Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата22.01.2017
өлшемі2,67 Mb.
#2449
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Каменова А. Б.,  
Ахметкаримова Б.Ж., 
№34 жалпы білім беретін орта мектеп 
Семей қаласы 
 
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА, СУЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ 
 
            Мақсаты:  Семей  қаласының  экологиялық  жағдайы  туралы  мағлұматтар 
жинап, анықтау. 
    Міндеттері: 
1.
 
Судың,  ауаның  ластану  деңгейін  анықтау.  Аймақтық  компонент 
туралы білімімізді тереңдету. 
2.
 
Семей  қаласындағы  ауаны  ластаушы  кәсіпорындардың  жұмысын 
сараптай келіп,  өз бетімен сараптама жүргізе білу қабілетімізді дамыту. 
3.
 
Аймақтық 
компонентті 
пайдаланып 
 
экологияға 
деген 
көзқарасымызды білдіру. 
«Қазақстан  жолының  жаңа  кезеңі  –  экономиканы  нығайтудың,  халықтың 
әл  ауқатын  арттырудың  жаңа  міндеттері.  Қазақстан  үшін  экономикалық 
табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – 
өмірлік  маңызды  нәрсе»  -  деп  Елбасымыз  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
айтқан  еді  [1].  Тағы  да  сол  сияқты  «Біз  Қазақстан  жариялаған  Жаһандық 
энергиялық-экологиялық  стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  барлық  күш-
жігерімізді  жұмсауға  тиіспіз.  Біз  «жасыл»  технологиялардың  трансфертіне 
бағытталған  Астананың  «Жасыл  көпір»  бастамасын  жүзеге  асыру  жөніндегі 
жұмысты жалғастырамыз» - деп Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан 
халқына  Жолдауында  айтып  өткен.  Облыс  әкімі  Б.  М.  Сапарбаевтың  Шығыс 
Қазақстан  облысы  халқы  алдында  жергілікті  атқарушы  билік  органдары 
жұмысының  2011  жылғы  қорытындысы  және  2012  жылға  арналған  міндеттер 
жөнінде  есеп  беру  кездесуінде  «Елді  мекендерді  көріктендіру  бойынша 
жүргізілген  іс-шаралардың  нәтижесінде  облыс  бойынша  5,2  мың  шақырым 
көшелер  мен  жолдар,  494  гектар  саябақтар  мен  алаңдар  аумақтары,  2227 
кондоминимум  объектілерінің  тұрғын  үйлерінің  тұрғын  үйлерінің  аумақтары 
тазартылды.  Қатты  тұрмыс  қалдықтарын  кәдеге  жаратуға  арналған  348  орын 
қалыпты жай-күйге келтірілді, 395 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды,  
134 мың текше метр қоқыс шығарылды. 131,8 мың ағаштар мен көшеттер, 35,5 
мың  шаршы  метр  гүлзарлар  отырғызылды.  294  ескерткіш  жөнделіп,  олардың 
маңындағы  аумақтар  тазартылды.  Облыстың  елді  мекендерін  көріктендіру, 
көгалдандыру  және  санитарлық  жағдайын  жақсарту  жөніндегі  жұмыстарға  270 
мыңнан астам адам ат салысты», - деп айтып өткен[2]. 
Қазіргі  таңда  Қазақстанның  экологиялық  жағдай  әр  адамды  алаңдатады. 
Қазақстанның  экологиялық  экологиялық  жағдайының  ауырлығын  әркім  жақсы 
біледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң да бар. 2007 жылдың 9 қаңтарында 
Қазақстан 
Республикасының 
«Экологиялық 
кодексі» 
қабылданған.  

99 
 
Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  Стратегиясында  мемлекеттің 
экологиялық  саясатының  негізгі  мақсаты  көрсетілген  –  ол  қоғам  мен  қоршаған 
ортаның  өзара  әрекетін  гармонизациялау,  сондай-ақ,  экологиялық  таза  орта 
құру[3].  Қоршаған  ортаны  қорғау  –  бұл  қоршаған  ортаны  сақтау  мен  қалпына 
келтіруге,  шаруашылық,  болмаса  басқа  да  әрекеттердің  қоршаған  ортаға 
жағымсыз  ықпалдарын  болдырмауға  немесе  олардың  салдарын  жоюға 
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың жүйесінің жиынтығы.Бірақ 
қоршаған  ортаның  экологиялық  жағадайы  күннен-күнге  төмендеуде[4].  Өзен-
көл, теңіз, ауа, су ластанып, орман-тоғайлар кесіліп, оталып жатыр. Сондықтан 
экологиялық  жағдайында  Елбасымыз  өз  Жолдауында  осыған  байланысты 
жұмыстар жүргізу туралы айтты. 
Қазақстандағы  экологиялық  аймақтардың  бірі  –  ол  Шығыс  Қазақстан 
облысы,  Семей  өңірі.  Семей  өңірінің  экологиялық  жағдайы    да  қазір 
алаңдатушылық  тудыруда.  Ертіс  өзенінің  суы  ластануда;  ауаға  әр  түрлі 
кәсіпорындар бөлген саздар; шаң-тозаң бөлінуде. Табиғат Қазақстан жерін өзен 
судан  кенде  етпеген.  Алайда  кейнгі  кездерде  Арал  мен  Балқаштың  арнасы 
сарқылып,  Каспий  теңізінің  балығы  азайып  кетті  деп  жүргенде,  бүгінгі  таңда 
жиырма  жылдан  бергі  Ертіске  жер  астынан  жылжып  келе  жатқан  Керосин 
көлінің  құрықталмай  жатқандығы  алаңдатады.  Көлемі  4,2  мың  км  жерді  алып 
жатқан  Ертіске  төнген  қауіп  өзен  бойлаған  халықтың  да  денсаулығына  қауіп 
тудырады.  Ертіс  өзенінің  суы  ластанып,  ішуге  жарамсыз  жағдайға  жетті. 
Жетпісінші  жылдардың  соңында  Семей  қаласының  шетінде  орналасқан  әскери 
аэродромның  жанармай  қоймасынан  кеткен  авиа  керосиннен  қордаланған 
керосин  көлі  бүгінгі  таңда  Қазақстан  экологтарын  ғана  емес,  бүкіл  әлемдік 
қауымдастықты алаңдатуда. 1997 жылғы зерттеу жұмысы жер астындағы жағар 
майдың  көлемі  6 000  тонна  деген  қорытынды  жасалған.  Юность,  Восход  елді 
мекендерінің  тұрғындарының  құдығынан  ауыз  судың  орнына  бензин 
шығатынын айтып дабыл қағуда. Сол «жаңармай теңізі» жыл өткен сайын Ертіс 
өзеніне жақындап келе жатқан сияқты. Егер де ол жер асты суларына қосылып 
бірлесіп  кетсе  экологиялық  апат  сонда  болмақ.  Семей  мемлекеттік  педагогика 
институтының  биология  ғылымының  профессоры  М.  С.  Панин  былай  дейді: 
«Бізге заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдің мүмкіндігімен ең бірінші керосин 
алып  жатқан  жер  асты  мен  керосиннің  көлемін  және  жылжыту  жылдамдығын 
анықтап  алып  барып  іске  кірісу  қажет.  Керосин  көлінің  Ертіске  құйылу  қаупі 
алаңдатарлық  жағдай.  Өзен  суы  ағынды,  сондықтан  да  өзеннің  бойын 
қоныстаған  Семейден  басқа  да  Курчатов,  Павлодар,  Омбы  қалалары  мен  басқа 
ірілі-ұсақты елді мекендерді басып өтетін өзенге бет алған керосин көлін тоқтата 
алмасақ  халықаралық  деңгейде  шу  көтеріліп,  Семей  қаласына  айып  салынуы 
мүмкін».  Керосин  көлінің  алып  жатқан  көлемі  420  шаршы  метр,  соңғы 
мәліметтерге  қарағанда,  Ертіске  150  метрдей  қашықтықта  тұр  деген  болжам 
айтады  мамандар.  Осы  апатты  заласыздандыру  жұмыстарының  жобаларын 
дайындау  үшін  республикалық  бюджеттен  2,5  млн.  теңге  қаржы  бөлінгені 
көңілге  аз  да  болса  демеу.  Қазір  жер  үстіне  тек  30  тонна  жанармайды  шығару 
мүмкіндігіне  қол  жеткізілді.  Кейінгі  он  –  он  бес  жылдың  көлемінде  қала 

100 
 
бойынша бірқатар экологиялық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде топырақтың, 
ағын  және  жерасты  суларының  радиоактивті  ластанудың,  ауа  бассейнінің 
ластануын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  мәліметтер  алынды.  Алайда,  бұл 
зерттеулер  жүйелі  және  жан-жақты  түрде  жүргізілген  жоқ,  көбінесе  қаладағы 
өндіріс  орындарының  қалдықтарды  шығару  және  төгу  көлемін  анықтау 
мақсатында ғана жүргізілді. Анықталған фактілер қалада жағымсыз экологиялық 
фактілер мен олардың қала халқының денсаулығына әсерін жан-жақты зерттеп-
білудің қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты 2006 жылы «Семей қаласының 
ғылыми негізделген экологиялық паспортын» жасау жұмысы жүргізілді. Жұмыс 
барысында  ауа,  су,  топырақ,  аймақтың    радиациялық  жағдайы,  шулар, 
электромагниттік өрістер, архитектуралық-жоспарлау шаралары, демографиялық 
жағдай зерттелінді. 
Кейінгі  кезде  Семей  қаласында  экологиялық  жағдайының    төменделуі 
байқалады.  Бұл  көліктің  көбеюі,  өнеркәсіптердің  ескі  технологиясы,  табиғатты 
қорғайтын  бағдарламалардың  болмауы.  Семей  қаласында  соңғы  3-4  жыл  бойы 
атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар деңгейі 26-28 мың көлемінде. Аса 
ірі  өндірісті  қала  болмағандықтан  шоғырланған  газ  тектес  зиянды  заттардың 
жалпы көлемі тәуліктік қалыптықтық деңгейден асқан жоқ. Ал шаң-тозаң 1,3 есе 
қалада  үнемі  ұлғайған.  Желдің  соғуы  шаң-тозаңнан  сақтайды.  Семей  жазық 
далада шаң-тозаң желмен ұшып кетеді. Ол қаладағы жылу қазандықтарының да 
есепсіз  көптігінен  болып  отыр.  Негізгі  ауаны  ластаушылар  ТЭЦ-1,  ТЭЦ-2 
құрылыс  материалдарын  шығаратын  өндіріс,  жеңіл,  тамақ  өнеркәсібінің 
салалары,  ұсақ  жылу  қазандықтар  саны  300-ге  жуық.  Сондай-ақ,  қатты 
қалдықтар  полигоны.  Қалада  150  өндіріс,  олардың  1 648  ұйымдастырылған, 
1 093 ұйымдастырылмаған көздері бар. 2010 жылы шығу көздері ауаға 35,4 мың 
тонна  қалдық  бөлген.  Атмосфералық  шаң-тозаңмен,  азот  демоксидімен, 
көміртегі  оксидімен  ластануы  жоғары  екені  анықталды.  Автокөліктердің  2010 
жылы  ластаушы  заттарды  бөлуі  39  мың  тонна  болған.  Сондай  жеке  меншік 
үйлердің  қыс  мезгілінде  от  жағуынан  ластану  30%.    «Шығыс  Қазақстан 
облысының  гидрометрология  орталығының  интергалды»  бағалау  индексі 
бойынша ауаның ластануы орташа 4,1 – 5,1 деңгейде болды. Ауадағы заттардың 
орташа концентрациясы шамамен  -  азот диоксиді 1,1 сс, күкірт диоксиді – 0,8 
сс, көміртегі оксиді – 0,3, фенол – 0,5 сс. 
Семейдегі 
«Силикат» 
ЖШС-нің 
күйдіру 
пештеріндегі 
жағдай 
алаңдатарлық.  Жобасыз  отынды  қолданғандықтан  завод  ауаға  зиянды 
қалдықтарды бөлетін бірден-бір орын. «Силикат» ЖШС қаланың ішкі жағында, 
яғни  халықтың  көп  шоғырланған  жерінде  қаланың  солтүстік  бөлігінде 
орналасқан.  Өнеркәсіптің  ластаушы  заттарды  бөлу  көлемі  4,2%.  Бұл  қоршаған 
ортаға,  сондай-ақ  адамдар  денсаулығына  зиянды.  Қазір  «Силикат»  ЖШС 
металлургиялық кокс қолданады. Бұл ластаушы заттардың бөлінуін азайтты. 
«Семей цементі» ЖАҚ  өнеркәсібі 2009  жылы  8,25  мың  тонна  зат  бөлген. 
Бұл  шаң-тозаңды  ұстап  қалатын  қондырғыларының  ескіруімен  байланысты.  
«Семей  цементі»  ЖАҚ  қазір  ескірген  қондырғылардың  орнына  жоғары 
дәрежедегі  газдарды,  шаңды  тазалайтын  қондырғыларды  қойды.  Бұл  мақсатта 

101 
 
43 329,  29  мың  теңге  қаржы  бөлген.  МКК  «Жылукоммунэнерго»,  ЖАҚ  «Семей 
цементі», «Силикат» ЖШС ауаға ластаушы заттардың 70%. 
Ауаны ластаушы өндірістердің бірі «Жылукоммунэнерго» МКК. Қаладағы 
46 жылу қазандықтары тиесілі. Шаң, газды тазалайтын қондырғылардың орташа 
тазалау көрсеткіші 80% құрайды. Жылу қазандықтарынан атмосфералық қалдық 
заттарды бөлуі 2009 жылы 14 452,4 тоннаны құрады. Семей қаласына 2010-2015 
жыл аралығында күшті, үлкен жылу қазандығын салу жоспарланған. 
«Семей су каналы» өндірісі 2009 жылы жалпы 740 мың тонна өнеркәсіптік 
қалдық  бөлген.  Жалпы  қатты  зат  қалдығы  28,0  мың  тонна.  Қатты  қалдық 
заттардың  бөлінуі  айналадағы  қоршаған  ортаны  тікелей  ластайды.  Қатты 
заттарды  қаладан  7  км  жерде  Семей-Қайнар  жолында  орналасқан  полигонға 
апарып жояды. Қазір 18,5 млн. м3 қалдық заттар көмілген. Жылына 180 мың м3 
қалдық апарылады.  
Судың, ауаның ластануы: 
Суға бөлінген қалдық заттардың жалпы мөлшері: 
2011 жылы – 794,651 мың тонна 
2012 жылы – 794,651 мың тонна 
 Өнеркәсіптік қалдық сулардың суға бөлінуінің жалпы көлемі:  
2011 жылы – 170,003 мың тонна 
2012 жылы – 171,940 мың тонна 
Жылу қазандықтарының қатты қалдық заттардың бөліну мөлшері: 
2011 жылы – 72,303 мың тонна 
2012 жылы – 76,390 мың тонна 
Қатты заттардың қалдықтар полигонына шоғырлануы: 
2011 жылы – 84  мың тонна 
2012 жылы – 92  мың тонна 
Ауаға бөлінген қалдық заттар мөлшері:        
. Қазақстанда атмосфераның ластануы бойынша Семей қаласы ІІ топта. 
. Шаң-тозаң кейінгі жылдары 1,3 есеге ұлғайған.  
.  Қалада  шамамен  50  000  автокөлік  бар.  Ресми  деректер  бойынша  автокөлік 
қаладағы стационарлық ошақтармен тепе-тең ауаға зиянды заттарды бөледі. 
.  Автокөліктерден ластаушы заттардың бөлінуі  39 000 тонна. 
 .Жеке меншік үйлердің от жағуынан ластануы 30% 
.  ШҚО  гидрометрология  орталығының  интегралды  бағалау  индексі  бойынша 
ауаның ластануы орташа 4,1-5,1 деңгейде. 
.  Тексеру жұмыстары бойынша: 
Ауаның  ластануы  Чехов,  Бозтаев,  Рысқұлов,  Қаржаубайұлы    көшелерінде 
жоғары.  ТЭЦ-  1  қазандығы  аудандары,  Цементшілер  елді  мекенінде  ауаның 
ластануы  жоғары.  Ауаның    ластануына  байланысты    Цементшілер  кентіндегі 
адамдар арасында тыныс алу жолдары аурулары көп кездеседі. 
Ластану индексі: 

102 
 
 
Ауаны ластаушы көздер: 
«Семей цементі» ЖАҚ 
Автокөліктер 
Жеке меншік үйлер 
Жылу қазандықтары 
Суды ластаушы кәсіпорындар: 
«Семей су каналы» өндірісі 
«Курчатов көп салалы кәсіпорны» МКМ 
ЖШС «Эко Семей» 
МКМ « Келешек» 
Зерттеудің қорытындысы мен нәтижесі: 
1.
 
 Осы  деректерге  сүйене  отырып,  қазір  Семей  қаласында  өкпе 
демікпесі, бронхит ауруы көптігі анықталды.  
2.
 
Семей  қаласындағы  ластаушы  кәсіпорындар  «Семей  су  каналы» 
өндірісі,  «Жылукоммунэнерго» МКК, «Семей цементі» ЖАҚ,  «Силикат» ЖШС 
екені анықталды. 
3.
 
Елбасымыз айтқандай Қазақстан жариялаған Жаһандық энергиялық-
экологиялық  стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  барлық  күш-жігерімізді  жұмсауға 
тиіспіз. 
4.
 
 Елді мекендерді көріктендіру жұмыстарын жалғастыру керек. 
5.
 
Көшелер  мен  жолдар,  саябақтар  мен  алаңдар  аумақтарын,  тұрғын 
үйлерінің аумақтарын тазарту жұмыстарын жалғастыру керек. 
6.
 
 Қатты тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға арналған қалыпты жай-
күйге  келтіру,  рұқсат  етілмеген  қоқыс  орындары  жою,  қоқыстарды  шығару, 
ағаштар мен көшеттер, гүлзарлар отырғызу жұмыстарын жалғастыру керек.  
                                          
Пайдаланған дерек көздері: 
1.
 
Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жыл. Астана 
қаласы// Егемен Қазақстан, 2012 жыл №41-42. 
2.
 
 Б. М. Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында жергілікті 
атқарушы  билік  органдары  жұмысының  2011  жылғы  қорытындысы  және  2012 
жылға  арналған  міндеттер  жөнінде  есеп  беру  туралы  //  Семей  таңы,  2012  жыл 
№13. 
3.
 
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы. 
4.
 
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 
 
0
2
4
6
2007 2008 2009 2010 2011 2012

103 
 
Кейгбаева Д.С., 
«№3 Айналайын балабақшасы» КММ 
Зайсан қаласы 
 
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН 
ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 
 
Қазақстанның білім беру жүйесін модернизациялау стратегиясында білім беруде 
құзырлылық  тәсілді  енгізу  қажеттілігі жөнінде  айтылған, өткени ол  мұғалімнен 
оқушыға  білім,  білік,  дағдыны  қарапайым  түрде  ғана  беру  емес,  ол  педагогтың 
кәсіптік  құзырлылығын  қалыптастыруды  талап  етеді.  Қазіргі  педагогтардың 
ойынша өмірлік маңызы бар құзырлылықтардың әр адамға болуы оларға қазіргі 
қоғамда бағдар жасауға көмектеседі, тұлғаның қазіргі уақыт талабына сай әрекет 
ету қабілеттерін қалыптастырады. 
 Білім  беру  саласында  оқушылардың  әр  пәнді  игеруге  деген  құлшынысын 
арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі 
жаңа  технологияларды  қолдану  мұғалімдер  мен  оқушылардың  мүмкіндіктерін 
кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика 
ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын 
шығаруға ұмтылуда. 
Сол  технологиялардың  бірі  –  ойын  технологиясы.  Педагогикалық  ойындар 
технологиясы 
дегеніміз 
– 
педагогикалық 
жұмысты 
ойын 
түрінде 
ұйымдастырудың  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиыны.  Ойын  түріндегі  жұмыстар 
сабақ  үстіндегі  қолайлы  деген  жағдайларда  пайда  болып,  оқушыларды 
қызықтырушы  құрал  ретінде  қолданылады.  Баланы  тәрбиелеуде  ойын 
технологиясының  берері  мол.  Ойын  кезінде  жеке  тұлғаның  өзін  –  өзі  басқару 
қабілеті жетіліп, қалыптасады[1,36]. 
В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы 
мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспеттес,  ол  арқылы 
баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы 
түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап 
жанар оты» деген. 
Ойын барысында оқушылар өздеріде байқамай әр түрлі жаттығуларды орындай 
бастайды.  Ойын  баланы  іздену  жолына  бағыттайды,  жеңіске  деген 
қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, 
тапқыр  болуға,  ойын  шартын  сақтап  отырып  тапсырмаларды  нақты  орындауға 
тырысады. 
Ойындарда,  әсіресе  топтық  ойындарда  жеке  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттері, 
жауапкершілік  толық  сезімдері  қалыптасады,  тәртіп,  күш  жігер,  мінез  –  құлық 
тәрбиеленеді.  Көрнекіліктердің  әдістері,  сұрақтың  қызық  та,  тиімді  түрлері, 
жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары,сайыстар балалардың белсенді ойлау 
әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп 
отырады, ұшқырлана түседі[2,36]. 
Даярлық  топ  оқушыларының  білуге  деген  ынтасы  мен  мүмкіндіктерін  толық 

104 
 
пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында 
алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  өзімнің 
сабақтарымда ойын элементтерін көп пайдаланамын. 
Кей  бала  ойында  шынайы  өмірді  бейнелесе,  кей  бала  ішкі  сезімін  білдіреді. 
Мағжан  Жұмабаев:  «Ойын  –  баланың өз  ісі.  Баланың ойынына кірісуші  болма. 
Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла». 
«Құзырлылық»  ұғымы  жайлы  Құдайбергенова  К.С.  «Құзырлылық  табиғаты  – 
тұлғаның  өзіндік  дамуында»  атты  еңбегінде  былай  деп  көрсетті:  «Құзырлылық 
ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне 
ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың 
латын  тілінен  аудармасы  «competens»  белгілі  сала  бойынша  жан  –  жақты 
хабардар  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып,  қандай  да  бір  сұрақтар 
төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді»  десе,  бұл 
жайлы  Б.А.Тұрғынбаева  «Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті 
арттыру  жағдайында  дамыту»  еңбегінде  «...өзінің  практикалық  әрекет  арқылы 
алған  білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  – 
құзырлылықтар  деп  атаймыз»  деп  анықтаса,  ресей  ғалым  Н.В.  Кузминаның 
көзқарасы  бойынша  «Құзырлылық  дегеніміз  –  педагогтың  басқа  бір  адамның 
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы»- деді[3,24]. 
     «Құзырлылық» түсінігі – бұл оқыту үрдісінің тұлғаның басты (базалық, 
негізгі) және пәндік құзырлылықтарының қалыптасуына бағдарланған. Бұл 
үрдістің нәтижесі ретінде адамның жалпы құзырлылығының қалыптасуын 
айтуға болады, ол басты құзырлылықтарының жиынтығы, түлғаның 
кіріктендірілген сипаттамасы болып табылады. 
 Құзырлылыққа бағдарланған тәсілдері: 
Танымдық құзырлылық: 
оқудағы жетістіктер; 
интеллектуалдық тапсырмалар; 
оқи алу білігі және білімді пайдалана білуі. 
Тұлғалық құзырлылық: 
жеке қабілеттері мен талантын дамыту; 
өзінің күшті және әлсіз жақтарын білуі; 
рефлексия жасау қабілеті; 
білімнің үдемелілігі. 
Өзіндік білім алу құзырлылығы: 
өзіндік білім алу қабілеті, өзін – өзі оқытудың өзіндік тәсілдерін ұйымдастыру; 
жеке білім алу қызметінің деңгейіне жауаптылығы; 
тез өзгеру жағдайында білім, білік, дағдыларды пайдалану икемділігі; 
үнемі өзіндік талдау, өз қызметін бақылау. 
Әлеуметтік құзырлылық: 
ынтымақтастық, командада жұмыс істей білу, коммуникативтік дағдылар; 
өзіндік шешім қабылдау қабілеті өзінің қажеттіліктері мен мақсаттарын түсінуге 
ұмтылу; 
әлеуметтік тұтастық, қоғамда тұлғаның рөлін анықтау білігі; 

105 
 
тұлғаның сапалық қасиеттерінің дамуы, өзін – өзі реттеу. 
Өзінің денсаулығына құзырлы қатынас: 
Соматикалық денсаулық; 
Клиникалық денсаулық; 
Денінің сау болуы (физическое здоровье); 
Валеологиялық білімдерінің деңгейі. 
Құзырлылық міндеті: 
оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау; 
өнімді білім, білікті игеру; 
бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту. 
Оларды орындауда мұғалім төмендегі келтірілген ережелерді есіне сақтау қерек: 
Белсенділікті  қалыптастыру  үшін  уақытты  да,  күшіңізді  аямаңыз.  Бүгінгі 
белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. 
Оқушы білім алуға, оқу – таным қызметің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз. 
Әңгімелеп  айтқан  білмейтінін,  практикада  қолданатын  адам  білетінін  есіңізге 
сақтаңыз. 
Оқушыларды және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз. 
Шығармашылық  ойлауды  проблеманы  жан  –  жақты  талдаумен  дамытыңыз, 
танымдық  міндеттерді  бірнеше  тәсілдермен  шешіңіз,  жиі  шығармашылық 
есептерді жоспарлаңыз. 
Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз. 
Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз. 
Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз. 
Танымдық  ойындар  жас  ерекшеліктеріне  қарай  күрделене  түседі.  Адам 
бойындағы  қызығушылығын,  қабілеттерін  арттыруға,  білімін  шыңдауда 
танымдық  ойындардың  алар  орны  ерекше.Адамның  танымы  биіктеген  сайын, 
дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. 
Халқымыздың  тарихи-мәдени  мұраларының  түрлері  сан  алуан.  Солардың  қай-
қайсысы  да  адамға,  оның  игілігіне  қызмет  етуге  бағытталған.  Осындай  құнды 
мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары[4,58]. 
Ойын да халық педагогикасының құрамды бip бөлігі. Адам баласы жасаған жеті 
кереметтің  қатарына  ceгізінші  eтiп,  осы  ойынның  аталып  жүруі  де  жайдан-жай 
емес.  Ұлттық  ойындар  халықтың  элеуметтік-  экономикалық  жағдайларына 
байланысты  туып,  дамығанына  қазақ,  халқының  ұлттык,  ойындарымен  таныса 
отырып, көзімізден әбден жетеді. 
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Дегенмен 
халық ойының  неше  алуан  түрлерін  туғызып  қана қойған жоқ,  соны ic жүзінде 
қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. 
Уакыт  мектеп  мұғалімдеріне  жастарды  жаңа  заман  талаптарына  сай,  әpi  озық 
ұлттық  дәстүр  рухында  тәрбиелеп,  өмipre  әзірлеу  секілді  жауапты  міндеттер 
жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. 
Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» 
деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, атасалтын, дәстүрін қайта түлетуде. 
Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие 

106 
 
жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпак; тәрбиелеуді талап етуде. 
Жастарды  жаңа  заманға  сай  тәрбиелеу  үшін,  ұстаздар  қауымы  оқу  тәрбие 
жұмысына  шығармашылықпен  қарап,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдану 
керек. Сондай оқу- тәрбие негіздерінің бipi- ұлттык; ойындарымыз. 
Ол-  сандағы  ұрпақтың  керегіне  жарап,  оларды  өмipre  әзірлеу  қажетін  өтеген, 
сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақдың ұлттық ойындары: ойын-сауық, 
тұрмыс-салт  ойындары,  дене  шыныктыру,  спорт  ойындары  және  оймен  келетін 
ойындар  болып  бөлінеді.  Ұлт  ойындары  сонымен  қатар  ауыз  әдебиетінің  бip 
саласы болып есептеледі. 
Халық  өзінің  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егежей-тегежейлі  білуді 
баланың  санасына ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын бала 
табиғатымен  егіз.Өйткені,  бала  ойынсыз  өспек  емес,  жан-жақты  дамымақ  емес 
бала отбасы тәрбие және өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін 
үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған  балаларға ана тілін оқытудың 
тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс.Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды 
пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, 
сабақтың  сапасын  арттыруға  толық  мүмкіншілік  бар.  Баланың  сөздік  қорын 
молайтып,  сөзді  еркін,  өз  маганасында  қолдануға,  тез,  жылдам  сөйлеуге 
жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал[5,78]. 
Оқушылардың  жалпы  оқу  деңгейін  көтеру  және  олардың  кажетті  практикалық 
білімін,  біліктілігін,  әдетін,  тәртібін,  әлеуметтік  тәжірибесін  қалыптастыру 
мақсатында  әртүрлі  пәндер  енгізіліп,  олардың  әрқайсысының  өз  бағдарламасы 
бар  екені  бәріне  мәлім.  Сондай  пәннің  бipi  -тіл  дамыту  пәні  -  бастауыш 
сыныптарда  жүргізіледі.  Балалардың    жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау- 
жалпыдан  жекеге  қарай,  яғни  жеке  тұлғаны  дамытудың,  баланың  тіл  мүкістігін 
танып түзетудің, баланың жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін кеңейте 
отырып,  өзара  қарым-қатынаста  қолданатын  сөз  байлығын  молайту  болып 
табылады. 
Ал,  қазақ  халық  педагогикасында  саусақ  ойыны  ұрпақтан-ұрпаққа  қалаған 
мәдени  шығармашылық  болып  табылады.  Қазақ  халқы  саусақ  ойыны  арқылы 
баланың  сөйлеуге  деген  талпынысын, қабілетін  дамытып, ынтасын  арттырарын 
білген.  Саусақ  ойының  ойнай  отырып,  балалар  қоршағанортадағы  заттар  мен 
құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады. 
Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы. 
Ойын-  бip  қарағанда  қарапайым  құбылыс  немесе  әрекет  icпeттi.  Ол  міндетті 
түрде  ұжымдық,  әрекет.  Ойынның  ережелері  ойнаушылардың  қисынды  ой 
қабілетінің  дамуы,  бip-бipнe  деген  сыйластық  қажеттіліктерімен  санасуы  әр 
ойыншының  жеке  әрекеттерінен  туындайды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске 
жету  болса,  әр  ойыншы  өз  қарсыласының  мүмкіндігімен  санасып,  бip-бipiнe 
деген сенімін арттырады. 
Ойынның  да  өзіне  тән  мотивтері  болады.Мысалы,  мазмұндық,  рөлдік  ойындар 
баланың  зейінін,  eciн,  ойлауын,  қиялын  қалыптастыруда  зор  маңыз  атқарады. 
Ойын  әcepi  арқылы  бала  өз  қасиетін  қалай  қанағаттандыра  алатынын,  қандай 
қабілеті  бар  екенің  байқап  көреді.  Ал,  ақыл-ой  ойындарында  белгілі  бip 

107 
 
ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, 
зейінділігін  арттырумен  қатар,  epiк  сезім  түрлерін  де  дамытады.Ойын  түрлері 
көп.  Соның  ішінде  бастауыш  сыныптарда  пайдаланатын:  ойын-сабақ,  ойын-
жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, 
логикалық  ойын  есептер,  ұлттық ойындар,  т.б.  Бұндай  ойындар  оқушыны  жан-
жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. 
Оқу  үрдісінде  -  кеңінен  қолданылатын  ойынның  тағы  бip  түpi  ол-дамытушы 
ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ьқыласын 
есепке  ала  отырып,  оқуды  қызықты  етіп,  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру. 
Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, 
қызығушылығын дамыту. 
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді: 
a) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру; 
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру; 
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге 
қамтамасыз ету; 
в)  ойын  барысында  балаға  жаңа  білім,  білік  дағдылардың  қайнар  көзіне 
жету; 
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, 
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі. 
Осы  керсетілген  сұраныстардың  ішінде  балалардың  танымдық  әрекеттерін 
дамытуда әcipece кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде 
оқушылардың  өздері  қолдан  жасап,  құрастырып  ойнайтын  ойыншықтардың 
орны ерекше. 
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, 
ойлау,  сөйлеу  тілімен  олардың  түрлі  қабілеттері:  конструкциялық,  музыкалық, 
ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды. 
Сабақты  бірыңғай  әдістермен  жүргізе  беру  оқушыларды  жалықтырары  сөзсіз. 
Егер  арасында  ойын  араласып  келіп  отырса,  оқушылар  сабақ  мазмұнына  аса 
назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады. 
Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол  ойындардан  үлкен  де  мәнді, 
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің 
болсын  жөн  бастар  қайнар  көзі  болатыны  белгілі.  Сондықтан  да  ойын  бала 
бойындағы  қандай  да  бір  өнердің  бастауы  және  патриоттарды  тәрбиелеуде  зор 
орын алатыны сөзсіз екенін білеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет