Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет89/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Қолданылған әдебиеттер: 
1. 
Дефектология №2, 2014ж. 
2. 
Ескендирова  А.У.  Психологические  особенности  проявления  агрессии  у  
подростков в зависимости от различных факторов:дис.работа.-Алматы,2003 
3. 
Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы.-Алматы: Қазақ 
университеті, 2004-257с. 
4. 
Коррекционная педагогика №1(11)  2006г. 
 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛЫРДЫҢ САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Жакупова А.Е., 
Ақтөбе қаласы «№ 26 орта мектебі» КММ 
 
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көз қарасының қалыптасуы,ой өрісінің кеңеюі 
мектеп қабырғасында басталады.Әдетте мектептерде балаларда қызығушылық пен көтеріңкі 
көңіл-күй  туғызатын,  түрлі  шығармашылық  тапсырмаларға  толы  сабақтар  кеңінен 
қолданылады.Әрине,алуан түрлі әдіс-тәсіл сабақтың тартымдылығын арттырып,оны қызықты 
да  нәтижелі  еткенімен,барлық  сабақты  жеке  тұлғаға  бағытталған  сабақ  деп  санауға  негіз 
болмайды. 
Жеке  тұлғаға  бағытталған  сабақ  дегеніміз-бұл  мұғалімнің  шығармашылық  орта 
қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретінде өмірлік тәжірибесін үнемі назарда 
ұстауы,сол  тәжірибеге  сүйенуі.  Ең  маңыздысы-әр  оқушының  ерекше  болмысын,тұлғалық 
қасиеттерін мойындау. 
Психологияда 
барлық 
жағдайлардың 
ұйымдастырылуы 
оның 
нәтижесіне 
бағытталады.Жұмыстың  мақсаты  ол  болашақтағы  нәтиженің  көрінісі  болып  саналады.Ол 
сызбалар, талқылау, қорытындылар түрінде болуы мүмкін. 


138 
 
Сабақтың мақсатын мұғалім емес,оқушының қоятынын айта кету қажет.Бұл мұғалімнің 
шебер  ұйымдастыруы,  тікелей  мұғалімнің  іскерлігіне  байланысты.Әрбір  оқушы  нәтижеге 
жету жолдарын және мақсат қоя білулері қажет. 
Мұғалімнің басты мақсаты-қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына 
сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Кез келген технология білім берудің мақсатынан 
бастап  оның  түпкі  нәтижесіне  дейінгі  аралықтағы  оқытудың  әдістемелік  жүйесіне  енетін 
барлық компонеттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып 
табылады.Жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалімнің  белсенділігі,  шығармашылық 
ізденісі,  алдындағы  шәкірттің  білімін  бағалауы,  оқу  барысында  шешуші  роль  атқарады. 
Бүгінгі  білім  беру  технологиясында  кеңінен  қолданылып  жүрген  В.  Зенковтың  «Дамыта 
оқыту»,  Ж.  Караевтың  «Деңгейлеп  оқыту»,  сыни  тұрғысынан  ойлау.  Н.  Оразақынованың 
«Сатылай  кешенді  ойлау»,  М.  Жанпейісованың  «Интерективтік-модульдік  оқыту» 
технологияларын біздің мектеп мұғалімдері өз сабақтарында кеңінен қолданып келеді. Орыс 
ғалымы  Л.  В.  Зенков  «Жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  –  білім  сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы»  деп  атап  көрсеткен.  Күн  сайынғы,  тіпті  сағат  сайын  артып, 
өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп пайдалана 
білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды 
қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана біз сапалы білім 
беруге  қол  жеткізе  аламыз.  Қазіргі  уақытта  қолданыста  жүрген  25-ке  жуық  оқыту 
технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға 
айналды.  Бүгінгі  таңда  әлем  жаңа,  тың  серпілістер  үстінде.  Қазіргі  кезде  мектептің  оқу 
үрдісінде  50-ден  астам  педагогикалық  технологиялардың  қолданылып  жүргені  анық.  Бұл 
технологиялардың  бәрін  бір  сабақта  қамту  мүмкін  емес.  Сондықтан  мектептегі  әрбір  пәнді 
оқыту  технологиясын  таңдап,  іріктеу  және  оны  іс-әрекеттік  тұрғыда  жетілдіру  арқылы 
оқушының  білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда  оқушының  әрекеті  технологияны 
қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Мектептердің  оқу  үрдісіне  жаңа 
технологияны  енгізу  арқылы  оқу  сапасы  жақсарып,  дамыта  оқыту  жүзеге  асырылып,  сабақ 
қарқыны  жеделдетіліп,  жеке  тұлғамен  жұмыс  істей  отырып,  саралап,  даралап  оқытуға 
мүмкіндік туады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – 
оқушының білім жетістіктерін  жақсартуға ықпал етеді. Жаңа технологиялардың өріс алуына 
орай  оқыту  үрдісінде  «Интерактивті  әдістер»,  «интерактивті  оқыту»  терминдерімен  жиі 
кездесеміз. Интерaктивті әдістер-oқушылардың өзaрa әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер
ол интерактивті оқытуды өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінсе де болады. 
Интерактивті  оқыту  әдістері  оқушылардың  өз  өмір  тәжірибесіне,  біліміне  сүйенулеріне 
негізделген.Aқпартты kоммуникативті 
технологияны 
жете 
меңгеру 
үшін 
біздің 
мектепте биылдан  бастап «мультимедиялық  тақта»  орнатылып,  мұғалімдердің  басым  бөлігі 
жұмысқa белсенді ат салысып жатқандығы қатты байқалады . Oның бір дәлелі мұғалімдер кез 
келген іс – шараны, мектепішілік жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар болмасын, мерекелік 
шағын  жиындар  осы  интербелсенді  тақтаны  пайдалану  арқылы  өтізілгендігі. Мектебіміздің 
ұстаздары ақылдаса отырып,мақсат құрды. Мақсаты: «Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны 
тиімді 
пайдалану 
үшін 
пән 
мұғалімдері 
мен 
оқушылардың 
біліктілігін 
қалыптастыру. Міндеттері:  интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  әдістерін  меңгеру, 
электронды оқу материалдарын түбегейлі үйрену, техникалық құралдар мен ақпарат желісін 
пайдалана  білуді  үйрену,  әдістемелік  нәтижеге  шығару.  Осындай  мақсат,  міндет 
қойып отырған  оқытушыларымыздың бізге  бергені  де,  берері  де  көп  деп  сенеміз.  Қазір  біз 
электронды  оқулықтармен  жұмыс  істейміз.  Бұл  сондай  жауапты  да  қызғылықты  сабақтар. 
Оқушыларды  қызықтырып,  баурап  әкетеді.  Электронды  оқулықтармен  жұмыс  оқудың 
сапасын көтереді. Оқушыларға ұнайды, қызығып орындайды. Бұл технологияның ерекшелігі-
терең  білім  алу  арқылы  баланың  дамуын  қолдау  болып  табылады.Мектепте  бірқатар 
инновациялық  технологияларды  оның  ішінде  әсіресе  «ақпараттық  коммуникативті» 
технологияны  пайдалану  арқылы  біздің  мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  көтеруде 
біршама  жетістіктерге  жететінімізге  сенеміз.Математика  –  оқушылардың  ойлану  қабілетін 


139 
 
қалыптастырып  және  дамытатын  негізгі  буын. Ол  оқушылардың логикалық  ойлауын  және 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  табиғат  заңдылықтарын  толығымен  түсінуге  ықпал 
жасайды.  Оның  мақсаты:  жаңа  ақпараттық  дамыған  қоғамда  оқушыларды  белсенді 
шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа  технологияларды сабақ 
беру  процесіне  енгізу  болдып  отыр.Сабақта  жаңа    технологияларды  тиімді  пайдалану 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, 
қоршаған  ортаны  танымдық  зерттеу  барысында  дидактикалық  мақсаттар  іс  жүзінде 
асырылады.Сабақтың  тиімділігін  оқушылардың  танымдық  қызуғушылығын  арттыру  үшін 
тақырып  материалдарын  оқып  үйренуде,  олардың  әртүрлі  ізденушілік  бағыттағы 
тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады..Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін 
пайдалануда  мұғалімде,  оқушыда  табысқа  жетіп,  білімін  шыңдай  түседі.Жас  ұрпақтың 
жаңаша  ойлануына,  олардың  біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуында  әлемдік  сапа 
деңгейіндегі  білім,  білік  негіздерін  меңгеруіне  ықпал  ететін  жанаша  білім  мазмұнын  құру 
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар 
қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге 
лайық  ұлттық  санасы  жаңғырған  жаңа  ұрпақ  тәрбиелеу  міндеті  мойынымызда.  Барлық 
кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз 
күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы Заңында»:  «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық,  ғаламдық 
коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп  көрсетілген  [1]. Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру 
барысында  білім  ордаларында  жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі 
мақсатын  айқындап  алуда,  яғни  «берілген  үлгі  бойынша  өнім  алу»,  оқытудың  тиімділігін, 
сапасын көтеру.Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде 
оқыту  үрдісінде  қолданылатын  тәсілдер,  принциптер  мен  айқындаушы  жүйе,  нақты  оқыту 
процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика 
ғылымы  алдында  білім  берудің  философиялық  негіздеріне,  білім  жүйесінің  стратегиялық 
бағыттарына,  мақсаты  мен  мазмұнына,  оны  орындаудың  әдіс-тәсілдеріне  деген  жаңа 
көзқарастар  қалыптасуда.. Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа 
қадамдарға  баруда. Осыған  байланысты  тұлғаға  ақпараттар  кеңістігінде  дұрыс  бағытты 
таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа 
ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет  өзінің  кез  келген  нақты  формасында 
тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. 
Педагог  мамандарды  ақпараттық-коммуникациялық  технология  негiзiнде  дайындауда 
келесi қағидалар негiзге алынған: 
  вариативтiлiк – әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына 
сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды; 
  болашаққа  негiзделген  –  күтiлетiн  нәтиженi  анықтайтын  кезеңдiк 
бағдарламалардың  бағытын  орнықтырады  және  жеке  тұлғаға  бағытталған 
курстың жалпылама мақсатын анықтайды; 
  рефлексивтi-креативтi  –  жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгерту 
бiлiмдерiн  ұйымдастыруда  курстың  бағыты  даралық-шығармашылық  негiзге 
бағытталуы қажет; 
  эргономикалық – нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап 
етiледi; 
  iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру 
жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау
  тәжiрибеге  бағытталған  –  оқыту  көздерiнiң  бiрi  ретiнде  оқытушылардың 
тәжiрибесi  қолдану  ой-пікірі  жүзеге  асырылады  және  нақытылы  iс-әрекеттер 
бойынша  тыңдаушылардың  танымдық  үдерістерінің  өзара  байланыстылығы 
мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады
  жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. 


140 
 
Білім  беру  жүйесінің  барлық  саласында  жаңа   технологияны  жоспарлы  түрде  енгізіп, 
жүйелік  интегралды  өткізу  немесе  қамтамасыз  ету  қажеттілігі туындап  отыр. Қазіргі 
замандағы   технология  әрбір  тұлғаның  білім  алу  үдерісінде  шығармашылық  қабілетін 
дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік 
білім  алу  траекториясын  таңдауына  жол  беретін  анық  білім  беру  жүйесін  құруды,  оқу 
бағдарламаларының  бағдарламалануы  және  өзгермелі  бейімделінуі  есебінен  оқу  үдерісінің 
біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды 
дидактикалық  қасиеті  негізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық  қызметін  тиімді 
ұйымдастыру  арқылы  жаңа  білім  алу  технологиясын  түбегейлі өзгертуді  тығыз 
байланыстырады.Бiлiм 
берудi 
ақпараттандырудың 
негiзгi 
мақсаты 
Қазақстан 
Республикасында  бiртұтас  бiлiмдiк  ақпараттық  ортаны  құру  болып  табылады. Олай  болса, 
бiлiм  беру  саласында  жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалануға,  Қазақстан 
Республикасындағы  ақпараттық  кеңiстiктi  әлемдiк  бiлiм  беру  кеңiстiгiмен  сабақтастыруға 
мүмкiндiк  бередi.Бiлiм  берудi  ақпараттандырудың  негiзгi  мiндеттерi:–   ақпараттық  және 
телекоммуникациялық  техникалық  құралдармен  қамтамасыз  ету;–   бiлiм  берудi 
ақпараттандыру  бойынша  практикалық  шараларды  анықтап,  жүзеге  асыру;–   оқу-тәрбие 
үдерісіне  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгiзудi  қамтамасыз  ету  бойынша  ғылыми-
iзденушiлiк  және  оқу-әдiстемелiк  жұмыстарын  жүргiзу;–  пәндер  бойынша  жасақталатын 
жалпыға  мiндеттi  бiлiм  стандарттарының  және  оқу-әдiстемелiк  кешендерiнiң  мазмұнын 
ақпараттық  технологияны  пайдалану  мүмкiндiктерiмен  жетiлдiру  бiлiм  берудi  басқаруда 
ақпараттық  жүйенi  құру;–  бiлiм  беру  мекемелерiнiң  қызметкерлерi  үшiн  бағдарламалық-
техникалық  құралдарды  қамтамасыз  ету  және  мультимедиялық  бағдарламаларды, 
электрондық оқулықтарды жасақтау;– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз 
қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.Білім 
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің 
негізгі  міндеттерінің  бірі  екендігі  даусыз.  Педагог  мамандардың  біліктілігін  көтеруді 
ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық 
технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, 
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру 
мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналып  отыр.Әлемдік  өркениетке  қадам  басқан 
Қазақстанның  қоғамдық-саяси,  экономикалық,  мәдени  дамудағы  жаңа  бастамалар  мен 
түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын 
жетілдіруде  тың  ізденістер  жасауға  мүмкіншілік  туғызып  отырғандықтан   алдыма  мынадай 
мақсаттар  қойдым.–  жаңа   технологияны  қолдану  арқылы  бiлiмнiң  сапасын  көтеру;–  жаңа 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын 
жаңарту;–  жаңа   технологияны  қолдану  саласы  бойынша  оқушылардың  мамандыққа  баулу 
механизмiн  құру;–  бiздiң  елiмiздегi   жинақталған  ақпараттық  ресурстарға  жедел  ену;– 
мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  пайдалану.–  отандық  бiлiм  беру  жүйелерiн 
бiртұтас  әлемдiк  ақпараттық  бiлiмдiк  кеңiстiкке  ену  арқылы  сабақтастыру  және  т.б.Қазір 
«Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. 
Білім  берудің  ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші,  тәжірибелік 
қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  іскер  мұғалім  қажет  екендігі  аз 
айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, 
құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына 
тиімділік  тұрғысынан  қарайтын,  іскерлікке  бейім,  жоғары  талап  қоя  білетін 
адамдар.Оқытудың  тиімділігі  оқытудың  жеке  тұлғалық  стиліне,  яғни,  оқушыға  оқу 
материалын  тиімді  сипаттайтындай  қабылдау  механизміне  тәуелді  болады. Осыған 
байланысты  оқу  іс-әрекетін  тиімді  қамтамасыз  ету  бәрінен  бұрын  оқушылардың  өзіндік  іс-
әрекетін,  оқытушының  әрбір  оқушымен  жеке  тұлғалық  оқу  іс-әрекетін  сүйемелдеуді  және 
жобалар  мен  оқу  жұмыстарын  оқытушыларменбірге  ұйымдастыруды  жобалайды..Соңғы 
кезеңде  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылым  мен  практика  түбегейлі  өзгерістерге 
ұшырауда. Соның  ішінде  оқыту  үрдісі  ақпараттық  –  коммуникациялық  жағдайларда  жаңа 


141 
 
көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты 
үнемдей  алатын  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталады.Қазіргі  оқыту  үрдісіне  жаңа 
педагогикалық  технологиялар  кеңінен  енуде.Оқушыны  пәнге  қызықтырумен  қатар,  саналы 
ойлауға  тәрбиелейтін,  қоғамдық  көзқарастарын  қалыптастыра  алатын,  өзіндік  пікірі  бар, 
қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін 
ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы 
басты  кейіпкеріміз  –  оқушы  болса,  онда  барлығымыздың  бағытымыз  бір,  бағдарымыз 
байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану 
саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім 
шеберлігі  –  ізденіс  нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың   ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің 
“Мұғалім  –  өзінің  білімін  үздіксіз   көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді 
тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де  жойылады”  –  деген.  Бұл   “Ұстаз”  атты  ұлы  сүрлеуге 
соқпағын   салып  жол  тартқан  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі 
ескерту.   Сабақты  тартымды  өткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр 
сабағымызды  түрлендіріп  отыру  шарт.  Ол  үшін  тек  бір  технологиямен  шектеліп 
қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет