  эмоциялар 
туындайды.  
Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда 
ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауғажәне олардың көзқарастарын сыйлауға, туған 
туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола 
білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың 
берген  үлгілері  үлкен  мәнге  ие.  Ең  негізгісі  бұл  бала  бойында  толеранттылықтың 
қалыптасуына  отбасындағы  қарымқатынас,  ата-аналар  мен  туысқандар  арасындағы  әрекет 
жасау  стилі  жатады.  Педагог  ата-ананы  қайта  тәрбиелей  алмайды,  бірақ  ата-анамен  бала 
арасындағы  өзара  қатынасқа  әсер  ете  алады  және  де  арнайы  жұмыс  негізінде  баланың 
өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет