Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата22.01.2017
өлшемі2,67 Mb.
#2449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
Используемые источники: 
1.
 
Назарбаев  Н.А.  «Стратегия  «Казахстан-2050».  Новый  политический 
курс  состоявшегося  государства».  Послание  Президента  страны 
народу Казахстана // Казахстанская правда, 2012, 15 декабря. 
2.
 
Назарбаев  Н.А.  Интервью  ИА  Новости-Казахстан.  Kazakystan  Today. 
2009, 4 сентября. 
3.
 
Назарбаев  Н.А.  Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А. 
Назарбаева  народу  Казахстана.  17  января  2014  год.  «  Казахстанский 
путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое  будущее»  // 
http://www.akorda.kz  
4.
 
Боремся с экстремизмом // Аргументы и факты. 30 апреля 2014. 
5.
 
http: rnpcppn.kz 
6.
 
www.newsroll.pcmag.ru 
7.
 
http: 4ru.info 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10 
 
Аймуханбетова М.К., 
«М.Әуезов атындағы орта мектеп»КММ 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 
ШҚО Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылы 
 
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ  ОҚУШЫ 
БОЙЫНА АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
            Қазақстан  Республикасы    -    өзінің  тәуелсіз  мемлекет  екендігін  бүкіл 
әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың 
әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған 
әрбір  азаматтың  осыған  өз  мүмкіндігінше  үлес  қосуы  тиіс.  Осы  мақсатқа  жету 
жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, 
болашақ  жастар,  оқушылардың  бойында  азаматтық  -  патриоттық  сезімін  ояту. 
Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.  
          Еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев:  "Қазақстанның  отаншылдық 
сезімін  тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу 
орындарына  дейінгі  орталықтарда  барлық  ұйымдарда  көкейкесті  болып 
табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге  тәрбиелеу  - 
мұғалімнің  аса  маңызды,  аса  жауапты  да  қадірменді  парызы"  -  деген  еді.  Әр 
дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  өзіндік  мүдделері 
болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық",  отансүйгіштік",  "  патриотизм", 
ұғымдары  сол  заманның  ақиқаты  -  наным  -  сенімінен  туындайды.  Еліміз 
егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  темірқазығы  -  қазақстандық 
патриотизм болды. 
           Бүгінде  «Патриоттық  тәрбие  -  жұтаң»,  «Жастарды  отансүйгіштікке 
баулудың  жаңа  жолдарын  қарастыру  керек»,  «Жаһандану  мен  еліктеушіліктің 
жетегінде  кеткен  оқушылар  ана  тілінен  алшақтап барады» деген  пікірлерді жиі 
естиміз.  Соңғы  кезде  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  та  ұрпақ  тәрбиесіне 
ерекше  маңыз  беруде.  Бұл  Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  -  2050» 
Стратегиясында 
да 
айқын 
көрініс 
тапқан. 
Мұнда 
Елбасы 
жас 
қазақстандықтардың патриоттық тәрбиесіне тұтас бір тарау арнаған.    
          Байқап  қарасақ,  қазіргі  кез  -  патриоттық  тәрбие  мәселесіне  ерекше  көңіл 
бөлер  шақ.  Қазіргі  жастар  ел  сенімін,  ата-ана  үмітін  ақтап  жүр  ме?  Бүгінгідей 
жаһандану кезеңі мен қоғамның аласапыран шағында адам баласын патриоттық 
тәрбиеге, отансүйгіштікке тәрбиелеу өте маңызды екені рас. 
        Өкініштісі  сол,  бүгінгі  таңда  ата-аналар  өз  жауапкершіліктерін  ұстаздарға 
ысырып қойған. Иә, әрине, әрқайсысы таңның атысынан күннің батысына дейін 
отбасын  асыраудың  қамымен  еңбек  ететінін  білеміз.  Десе  де,  перзенттеріне  де 
көңіл  бөлгені  абзал.  Қалай  десек  те,  тәрбиенің  түпқазығы  –  отбасында.  Сонда, 
бала тәрбиесінің бар ауыртпалығын білім беру мекемелеріне ғана жүктеп қойсақ, 
не боламыз?! 

11 
 
        Негізі, балаларымыз нағыз патриот болып өссін десек, үлкендерден бастау 
керек.  Себебі,  олар  бізге  қарап  бой  түзейді.  Егер  ата-аналарының,  аға-
әпкелерінің,  ұстаздары  мен  тәрбиешілерінің  туған  жерін  шексіз  сүйетінін 
сезінсе, олардың жүректерінде де сүйіспеншілік арта түседі. Алдыңғы дөңгелек 
қалай жүрсе, соңғысы соның ізін басады емес пе?! 
Қазіргі  кезде  мұғалімнің  мәртебесімен  оқушы  да,  ата-ана  да  санаспайтыны 
жасырын  емес.  Ұстаз  қатты  сөз  айтса  болды,  оқушылардың  көбі  «сіздің 
құқығыңыз  жоқ!»  деп  шыға  келеді.  Осы  тұста  құқықтық  мәдениет,  ұлттық 
тәрбие  мен  дәстүрлі  демократияның  жоқтығы  білінеді.  Ата-аналардың  көбі 
ұрпақтың  біліміне  де,  тәрбиесіне  де  мектеп  жауапты  деген  жаңсақ  көзқарас 
ұстануда. 
           Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі. Қазақ «Отан отбасынан басталады» деп 
текке айтпаған. Себебі, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, 
осында  ер  жетіп,  тәрбие  алады.  Отбасы  –  адамның  аса  қажетті  әрі  қасиетті 
«мектебі».  «Жасөспірімнің  тәрбиесіне  тек  мектеп  жауап  береді»  деген  пікір  – 
түбірімен  қате.  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  деген  нақыл  сөз  отбасы 
тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? 
          Соңғы кезде бір аңғарғаным - ата-аналар мен оқушылардың арасында емін-
еркін,  ашық  қарым-қатынас  қалыптасуда.  Жастар  әкесіне,  анасына,  үлкендерге 
«Сен»  деп  сөйлейді.  «Сіз»  деп  сыпайы  үн  қатып,  сызылмайды.  Мұны  бүгінгі 
заманның  «артықшылығы»  деп  түсіндіреді.  Көбі  «Мен  анамнан  ештеңе 
жасырмаймын,  қалаған  жеріме  баруыма  рұқсат  береді»  деп  мақтанады.  Ал 
оқушы  жастардан  кітап  оқыдың  ба?»  деп  сұрасаң,  үндемей  тұрады.  Есесіне 
«Анау  мұғалімнің  неше  баласы,  қандай  үйі,  көлігі  бар?  Жұбайы  қайда  жұмыс 
істейді?» деп сұрасаң, барлығы тақылдап жауап беруге даяр тұрады. 
    Әлеуметтік зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек, Қазақстан жастарының 
10  пайызы  «Мүмкіндік  болса,  шетелге  кетесің  бе?»  дегенге  «Иә»  деп  жауап 
қайтарған  екен.  Ал  олардың  тең  жартысының  расында  да  шетелге  қоныс 
аударуға  хал-жағдайы  жетеді.  Біз    мұның  себебін  жаһандану  үрдісінен  деп 
білеміз.  Жасөспірімдердің  теледидардан  да,  айналадағы  ортадан  да  естіп-
көретіндері  –  шетелдегі  «тамаша»,  «бейқам»  өмір.  Жастар  Батыс  елдеріндегі, 
АҚШ-тағы  тірлік  бізден  әлдеқайда  жақсы  деп  ойлайды,  сол  мемлекеттерді 
«идеал» деп санайды. Ал америкалықтардың өздерінен «Егер ел басына күн туса, 
қайтер едің?» деп сұрағанда, «Әрине, басқа жаққа көшіп кетем» деген жауап алу 
– қалыпты жағдай. Бұл – америкалық патриотизмнің моделі. Егер біздегі жағдай 
өзгермесе,  көп  ұзамай  біздің  де  «отансүйгіштігіміз»  америкалық  «үлгіге» 
айналады.  Сондықтан  да,  осы  тұста  мектептер  де,  отбасы  да,  басқа  қоғамдық 
құрылымдар  да  бірлесіп,  әрекет  етуі  керек  деп  ойлаймын.  Мұндағы  басты 
құралымыз - ұлттық құндылықтар. 
       «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясында:  «Отаншылдық,  отансүйгіштік, 
патриотизм  (грек.  patris  –  Отан)  -    адамның  Отанына,  туған  еліне,  оның  тіліне, 
салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне  деген    сүйіспеншілік  сезімі»,  -  деп  анықтама  
берілген . 

12 
 
        Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында Отанға  деген махаббат ұлттың және 
құқықтык, сана-сезім, азаматтық өнеге мен табиғи түйсіктерді: өз отбасы, елі, халқы 
ауданы, ауласы, қаласын қолдау – бастауы болып саналатын азаматтық – патриотизм 
үлкен  орын  алады.  Осылайша,  азаматтық  патриотизм  негізінде  халық  рухында, 
ұлттық  түсінікте,  шығармашылыққа  ұмтылуда,  белсендік  әлеуметтік  салада  тамыр 
алып  жатқан  -  саналы  талпыныс    жатыр.  Азаматтық  патриотизм  туған  табиғат  пен 
өзінің  топырағы  арасындағы  қатынас  болып  табылады,  ол  әлеуметтік  мәдениет 
тұтастығы мен тұлғалар өмір сүретін  рухани  адамгершілік ортаны көрсетеді. 
         Азаматтық  тәрбиенің  жеткіліксіздігін  оқушы  жастардың  қазақ  тіліне  деген 
көзқарасынан –ақ көруге болады. Олар әдетте өзара қазақ тілінде сөйлеспейді. 
Қазіргі 
кезде «қазақпын» деп айтуға, ана тілінде тілдесуге ұялатын отандастарымыздың 
барыда жаңалық емес. 
      «Қазақстанның  болашағы  -  қазақ  тілінде»  екенін  Президент  Н.Назарбаевтың 
өзі ашып айтса, оны іске асыру әр азаматының абзал борышы болып табылады. 
        Азаматтық тәрбиенің тағы бір жеткіліксіздігінің тағы бір белгісін оқушылардың 
қоршаған  ортаға  немқұрайлы  қарайтындығынан  байқауға  болады.  Мысалы 
мектептегі құрал- жабдықтарды бұзу, сындыру,табиғи ортаны ластау.
      
Азаматтық  патриотизм    ֊-    адамның,  қоғамның  және  мемлекеттің  өзара 
әрекетінің ерекше механизмі, ол патриотизмнің басқа да түрлерін жинақтайды және 
мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық процестердегі өзінің ұлттық мәдени 
сәйкестігін қорғаумен байланысты. 
Жас  ұрпақты  патриотизмге тәрбиелеу  –  бұл  тұлғаның,  елдің,  оның 
мәдениетінің  бірегейлігі,  әлеуметтің,  халықтың  әлеуметтік  психологиясының 
ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні 
мен  мақсаттарын  пайымдау  арқылы  жүйелі  дамуы.  Патриотизм  міндетті  түрде 
тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте 
табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін 
болып табылады. 
Бүгінгі  күндегі  патриоттық  сана-сезімнің  әлсіреуі,  адамдардың  өз  елі  мен 
оның  жетістіктері  үшін  ұлттық  мақтаныш  сезімінің  өзгеруі  –  бұл  қоғамның 
өнегесізденуінің,  халықтың  тұрақсыздануы  мен  ыдыраушылығының  ажырамас 
сипаты. 
Қазірде Қазақстанда 
Отанға 
деген 
сүйіспеншілік 
қоғамдық 
қатынастарды 
демократияландыру 
және 
гуманизмдендіру 
негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.  
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, 
ол  жастардың  алған  білімдерінің  негізінде азаматтық  борыш  ұстанымымен, 
жекебастық  мүдделері  қоғамдық  ұстанымдармен  астасып  жататын  тіршілік 
әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. 
Патриоттық  сезімнің  қайнар  көзіде  объектісі  де  Отан.  Өз  мазмұны  бар,  бұл 
сезімнің  туындап  қалыптасуының  өз  шарттары  бар  дей  келе  ол,  «қазақстандық 
патриотизм»  тек  қазақтардың  ғана  өз  Отанына  сүйішпеншілігі  емес,  онда 
мекендеген  бүкіл  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  бәріне  қатысты  дүние, 
психологиялық  -  әлеуметтік  құбылыс.  Ғылым  отансүйгіштіктің  өлшемі  әр 

13 
 
адамның  өз  Отанының  қорғанысын,  экономикасын,  мәдениетін,  ғылымын, 
рухани қабілетін арттыруға қосқан үлесі деп таниды. 
Азамат  -  патриоттың  тұлғасы  ой  дербестігімен,  біздің  болашағымыз  үшін 
жауапкершілікті мойнына ала алатын, маңызды рухани және адамгершілік қасиеттері 
бар, азаматтық парызды сезінетін, Отанға, туған жерге, ағайын-туғандарына, тіліне, 
өз  халқының  салт-дәстүрлеріне,  деген  махаббатпен  қарайтын,  өз  Отаны,  тарихы, 
халқының жетістігі үшін мақтаныш сезімімен сипатталады. 
        «Отаным маған қандай жақсылық жасай алады деп сұрама, мен Отаныма не 
жасай аламын деп сұра өзіңнен» - деп айтқан ұлы ғұламаларымыз. Қазіргі кезде 
кең байтақ еліміздің тыныштығын қорғау  - әр саналы азаматтың міндеті болса, 
мұны  жүрекпен  сезініп  түсіне  білу  -  әрбір  Қазақстан  азаматының  Отан 
алдындағы борышы. 
          Әрбір  адам  бала  кезінен  Қазақстан  –  менің  Отаным,  мен  үшін  жауапты 
екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп 
өсетіндей істегені жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла 
бойы тұнған отаншылдық тәрбиенің көрінісі.  
          Өз  ұлтына  деген  патриоттық  сезімді  қазақ  ағартушылары  Шоқан 
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға 
болады.  
         Балаларға  патриоттық  рух  беретін,  халық  үшін  қызмет  етуге  үндейтін,  өз 
елін  қорғау  үшін  керек  десе,  жанын  қиюға  дейін  баруға  болатынын  іспен 
көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы 
күрес  жүргізуге  шақыратын  Махамбеттің  қуаты  күшті  шағын  өлеңдерінің 
балалар  үшін  маңызы  ерекше.  Махамбет  балалар  әдебиетінің  өкілі  емес,  бірақ 
Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра.  
         Абай  халықтың  болашақ  жаңа  қауымына,  жасөспірімдерге  арнап  талай 
өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз 
өлеңдерін жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп 
өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт  – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет 
етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. 
Оның  шығармалары  Қазақстан  тағдырына  деген,  оның  бостандық  сүйгіш 
халқының  болашағына  деген  қамқорлықпен  айшықталған.  Оның  патриотизмі 
туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің 
жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. 
           Ыбырай  атамыз  да  бар  үмітін  жас  ұрпаққа  артты.  Ыбырай  атамыздың 
соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін 
әсері  зор.  Өйткені  патриотизм  қашанда,  қандай  қоғамда  да  өзінің  әлеуметтік 
мәнін, 
маңызын 
жоғалтпайтын 
ұғым.  
            Сәбидің  бойында  ең  алдымен  анасына,  өз  отбасына,  өз  үйіне,  туған 
жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, 
халық,  әлеумет,  мемлекет  деңгейіне  көтеріле  беретін  бұл  сезім  адамның  бүкіл 
ғұмырына жалғасып жатады. 
        «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы 
жерді  мекен  етеді.  Егер  біз  өзіміздің  өмірімізді  сынауды  білер  болсақ,  оны 

14 
 
жасампаздықпен  жаңғыртып,  бой  көрсеткен  әрбір  талшыбықты  мәпелеп  өсіріп 
отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік»  деген Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаевтың  сөзі  мемлекетіміздің  келешегінің  тұтқасын  ұстайтын  жас 
ұрпақты  осы  бастан  Отанына,  атамекеніне  шын  берілгендік  рухында 
тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді. 
        Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:  
- рухани адамгершілік  
- тарихи - өлкелік - «Шежіре»  
-  Азаматтық  -  патриоттық  тәрбие:  Бұл  бағыт  құқықтық  мәдениет,  заңгерлік, 
саяси  және  құқықтық  өзгерістер,  мемлекетпен  қоғамдағы  өзгерістер,  заң 
орындау, 
қызмет 
ету 
арқылы 
ықпал 
етеді.  
       -  Әлеуметтік  –  патриоттық:  Рухани  адамгершілік  және  мәдени  тарихи 
байланысқа 
бағытталып, 
үлкен 
кісілердің 
сыйластық 
сезімдері.  
       -  Әскери  –патриоттық:  Балалар  бойындағы  үлкен  патриоттық  сезімді,  Отан 
сүйіспеншілікті , оны қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты қалыптастыру.  
      -  Спорттық  –  патриотизм:    Дене  спорты  және  дене  шынықтыру  сабақтары 
арқылы  шыдамдылыққа,  ерлікке,  тәртіптілікке  тәрбиелеуге  бағытталған.  
         Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан  – 
ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат  болғандықтан,  мектеп 
оқушыларының  бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық 
санасын  дарытуда  халқымыздың  біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,  жазушы, 
Қазақстанның  Халық  Қаһарманы  батыр  Бауыржан  Момышұлы  ағамыздың 
кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы 
шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан 
Момышұлы 
ағамыз  
  
Ата мекен жер үшін,  
Қасиетті ел үшін,  
Әзиз ана, қарт ата,  
Ботакөз сұлу қарындас  
Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, 
ерлік істерге шақырады.  
 Қазақстан  азаматтарын  патриотизмге  тәрбиелеу  –  тұлғаның  патриоттық 
сана  –  сезімін  қалыптастыру;  патриоттық  іс  –  әрекетін  ұйымдастыру.  Егеменді 
елдің  азаматын  тәрбиелеуде    әр  ұстаздың  ең  басты  мақсаты  -  дені  сау,  ұлттық 
сана  -  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениеті,  парасаты,  ар  – 
ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.  
Тәрбие  –  шегі  жоқ,  шеті  жоқ,  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасатын  құбылыс. 
Тәрбиенің  қырлары  көп.  Отансүйгіштік  -  тәрбиенің  негізі.  «Тәртіпке  бағынған 
құл  болмайды»  демекші,  жас  буын  патриоттық  тәрбиені  шын  ниетпен 
қабылдаған  уақытта  ғана  ол  өз  жемісін  бермек.  Ал  ұрпақтың  бойына  Отанға 
деген сүйіспеншілікті отбасындағы ата-анасы сіңіреді. 
        Адамгершілікпен 
ізгіліктің  негізін  қалайтын  тәрбиенің  бастапқы 
әліппесімен бала ең алғаш өз отбасында танысады. 

15 
 
       Мектеп  қабырғасында  білім  алып,  тәрбиеленіп  жүрген  жас  ұрпаққа 
отбасында  берілген  ұлттық  тәрбиені  әрі  қарай  дамытып,  ерекшелігін  терең 
меңгеруге,  құрметтеуге  үйретудің  жолдарын  тауып,  ұлттық  саналарын 
қалыптастыруға тиіспіз. 
             Еліміздің  әрбір  азаматы  ұлт,  дін  өзгешелігіне  қарамастан,  ортақ  Отан  – 
Қазақстанды  құрметтеп,  қастерлесе,  мұндай  жастан  үздік  оқуды  да,  мінсіз 
қызметті де, табанды еңбекті де күтетініміз анық. 
        Қорыта  айтқанда,  оқушылармен  осы  жоғарыда  баяндалғандай  патриоттық 
сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне азаматтық-патриотизм туралы ой 
сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, 
елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. 
 
 Пайдаланылған дерек көздері: 
 
1.
 
С.Әбішқызы,  Ж.Сарманов.  Ұлттық  тәрбие  –  құндылығы  мол  дүние.   
2008. 
2.
 
Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті 
3.
 
//Қазақстан  орта  мектебі  –  2005  -  №  9  –  7  -  9  бет.  
3. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005// 
4.
 
Н.Ә. Назарбаев « Қазақстан – 2050 бағдарламасы». Ел Президентінің 
Қазақстан халқына жолдауы. – Астана 2013, 2014, 2015. 
5.
 
Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  Т.7.  /Бас  ред.  Б.Аяған.  -  Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б. 
6.
 
М.С.Керімбаева, 
Ұлттық 
құндылықтарды 
қалыптастырудағы 
мектептің рөлі, Астана 2007. 
7.
 
Ә.  Қалмырзаев    Қазақстандық  патриотизм  калай  қалыптасады 
//Егемен Қазақстан. – 1998 жыл 10 қаңтар. - №6. – 2 б. 
8.
 
М.Нахишманова, Қазақстан ПҒА хабаршысы, №3, 2010 ж. 75-76 б 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
Айтжанов Е.С., 
магистрант 2 курса, 
Институт правосудия 
Академии государственного 
Управления при Президенте РК 
 
ВОПРОСЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ВЫСШИМ СУДЕБНЫМ СОВЕТОМ 
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРИНЦИПА НЕЗАВИСИМОСТИ СУДЕЙ 
 
Важная  тенденция последнего  времени  -  широкое  публичное обсуждение 
законопроектов. Указ Президента Республики Казахстан от 17 августа 2010 года 
№  1039  «О  мерах  по  повышению  эффективности  правоохранительной 
деятельности  и  судебной  системы  в  Республике  Казахстан»  придал  новый 
импульс  дальнейшему  развитию  правовой  системы,  в  том  числе  судебных 
органов [1]. 
Этот вопрос затрагивает любого и каждого. Сфера правоохранительной и 
судебной системы - это одно из основополагающих частей единого государства 
и  является  гарантом  демократии.  Судебная  система  -  это  совокупность  судов, 
построенных  в  соответствии  с  их  компетенцией,  поставленными  перед  ними 
задачами  и  стоящими  перед  ними  целями.  Судебная  система  РК 
устанавливается Конституцией РК  [2]  и  другими  законами,  представляет 
общество  сегодня  и  каким  оно  хочет  стать  завтра.  Со  времен  обретения 
независимости  были  приняты  ряд  законов,  внесено  немало  изменений  и 
дополнений в эти законы с целью улучшения качества отправления правосудия. 
Вместе  с  тем  сегодня  требуется  принятие  дополнительных  законодательных  и 
организационных мер по оптимизации судопроизводства. 
В  настоящее  время  во  исполнение Плана законопроектных  работ 
Правительства  Республики 
Казахстан 
Верховным 
Судом 
разработан 
законопроект «О  внесении  изменений  и  дополнений  в  Закон  Республики 
Казахстан «О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан» [3]. 
О  важности  принятия  данного  законопроекта  было  отмечено  в 
выступлении  Президента  страны  на  открытии  пятой  сессии  Парламента 
четвертого созыва. 
За  годы  становления  судебной  системы  Казахстана  была  создана  база 
деятельности  судов,  отвечающая  условиям  демократического  правового 
государства. Так, в Конституционном законе РК «О судебной системе и статусе 
судей  РК»  закреплена  целостная  система  мер  по  укреплению  социально-
правовых гарантий, усилению требовательности к профессиональным качествам 
судьи  и  повышению  его  ответственности  за  соблюдение  законности  при 
отправлении  правосудия  [4].  Упраздняются  дисциплинарно-квалификационные 
коллегии  с  передачей  полномочий  по  возбуждению  дисциплинарного 
производства, рассмотрения дисциплинарных дел в отношении судей Судебному 
жюри. 

17 
 
Законом «О  внесении  изменений  и  дополнений  в  Закон  Республики 
Казахстан  «О  Высшем  Судебном  Совете  Республики  Казахстан» и  признании 
утратившими  силу  некоторых  законодательных  актов  Республики  Казахстан» 
предполагается усиление роли Высшего Судебного Совета, повышение гарантий 
независимости  и  неприкосновенности  судей  и  признание  утратившими  силу 
устаревших законодательных актов по вопросам деятельности судов, фактически 
прекративших свое действие [5]. 
Закон  предусматривает  внедрение  повышенных  критериев  и  стандартов 
для  судей  и  кандидатов  на  должность  судьи,  что  будет  способствовать 
формированию качественного судейского корпуса. 
Кроме того, данным законом Высшему Судебному Совету предоставляется 
право  согласования  таких  вопросов,  как  установление  общего  числа  судей 
районных  и  областных  судов,  их  образование,  реорганизация,  упразднение,  а 
также определение штатной численности. 
С целью усиления гарантий независимости и неприкосновенности судей, а 
также исключения случаев необоснованного освобождения судей от должности 
по отрицательным основаниям предлагается наделить Высший Судебный Совет 
правом  отмены  решений  дисциплинарного  органа  об  освобождении  судей  по 
отрицательным мотивам. 
Также в целях улучшения действующего законодательства законопроектом 
предусматривается  признание  утратившими  силу  устаревших  законодательных 
актов по вопросам деятельности судов, фактически прекративших свое действие. 
Принятие  закона  позволит  усовершенствовать  деятельность  Высшего 
Судебного  Совета,  обеспечить  неукоснительное  соблюдение  конституционных 
принципов,  которые  будут  способствовать  полному  и  независимому 
осуществлению правосудия. 
Полагаем, 
что 
принимаемые 
меры 
по 
совершенствованию 
законодательства  в  сфере  судебной  системы  будут  способствовать  устранению 
избыточных  процедурных  правил  в  судопроизводстве,  позволят  снизить 
издержки  для  граждан,  участвующих  в  процессе,  и  создадут  дополнительные 
условия, обеспечивающие доступность правосудия. 
В 
целом 
разработанные 
законопроекты 
позволят 
обеспечить 
неукоснительное  соблюдение  конституционных  принципов,  которые  будут 
способствовать полному и независимому осуществлению правосудия. 
Принцип  независимости  судей  при  отправлении  правосудия  является 
гарантом  правильности  и  своевременности  рассмотрения  и  разрешения 
гражданских  и  уголовных  дел  в  целях  защиты  нарушенных  или  оспариваемых 
прав, свобод и охраняемых законом интересов физических и юридических лиц, а 
также  прав  и  охраняемых  законом  интересов  Республики  Казахстан,  органов 
государственной  власти  и  органов  местного  самоуправления,  прав,  свобод  и 
охраняемых  законом  интересов  других  лиц,  являющихся  субъектами 
гражданских,  трудовых,  административно-правовых,  уголовных  или  иных 
правоотношений.  

18 
 
Осознание  судьями  необходимости  свято  блюсти  закон  при  отправлении 
правосудия  в  силу  своего  долга,  принимать  по  делу  справедливые  решения  по 
своей совести и внутреннему убеждению независимо от политических взглядов 
и  симпатий  (в  личностном  качестве),  решительно  пресекать  любые  попытки 
вмешательства  в  разрешение  конкретных  дел  и  в  предусмотренном  законом 
порядке ставить вопрос о привлечении виновных в этом к ответственности - это 
и юридический, и нравственно-этический аспект судебной деятельности. 
Исполнение  предписаний  этого  принципа  требует  от  судей  высоких 
профессиональных и морально-психологических качеств, мужества и твердости 
характера, обостренного чувства справедливости, чтобы противостоять любому 
посягательству на их независимость и выполнять свой долг так, как повелевает 
закон и голос совести. 
Принцип независимости судей и подчинения их только закону - проводник 
законности  и  справедливости  в  правосудии,  он  необходим  для  создания 
правового государства.  
Перспективы  развития  судебной  системы  также  связаны  с  возможностью 
поэтапного  расширения  пределов  судебного  контроля  в  досудебном 
производстве.  Представляется,  что  перспективным  направлением  является 
развитие системы третейских и арбитражных судов. 
Общество  заинтересовано  в  полном,  объективном  и  беспристрастном 
освещении  деятельности  судебной  власти.  В  этих  целях  необходимо  повышать 
уровень  открытости  и  прозрачности  судебной  системы,  в  частности,  путем 
предоставления  населению  более  широкого  доступа  к  информации  о  де-
ятельности  судов.  Внедрение  современных  средств  фиксации  судебной 
информации  будет  способствовать  реализации  принципа  состязательности  в 
судопроизводстве.  Планомерная  информатизация  судебной  системы  позволит 
обеспечить  оперативную  информационно-правовую  поддержку  процессу 
отправления  правосудия,  сокращение  сроков  рассмотрения  дел,  повышение 
эффективности исполнения решения суда. 
Думается, что для эффективности отправления правосудия нужны меры по 
дальнейшему  совершенствованию  порядка  отбора  судейских  кадров, 
актуальными  являются  вопросы  ужесточения  квалификационных  требований  к 
кандидатам в судьи, поскольку профессионализм и высокие моральные качества 
судей  являются  основой  формирования  качественного  судейского  корпуса. 
Необходимы также строгий контроль со стороны самого судейского сообщества 
за  соблюдением  судьями  требований  Кодекса  судейской  этики,  адекватное  и 
незамедлительное реагирование на все допускаемые нарушения. 
Для  упрочения  гарантий  независимости  судей  важнейшим  вопросом 
остается  полноценная  реализация  требований  Конституции  о  том,  что 
финансирование  судов  и  обеспечение  судей  жильем  «должно  обеспечивать 
возможность  полного  и  независимого  осуществления  правосудия»,  что  пред-
полагает  поэтапное  повышение  уровня  социальной  защищенности  судей  и 
материально-технического 
обеспечения 
судов 
с 
учетом 
финансовых 
возможностей  государства.  В  то  же  время  за  вмешательство  в  отправление 

19 
 
правосудия,  проявление  неуважения  к  суду  виновные  лица  должны  нести 
установленную законом ответственность. 
Завершающей  стадией  судопроизводства  является  исполнение  судебных 
актов,  поэтому  в  Концепции  правовой  политики  поставлена  задача  о  принятии 
мер, обеспечивающих их неукоснительное исполнение. В этой связи внедрение 
института  частных  судебных  исполнителей,  наряду  с  государственным 
судебным  исполнением,  —  важная  мера  повышения  эффективности 
судопроизводства. В рамках смешанной модели исполнения судебных решений 
только  государственные  судебные  исполнители  должны  обладать  правом 
принудительного  исполнения  документов  о  взыскании  в  доход  государства,  а 
также  по  взысканиям  с  государства.  Необходимо  добиваться  неукоснительного 
исполнения  судебных  актов,  в  том  числе  путем  усиления  ответственности  за 
уклонение  от  исполнения  решения  суда,  дальнейшего  расширения  применения 
ограничительных  мер  в  отношении  должников,  усиления  процессуального 
судебного контроля за исполнительным производством. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет