Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет116/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126

5

мұғалімнің  рефлексиялық  ойларынан  жетекші  мектеп  аясында  кәсіби  қоғамдастықтың 

мұғалімнің өз проблемасымен оқшау қалмай, бірлескен шешім қабылдауға бағытталғандығын 

көруге болады. 

П.Г.Щедровицкийдің ойынша үздіксіз білім беру идеясы адамдарды дамыту міндеттеріне 

негізделеді.  Теоретиктер  мен  ойшылдар  адамның  дамуын  ең  алдымен  өзін  өзі  дамытумен 

байлансты қарастырады. Дамушы мемлекеттің басты ресурсы – ол үздіксіз дамып отыратын 

адам. Олай болса, біздің оқытуымыздың мақсаты – әр мұғалімге дамуға қажетті проблемалық 

аймақ пен әрекет ету саласын ұсыну. Осы тұста Жетекші мектептер аясында мұғалімдердің 

кәсіби қоғамдастығын дамыту неге маңызды болып отыр? 

Дамушы елдерге ортақ мұғалімдерді үздіксіз дамытудың формальді (біліктілікті арттыру 

курстары), формальді емес (басқа мұғалімдермен ынтымақтастық арқылы кәсіби даму) және 

информальді (жеке, дара) білім беру форматы қабылданған. Формальді моделі («тапшылық» 

моделі)  бір  курстан  екінші  курсқа,  яғни  тест  тапсыру  және  сертификат  алумен  шектеледі. 

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай  мұғалімдерді оқытудың тек формальді емес моделі 

мұғалімді  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерді  «қуып  жетуші»  позициясына  қояды.  Олай 

болса, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей Бағдарламасы 

мұғалімдерді үздіксіз дамтытудың формальді моделін формальді емес моделімен ұштастырған 

жағдайда инновациялық өзгерістердің тиімді болатынын түсіне отырып, кәсіби қоғамдастықтар 

қызметін ұйымдастыруға және оны жетілдіруге үлкен мән береді. 

Е.Л.Фрумина  мұғалімдерді  кәсіби  дамыту  модельдерінің  ішінен  келесілерді  бөліп 

қарастырады: 

•  «тәлімгерлік» моделі- тәжірибелі мұғалімдердің әріптестеріне кеңес беруі;

•  «үйренуші ұйым» моделі –сапалық және сандық стратегиялар негізінде білім алмасуға 

бағытталған  шебер мұғалімдер қоғамдастығы;

•  «интерактивті кәсіби даму» моделі – шебер-мұғалімдердің интернет желісінде шынайы 

қоғамдастық  жағдайында  тәжірибелік  білімдермен  алмасуы,  проблеманы  бірлесіп 

шешу  және  өз  құзіреттілігін  дамыту  негізінде    өзара  әрекет  жасауы.  Аймақтарда 

құрылған Жетекші мектептер қызметіне талдау жасайтын болсақ,  Е.Л.Фруминаның 

алғашқы моделі бойынша бірінші және екінші деңгей курстарынан өткен мұғалімдер 

әріптестеріне  кеңес  беруді  өз  жоспарларында  қарастырып  (кесте  1),  арнайы  кеңес 

беру кітабына тіркеп отырады (кесте 2). 

Кесте 1

Кеңес беру кестесі



Қатысушылар категориясы

Кеңес беруді жүргізетін 

мұғалімдер туралы 

мәлімет

Кеңес беру 

уақыты

Телефондары

1

Тарих пәнінің мұғалімдері



Касымова Г.А.

Дүйсенбі 13.00-

15.00

87755763767



2

...


...

...


...

Кесте 2


Кеңес беруді тіркеу



Тақырып

Мұғалімнің аты-жөні

Мерзімі

Қолы

1

Көшбасшы жоспары



Касымова Г.А.

11.09.2015

2

...


...

...


...

777

Мектептерде білім беру мазмұнын жаңарту және Бағдарлама идеяларын табысты жүзеге 

асыруға  бағытталған  жаңа  стратегиялар  негізінде  білім  алмасуға  бағытталған  мұғалімдер 

қоғамдастықтары  құрылып,  үйренуші  орта  қалыптасуда.  Ал  үшінші  модель  бойынша 

мұғалімдердің  интернет  желісінде  тәжірибелік  білімдерімен  алмасу  ортасы  әлі  де  болса 

қолдауды қажет етіп отыр. Әрине, мұғалімдердің желілік қоғамдастықта әрекет ету мәдениеті 

бірден дамып кетті десек, артықтау болар еді. Жетекші мектептер жүргізіп отырған курстан 

кейінгі қолдау жұмысы мұғалімдердің курс барысында меңгерілген теориялық және тәжірибелік 

білімдері негізінде, интерактивті кәсіби даму ортасын құруға бағытталып отыр. Осы мақсатта 

«Жетекші мектептердің  кәсіби желілік қоғамдастығы» құрылып, сpm.kz порталына тіркелді. 

Мұндағы  желілік  ұғымы  нақты  нәтижеге  жетуге  бағытталған  әлеуметтік  қауымдастық  деп 

түсіндіріледі.

Қазіргі таңда тиімді желілік қоғамдастық «формуласы» жасалған (сур.1)

Желілік

қоғамдастық

Ортақ

идея

Ортақ таным жəне

қарым-қатынас ортасы

Қатысушылардың

қарапайым əрекеттері

Хабарламамен

алмасу

Əлеуметтік желі

қызметтері

=

+

+

+

+

Сурет 1. Тиімді кәсіби желілік қоғамадастық «формуласы»

Осындай желілік қоғамдастықтарда жақсы білім беруді сипаттайтын мұғалімдердің кәсіби 

дамуына М.Барбердің моделі негіз бола алады (сур.2).



Жақсы білім беру

Этикалық негіздемесі Білім

Ойлау

Көшбасшылық

(

)

=

+

+

Сурет 2. М.Барбер моделі

Бұл  модельдерде  білім  мен  сын  тұрғысынан  ойлауға,  көшбасшылық  пен  этикалық 

қағидаларға аса жоғары мән берілуі, оның ықпалы қоғам үшін жүзеге асырылатындығында. 

Ұсынылған  модель  бірлесіп  білім  алуға,  тәжірибе  алмасуға,  проблеманы  бірлесіп  шешуге, 

өзара оқытуға бағытталады. 

М.Барбер  мен  М.Муршед  оқу  нәтижелерін  жақсартудың  жалғыз  жолы-оқытуды 

жақсарту:оқу  орын  алады  егер  мұғалім  мен  оқушы  арасында  өзара  әрекеттесу  болса, 

сондықтан,  оқу  сапасын  жақсарту  үшін  бұл  өзара  әрекетті  оңтайландыру  қажет  [3,  29-б.] 

екендігін  ерекше  атап  көрсетеді.  Мұнда  сөз,  мұғалімдердің  тәлімгерлігі,  сыныпта  оқыту,  

мұғалімдердің  дамуына  көмек  беретін  мектеп  басшыларын  ұсыну,  мұғалімдердің  бірін  бірі 

үйретуге мүмкіндік болатын жағдай туғызу туралы болады. Ал Жетекші мектептер қызметі 

мұғалімдердің бірін-бірі үйрететін және бір-бірінен үйрену жағдайын қолдайтын кәсіби орта 

құруға негізі болып отыр. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Коннор К.  Кәсіби қоғамдастық дегеніміз не және оның маңызы. Мұғалімге арналған 

нұсқаулық, бірінші (ілгері) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.  

2.  science-education.ru/122-18790 (13.09.2015).

3.  Барбер  М.,  Муршед  М.  Как  добиться  стабильно  высокого  качества  обучения  в 

школах:Уроки  анализа  лучших  систем  школьного  образования  мира//«МакКензи». 

2007.


4.  Барбер Майкл. Создавая будущее: как хорошие образовательные системы могут стать 

еще более эффективными в следующем десятилетии [Мәтін] /М. Барбер, М. Муршед; 

Е. Фрумина ағыл.ауд // Вопросы образования. – 2010. – № 3. – С. 6–31.

5.  menobr.ru/materials/49/40415 (14.09.2015).



778

5

ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕНІ ЗЕРТТЕУ- КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ 

АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Туреханова Г. Б.

Талдықорған қаласындағы

Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Андатпа 

Мұғалімнің  кәсіби  құзыретілігі,  жоғары  деңгейлі  маман  –  бүгінгі  күннің  заманауи 

мектепке  қойған  талаптары.  Кәсіби  құзыреттілікке  қалай  қол  жеткізуге  болады?  Жеке 

тәжірибені зерделеу кәсіби біліктілікті арттыру үшін қаншалықты маңызды? Осы сұрақтарға 

жауап беру мақсатында мақала жеке тәжірибені зерттеуді кәсіби құзыреттілікті арттырудың 

тиімді тәсілі ретінде қарастырады. 

 

Аннотация

Профессионал высокого уровня, специалист высокой квалификации, профессиональная 

компетенция учителя- одно из важнейших требований, предъявляемых временем современной 

школе.  Как  достичь  уровня  профессиональной  компетенции?  Насколько  исследование 

собственной практики важно для профессионального развития? В статье метод исследования 

собственной  практики  рассматирвается  как  один  из  эффективных  методов  повышения 

профессионального уровня педагога. 

Abstract

The professional of high level, the expert of high skills, and the professional competence of 

teachers is one of the most important requirements of modern time school. How to reach the level of 

professional competence? As far as research of the teacher’s own practice is important for professional 

development? The research of the practice is regarded as one of the most effective methods to increase 

the professional level of teachers.

Бүгінгі  бәсекелестік пен жоғары технология, ғылым мен білімнің қойған талаптарын  

әр адамның алдына жаңа заманның бетбұрысына сай болуды қажет етеді. Сондықтан жаңа  

замандағы  білім  қандай  деңгейде    болу  керек,  ол  деңгейге    жету    үшін  қалай  оқыту  керек, 

қандай  мәселелерді шешу қажет деген сұрақтар білім беру саласында еңбек еткен адамдардың 

мазасын алып, үнемі ізденіске жетелеуде.  Бүгінгі біздің қоғамымыздың басты мәселелерінің 

бірі – білім беруді түбегейлі  өзгерту. Неге мектепте өзгеріс енгізу қажет, мұғалімдерге қалай 

көмектесеміз, ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керек  деген 

сұрақтарды  қоя  отырып,  мектеп  қабырғасында  мемлекетіміздің  болашағын  сенімді  қолда 

ұстайтын  ұрпақты  қалыптастыратын  ұстаздардың  білім  беру  үдерісіне  деген  көзқарастыры 

мен ұстанымдарының өзгергені дұрыс болар.  Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: 

«Ұлттық  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік  деңгейімен  айқандалады» 

деп  айтылған.  Осы  тұрғыдан  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді 

дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние 

жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, 

өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан 

жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру»  деп  көрсетілген. 

Өкінішке  орай,  бүгінгі  күні  мектеп  қабырғасынан  мұндай  тұлғалардың  шығуы  санаулы. 


779

Себебі, мұғалімдер мектептің шынайы жағдайын зерделей отырып, оқыту мен оқу үдерісінде 

кездесетін күрделі кедергінің бірі ретінде  өздерінің  жылдар бойы жинақталған тәжірибесінің 

бірсарынды  сабақтары  мен  «қатып  қалған»  ұстанымдарын  атайды.  Өз  мамандығына  деген  

немқұрайлық,  қалыпқа  салынған    «дәстүрлі»  оқыту  үдерісінің  нәтижесі-  жаттанды  білім, 

механикалық түрде есте сақтау, шектеулі ой, дамымаған дағды, қалыптаспаған қабілет... 

Сондықтанда  білім  беру  саласындағы  реформалар  негізінен  баланың  бойына  заман 

талабына сай келетін құзыреттіліктерді қалыптастыратын, алған білімдерін кез келген өмірлік 

жағдайда  қиналмай  қолдана  алатын,  кез  келген  жағдаятта  өзбетінше  шешім  қабылдап, 

тығырықтан шыға алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей  оқу орындары 

мен білім беру ошақтары қажет.  Ендеше заманауи мектептерге шығармашыл ойлау қабілеті 

жоғары,  ерекше  шешім  қабылдай  алатын,  тың  идея  ұсына  алатын,    шәкірттерін  ізденіске 

жетелейтін, өз тәжірибесін зерттеп, басқаларды да зерттеуге қызықтыратын   заманауи ұстаз 

қажет.


Өзгермелі  заманның  білім  беру  саласының  негізгі  мақсаты-  мемелекет  пен  қоғамның, 

жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктерін қамтамасыз ету, мақсатқа қол жеткізе алатын, кез келген 

әлеуметтік  ортада  орнын  таба  алатын,    бәсекеге  қабілетті,  өзбетінше  білімін  жетілдіретін, 

біліктілігін  арттыра  алатын    тұлғаны  қалыптастыру.  Мұндай  тұлғаны  қалыптастыратын 

ұстаздың  өзі  де  оқу  үдерісін  жаңаша  модельдей  алатын,  ол  үдерістің  нәтижесен  болжай 

алатын, нәтижеге жеткізетін жолды жоспарлауға қабілетті болу керек. Бүгін мектеп ұстазы – 

білім беру саласындағы өзгерістерді іске асырушысы,  жаңа бастамалардың жаршысы, кәсіби 

құзыреттілігі  қалыптасқан  жоғары  деңгейлі  маман.  Сондықтан  өзгермелі  заманның    қатал 

талаптарына  сай  келу  үшін,  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына  сәйкес  инновациялық 

істерді  жүзеге  асыруға  қабілетті  болу  үшін  мұғалім  өзінің  жеке  тәжірибесін  жетілдіру 

жолдарын айқын таңдай білу керек. Қарқынды техникалық ілгерлеу мен ақпраттық ағым ішінде 

бәскеге қабәлетті болғысы келетін  маман өмір бойы оқып, білім алу, іздену, кәсіби біліктілікті 

жетілдіру жолдарын іздестіре білу керек, яғни, өзінің кәсіби құзыреттілікті арттыру жолында 

қажырлы еңбек ете білу керек. Бұл міндет маманның алдына өз бойына көптеген біліктілік пен 

дағдыларды қалыптастыруды қажет етеді. Ендеше кәсіби құзыреттілік дегеніміз не? Ғылыми 

пікірлер мен сөздік анықтамаларына сүйенсек  «құзырлылық», «құзыр»  өз маманына қатысты 

кез келген мәселе бойынша терең теориялық білім мен шебер практикалық  білік, дағдыларға 

ие  болуды    білдіреді.  Мектеп  қабырғасындағы  «жас  тұлғаның  жүрегін  қалаушы»-ұстаздың 

педагогикалық құзыреттілігі өз шәкірттерін тәрбиелеуде ең жоғары деңгейдегі педагогикалық 

қызмет пен қарым-қатынасты танытып, тұрақты жетістіктерді білдіреді. Алайда, оқыту мен 

тәрбилеу кәсібімен айналысып жүрген жандардың бәрінің бойында осы құзыреттілік табыла 

бермейді.

Кәсіби  құзыреттілікті  арттыру  мұғалімнің  жеке  шығармашылық  дағдыларын 

қалыптастыруды,  оның  жаңашыл  инновацияларға  ашықтығын,  өзгермелі  заманға  деген 

икемділігін, педагогикалық ортаға    бейімделе алу қабілетін көздейді. Ендеше осы мәселеге 

қатысты мұғалімдердің көзқарастары қандай?  Кәсіби құзыреттілікті арттыру туралы не біледі? 

Мұғалімдерге  «кәсіби  құзыреттілікті  арттырудың    қандай  жолдарын  білесіз?»  деген    сұрақ 

қойғанда, тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдары ретінде барлығы біліктілік арттыру курстары 

мен  оқыту  семинарларын,  өзара  сабақтарға  қатысу  шараларын  тізбектеп  атайды.    Әрине, 

мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  арттырудың  тиімді  тәсілі  ретінде  әдістемелік  бірлестіктер 

мен шығармашыл топтарда жұмыс жасау, педагогикалық байқаулар мен жарыстарға қатысу, 

тәжірибе  алмасу  мақсатында  өзара  сабақтарға  қатысу,  өзбетінше  іздену,  түрлі  деңгейдегі 

семинарлар мен шебер сыныптар арқылы тәжірибе алмасу  шараларын қарастыруға болады 

және  де  ол  педагогикалық  тәжірибеде  жылдар  бойы    солай  болған.      «Жеке  тәжірибеңізді 

зерделейсіз бе?»,  «Зерттеу жұмысымен айналысасыз ба?» деп қойылған сұрақтар мұғалімдерді 


780

5

тығырыққа тығып, ұстаздардың арасында «өз тәжірибесін зерттеудің қандай қажеттілігі бар?» 

деген  сұрақты туындатты. Яғни, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді жолы 

ретінде өзінің жеке тәжірибесін зерттеуді қарастыруға бола ма? Әрине, бұл сауал ұстаздардың 

арасында  түрлі  пікір  туындатты:    «қарапайым  мұғалімге  зерттеу  жұмысымен  айналысу 

қажет емес», «зерттеу жұмысымен айналысу көп уақытты талап етеді», «зерттеу жұмысымен 

айналысу  үшін  арнаулы  білім  мен  дағдылар  қажет»....  Сонымен  қатар,  мұғалімдер  зерттеу 

жұмысы деген ұғымды педагогикаға қатысты емес, белгілі бір ғылымға байланысты ұғынады, 

жылда  өткізілетін  Кіші  ғылыми  академия  байқауларына  қатысу  мақсатында  жүргізілетін 

ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланыстырады. Қорыта айтқанда, мұғалімдер жеке шағын 

зерттеу  жүмысын  жүргізу  -  өздерінің  жеке  тәжірибесін  жетілдіру,  кәсіби  құзыреттіліктерін 

арттырудың  бір  тиімді    жолы  ретінде  осы  күнге  дейін  қарастырмағандары  айқындалды. 

Деңгейлік курстарда біліктіліктерін арттыра отырып, мұғалімдер «іс-әрекеттегі зерттеу» деген 

ұғыммен танысу барысында бұл тәсілдің тәжірибені жетілдіру, өзекті мәселелерді шешу мен 

оқушылардың  қажеттілігін  қамтамасыз  етуде,  жалпы  ұстаздардың  кәсіби  құзыреттіліктерін 

арттыруда  қосқан  үлесі  мен  келтіретін  пайдасына  көздері  толық  жетіп  отыр.  Зерттеу 

жұмысымен айналысқан мұғалім  өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, 

өзіндік рефлексивтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы әбден мүмкін. 

«Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын 

тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету 

жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге 

қол жеткізу жұмыстарына ден қояды». Кэммис бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, оны 

жетілдіре түседі:

«Іс-әрекеттегі  зерттеу  адамдардың  тәжірибесін,  тәжірибе  туралы  түсінігін  және 

тәжірибе  жүргізілетін  жағдайды  түсінуін  өзгертеді.    Ол  жаңа  үлгілерді  –  жаңа  өмірлік 

бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. 

Бұл тәжірибе – басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе. Метатәжірибе өз кезегінде басқа 

тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді» (Kemmis, 

2007). 

Басқаша  айтқанда,  тәжірибені  өзгерту  –  бұл  істеп  жатқан  ісімізді  өзгерту,  түсінікті 



өзгерту  –  бұл  біз  қалай  ойлайтынымызды  өзгерту,  жағдайды  өзгерту  -  бір-бірімізге  деген 

қарымқатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. Мектептегі оқу  өте күрделі үдеріс болса,  оқу 

ортасы өзінің заңдары мен дәстүрлері қалыптасқан күрделі орын. Осы екі күрделі үғымдарды 

бір-бірімен үйлесімді байланыстыру мұғалімнің шеберлігі мен құзыреттілігіне байланысты. 

Оқу  үдерісіне  қатысушылардың  мінез-құлықтарымен  санасу,  олардың  мүмкіндіктері  мен 

ерекшеліктерін    ескеру,  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету-  бұның  бәрі  мұғалімнен  кәсіби 

құзыреттіліктің болуын талап етеді. Ендеше, ол құзыреттілікке қалай қол жеткізуге болады? 

Оқу үдерісін қалй тиімді жоспарлап, әр оқушының жетістіктерін қалай болжауға болады? Ол 

жетістіктерге қол жеткізу үшін әр оқушымен қалай қарым-қатынас құру керек? Әр балаға жеке 

тәсіл қолданған тиімді ме, әлде барлық оқушылар үшін  бір отрақ үдерісті модельдеген дұрыс 

па?  Міне  құзыреттілікке  қол  жеткізуде  ұстаздың  мазасын  алатын  ұлан-ғайыр  сауалдардың 

мысалдары.  Бұл  сұрақтардың  жауаптарын  әр  мұғалім  өз  тәжірибесін  зерттеу  барысында 

ғана таба алады. Сондықтан да зерттеу жұмысын бастайтын әр мұғалім ең алдымен жанына 

батып жүрген, жылдар бойы шешуін таба алмай жүрген мәселеге байланысты нақты сұрақ 

қоюдан бастау керек. Ол сұрақтар мұғалімнің  қолданған оқыту тәсілдеріне, оқушылар мен 

мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасқа, сыныптағы психологиялық ахуалға, оқушылардың 

оқу  үдерісіне  деген  көзқарастарына,  мұғалімнің  оқушының  жеке  тұлғасына  деген  пікіріне 

тікелей  байланысты  болуы  мүмкін,  себебі,  бұл  мәселелер  -  оқыту  үдерісіндегі  ең  маңызды 

мәселелердің  бірі.  «Сыныптағы  жұмысқа  бағытталған  көптеген  іс-әрекеттегі  зерттеу 


781

жобаларының мақсаты өзінің сыныптағы оқыту әдістемесіне өзгеріс енгізу болып табылады». 

Оның нәтижесінде мұғалім  де, оқушылар да алға басу керек. Зерртеу жұмысының барысында 

әр  зерттеуші-мұғалім    өз  сыныбына  деген    қажетті  жаңа  білімге  ие  болады,  яғни  нақты 

зерделеген  мәселеге  қатысты  теориялық  білімі    кеңейіп,  тереңдей  түседі.  Бұл  білім  тиісті 

әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі түрде фактілерді жинау арқылы тексеріледі. Зерттеу 

жұмысымен  бұрын  айналыспаған  мұғалімдердің  бір  кедергілері  –  зерттеу  тақырыбын  кең 

ауқымда  алу,    мақсаттарын  күрделендіріп,  белгілі  бір  уақытта  сол  мақсатқа    қол  жеткізе 

алмаулары. Сондықтан мұғалімдер үшін зерттеу мәселесін шағын шеңберде айқындай білу, 

мақсатты нақты қою және уақытты басқару өте маңызды.  Зерттеу жұмысымен айналысатын 

мұғалімдер келесі қадамдарды ескеру қажет:

1. Өз тәжірибеңізде шешкіңіз келетін  мәселені анықтаңыз. Яғни,  зерттеуді, өзгеріс 

енгізуді, шешуді қажет ететін мәселені айқындау керек. 



2. Тәжірибеңізге өзгеріс енгізудің нақты мақсаты мен нысанын айқындаңыз. Зерттеу 

жұмысын жүргізер алдында зерттеуші мұғалім өз алдына нақты, қолжетімді мақсат қоя білу 

керек. Сонымен қатар зерттеу жұмысы шоғырланатын нысана анықталу керек.

3.  Іс-әрекеттегі  зерттеу  –  бұл  тәжірибені  өзгерту  мақсатындағы  араласу.  Өз 

тәжірибеңізге  қандай  өзгерістерді  енгізбексіз,  оны    іске  асырудың  нақты  жоспары  болғаны 

абзал.  

4. Іс-әрекеттегі зерттеу сыныпта тәжірибеге негізделген деректер жинауды қамтиды. 

Зерттеу  сұрағы  қойылғаннан  кейін  ол  сұраққа  жауап  беретін    деректерді  жинау  жолдарын 

анықтау  қажет.  Ол  сұхбат,  сауалнама,  сыныптағы  қадағалау  мен  бақылау  тәсілдерін  қоса 

алғанда, дерек жинаудың бірнеше әдістерін қолданған дұрыс болады.

Осы  қадамдардане  басталған  зерттеу  жұмысы  міндетті  түрде  бірнеше  циклдан  өту 

керек: Жоспар → Әрекет→ Қадағалау → Талдау → Бағалау. Әр цикл бойынша атқарылатын 

жұмыстардың нәтижесі талдап, талқылану керек. Кез-келген  циклде жинақталған деректер 

мен ақпарттарға қатысты  көптеген болжамдар туындап жатады. Өз болжамдарды мұғалімнің 

өзіне  талдау  қиындыққа  әкеліп  соғуы  мүмкін,    сонымен  қатар  күмән  тудырған  заттарға 

қатысты түрлі пікір білу зерттеуші-мұғалім үшін  өте маңызды.  Сондықтан зерттеу жұмысын 

жүргізу барысында сыншы доспен немесе адамдар тобымен жұмыс істеу тиімді. Осылайша, 

бірлескен  жұмыс  барысында  басқа  адамдардың  пікірі  жеке  тәжірибені  жетілдіруге  ықпал 

етіп,  зерттеуші  мұғалімнің  өз  жұмысына  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді.Тәжірибені 

зерделеген  сайын  жаңа  идеялар  туындап,  мұғалімнің  тәжірибелік  дағдылары  дамып,  оның 

кәсіби құзыреттілігі арта түседі. Қорыта айтқанда, зерттеуші-мұғалімнің бағытталған түрде 

жасалған қадамдары өз тәжірибесінде кездескен кедергілерді жеңу мақсатында іске асырылған 

бір зерттеу жұмысын құрайды.  Бұл зерттеу жұмысын аяқталған үдеріс деп айтуға болмайды, 

себебі, оның қорытынды кезеңінде жаңа бір сауалдар туындап, шешу жолдарын талап ететін  

кезекті  мәселелер  айқындалып  жатады.    Яғни,  мұғалім  өз  тәжірибесін  жетілдірудің  жаңа 

саласын  анықтап,    өзінің    кәсіби  құзыреттілігін  арттырудың    жаңа  бағытын  таңдайды.  Бүл 

үдеріс үзілмей өзгеріп, күрделеніп   жатады, сонымен бірге мұғалім де үнемі ізденісте болып, 

өзінің  бүкіл педагогикалық жүйесін жетілдіре береді.



Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 2012.

2.  Уилсон Э. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдары.



782


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет