Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет115/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126

Әдебиеттер тізімі

1.  Назарбаев  Н.А.  Новый  Казахстан  в  новом  мире  //  Казахстанская  правда.  —  № 

33(25278). — 2007. — 1 марта

2.  Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2011-

2020 годы.

3.  Назарбаев Н.А. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу 

Всеобщего Труда // Казахстан ская правда. — 2012. — № 218-219. — 10 июля.

4.  Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года, Астана, 2004.

5.  Калыкова А.С. Проблемы изучения иностранного языка в подведомственных вузах 

правоохранительных  органов  РК  //Труды  Международной  научно-практической 

конференции  «Научная  дискуссия  постсоветского  пространства:  проблемы  и 

перспективы».- Тараз, ТарГПИ.-Т.1.- 17 апр., 2014.



770

5

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНДЫҚ 

БІЛІМІНІҢ ҰЛҒАЮЫНА ӘСЕРІ

Топышева А. Б.

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған 

қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Петропавл қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: қалыптастырушы бағалау, критериалды бағалау, тиімділігі.

Ключевые слова: формативное оценивание, критериальное оценивание, эффективность.

Кeywords: Formative evaluation,  criterial evaluation,  efficiency.

Аңдатпа

Мақала  орта  білім  беру  мекемесінде  қалыптастырушы  бағалауды  қолдану  барысында 

жинақталған тәжірибемен бөлісуге және  талқылауға арналған еңбек болып табылады. Алынған 

тақырыптың  өзектілігі  қазіргі  еліміздегі  білім  беру  жүйесіне  енгізіліп  жатқан  өзгерістер 

туралы  пікір  алмасу,  тәжірибені  қорытындылау,  білім  беру  саласындағы  ынтымақтастықты 

кеңейтуге  арналған.  Өйткені,  қазіргі  педагог  қызметкерлердің  білімі  мен  дағдыларының 

ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктер туындап, үздіксіз кәсіби дамуына, оқыту мен оқытудағы 

инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету, қолданылатын әдістер мен тәсілдердің 

тиімділігін  қамтамасыз  ету  қажет.  Мақаланың  мақсаты  –  қалыптастырушы  бағалаудың 

бағыттары мен басымдықтарын анықтай отырып, оң жақтары мен жақсартуды қажет ететін 

тұстарына  назар  аудару.  Осыған  байланысты,  қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін 

сипаттап баяндау арқылы талдау жасау қолданылды.   



Аннотация

Статья об использовании формативного оценивания в среднем образовании с целью обмена 

и обсуждения накопленного опыта. Актуальность данной темы обмен мнениями, обобщение 

опыта, расширение сотрудничества по новшествам,  которые происходят в сфере образования 

в  нашей  стране.  Так  как  возникли  потребности  педагогических  работников  в  расширении 

диапазона  их  знаний  и  навыков,  оказании  содействия  непрерывному  профессиональному 

развитию,  содействии  внедрению  инновационных  процессов  в  преподавании  и  обучении, 

обеспечении максимальной эффективности используемых подходов и методов.  Цель статьи 

– определить основные приоритеты формативного оценивания,  рассмотреть направления для 

улучшения.  В связи с этим проведен анализ изложенных примеров.



Abstract

The article is about the usade of formative evaluation in secondary education vith the purpose 

of exchange and discussion of the accumulated experience. The actuality of this theme is exchange by 

opinions, generalization of experience, exspansion of collaboration on innovation that take placevin 

the field of education in our country. Because there were requirement of pedagogical workers in 

exspansionof  range  of  their  knowledge  and  skills,  renderind  assistans  to  continuous  professional 

development, assistans to introduction of innovative processes in teaching and educating, providing 

of maximum efficiencyof the used methonds and approachis.The aim of the article is to define basic 

priorities of formotive evaluation, consider direchions for an improvement. In connection of these the 

analysis of the expounded examples is conducted.

Әлемде оқушыларға тек  білім берілмей, сол білімді өмірде қолдана білу қажеттілігі, яғни, 

білім мен дағдыларды қатар қолдану қолға алынған. Бұл ретте әртүрлі зерттеулердің нәтижесі, 

мысалы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жасаған талдауы оқыту 


771

стратегияларын, педагогикалық тәсілдердің қалай және қай жағдайда қажеттілігі, балаларды 

оқытуда зерттеулерге негізделген анағұрлым тиімді жұмыстарды: оқушыларды ынталандыру, 

кері байланыс жасауды пайдалану, мұғалімдер өз әріптестерімен желілік кәсіби қоғамдастық 

құру арқылы тәжірибелерімен бөлісу, озық ақпараттық-технологиялық ақпараттарды қолдану 

сияқты басымдықтарға көңіл бөлу керектігі анықталған [1, 6-б.]. Сонымен қатар жүргізілетін 

зерттеулердің  бағытына,  топтық  жұмыстарға,  өзіндік  жұмыстарға  және  жеке  жүргізілетін 

зерттеулерге  қатысты  болмақ.  Оның  үстіне  білім  беру  стратегиялары  әрбір  оқушы  беретін 

жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс. Джон Хэттидің зерттеулері бойынша кері 

байланыс алу оқушылардың сандық білімінің ұлғаюына әкеледі. Мектепте қалыптастырушы 

бағалауды жаппай енгізу арқылы балалардың білім алуға қызығушылығы, ынтасы артса, өз 

сыныптастарын бағалауға белсенді қатысса, қажетті жоғары білім сапасына жетуге болады.

 

Сындарлы оқыту теориясы арқылы қаншалықты қоғамдағы  өзгеріске икемді, құзіретті тұлға 



тәрбиелеуге  болады?  Яғни,  мектепті  бітіріп  шыққаннан  кейін  бала  өз  білімдерін  өмірдің 

әр кезеңінде жан - жақты қолданады, сол арқылы өзінің тұлға ретінде өсуіне, дамуына жол 

ашады. Мектепте қазіргі кезде оқу үшін бағалаудың элементтері, соның ішінде оқушылардан 

кері байланыс алу, яғни қалыптастырушы бағалау қолданылып келеді. Оны жас мамандар да, 

деңгейлік курстардан өткен тәжірибелі мамандар да сабақ барысына енгізуде. 

Дарынды  және  талантты  оқушылармен  жұмыс  кезінде  сабақты  тиянақты  жоспарлау 

керек, соның ішінді қалыптастырушы  бағалау оқушылардың білім алу дағдыларын дамытуға 

әсер  етеді.  Бірін  бірі  бағалау,  өз  өзін  бағалау  арқылы  іс-әрекетке  түсіп,  бірігіп  жұмыс 

істейді.  Диалогқа түсе отыра өз ойын еркін жеткізе алады. Өздігінен білім алу дағдыларын  

қалыптастырып,  дамытады.  Орта  мерзімді  жоспар  бойынша  тізбектелген  сабақтар  өткізу 

барысында оқушылар бағалаудың формативті түрін тез игеретіндігі байқалады, алдағы уақытта 

сабақтарда батыл түрде қолдануға болатындығына көз жеткізуге болады.

Қалыптастырушы  бағалау,  күндегідей  емес,  балаларға  басқа  қырынан  қарауға  және 

егжей-тегжейлі  зерттеп,  дәлелдер  алуға,  мұғалімнің  сабаққа  деген  болжамдары  мен  сабақ 

үстінде  болған  нақты  жағдаймен  айырмашылығын  көруге,  алдағы  уақыттарда  қандай 

тетіктерді қолдануға болатындығын көрсетеді.  Сабақ үстінде бақылауды жүзеге асыру үшін 

келесі бақылау критерийлерін анықтап алуға болады: белсенділігі, коммуникативтілігі, ойын 

жеткізе алу дағдысы, өзін - өзі бағалауы [2, 25-б.]. Сабақтар аяқталған соң, толық тәжірибені 

талдау  жүргізілді.  Соның  нәтижесінде  артықшылықтар  анықталады:  оқушылар  -    сабаққа 

еркін,  белсенді  түрде    қатысады,  ұйымшылдық  танытады;  мұғалімдер  -  интербелсенді 

әдістерді қолдана отырып жүргізілген сабақтарда оқушылар сапалы білім алады; мұғалімдер 

отансүйгіштік сезімін тудыра алады; әдеби шығармалармен жұмыс істеткізеді; өз ойларын, 

көзқарастарын білдіруге жағдай жасай алады. Кездесетін кемшіліктер: оқушылардың сөздік 

қоры  бай  емес,  көп  жағдайда  толық  жауап  бере  алмайды;    берілген  уақыт  аралығында 

тапсырмаларды  орындап  үлгермейді.  Талдау  жүргізу  арқылы  көп  жағдайда  А  деңгейіндегі 

балалар өз дәрежесін көрсетеді, нақты, тұжырымды жауап беріп отырады, сұрақтар қоя алады, 

өзіне  сенімді  болады.  Сондықтан  да  бағалау  кезінде  өзіне  сай  баға  береді.    В  деңгейіндегі 

оқушылар өз  қатесін тауып алғанмен, бағалауға келгенде қателігін мойындамайды, қойылатын 

бағамен көп жағдайда келіспейтіндігін айтады. С деңгейіндегі оқушы өз жұмысына әділ баға 

береді, тапсырманы А деңгейінің оқушысынан көмек сұрай отырып орындайды, басқа топқа 

баға беру жауапкершілігінен қашады. Кейбір жағдайларда 2-нші деңгей оқушылары сабақта 

өзін көрсете алмайды, сабақтарға селқос қатысады, тек өзіне қызықты тақырып бойынша өзін 

көрсете алады, ашылады. Оқушының жанында отырған серігінің деңгейі де көп әсер етеді. 

Үлгерімі  төмен  баламен  отырғанда  жұмыс  істеуге  қиналады,  белсенділік  көрсете  алмайды, 

бірақ  келесі  сабаққа  дайындалып  келіп,  белсенді  қатысып,  өзін  көрсете  алады.  Сабақтан 

соң  болған  сұхбатта  сабақтың  жеңіл  және  қиын,  қиналған  сәттерін,  өздеріне  қандай  баға 

беретіндігін айтып береді.   

 

 



 

 

 



 

 


772

5

Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу барысында оқушыларды өздігінен іздене отырып білім алуға 

үйренеді.  Топтар  арасында  бір-бірін  критерийлер  бойынша  бағалайды.  Кемшілігі:  оқушылар 

кейбір жағдайда өздеріне жоғары баға береді. Бағалауды бір-бірінің көңіліне қарап, көтермелеп 

қояды.  Нәтижесінде:  оқушылар  топпен  жұмыс  істеуге,  өз  ойларын  нақтылап  жеткізуге;  өз 

пікірін  ортаға  салуға,  дәлелдеуге,  топтастарының  пікірлерін  құрметтеуге  үйренеді;  оқушы 

өзін-өзі  реттеу  арқылы  өз  білім  деңгейін  бағалай  алады,  білімін  жақсартады,  сабаққа  деген 

белсенділігі артады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау үшін критерийлердің не екенін біледі. Сонымен 

қатар, балаларға әділ бағалауды меңгерту және құрдастарын бағалауда жауапкершілікті көтеру 

қажет.  Жүйелі  жұмыс  істей  отыра  оқушылардың  бойынан  алға  ілгерілеу  сияқты  өзгерістерді 

байқауға болады.  Мысалы, сабақта өзіне «4» деген баға қойды, бірақ оның шынайы емес екенін 

өзі сезінеді, бірақ келесі сабаққа дайындалып келіп, сабаққа бар ықыласымен қатысады, өзіне 

«бес»  деген  баға  қояды.  Сабақ  аяқталған  соң  да  «келесі  сабақтарда  бағалау  осындай  болса» 

деген  тілектер  қалдырады,  қызығушылық  танытып  жүреді.  Кей  жағдайда  мұғалім  сабақты 

жақсарту мақсатында бағалауға ерекше назар аударады. Бағалау критерийлерін қолданады. Оны 

құрастырғанмен, қалай дұрыс қолдану қажет екендігін оқушыларға түсіндірмейді. Тәжірибеде 

келесі жағдай да орын алуы мүмкін: топтар бір-бірін бағалауы керек деп жоспарлаған болатын 

және дайын бағалау критерийлерін құрылған еді. Бірақ бағалау кезінде оқушылар топқа емес, 

жалпы сыныпқа, кейбір критерийлер бойынша жекелеген оқушыларға бағалау жүргізген екен. 

Осы қателікті келесі сабақта болдырмау жолдары қарастырылды. Келесі сабақта нақты қай топты 

бағалайтынын  анықтап,  бөлініп  берділсе  де,  өткізілген  сабақта  бағалау  бойынша  ескермеген 

сәттер, яғни, топты емес, топтың нақты бір мүшесін бағалау сияқты жағдай туындады. Алдағы 

уақытта    оқушылардың  өздеріне  бағалау  критерийлерін  құрастыру,  соған  сай  жұмыс  істеу, 

бірін – бірі бағалау кезінде жауапкершілікті сезіндіру, яғни, өзін-өзі бағалау арқылы оқушының 

сабаққа ынтасын оята алуды дамытуға болады. Оқушылар әділ, шынайы баға қоюға үйренеді. 

Ал мұғалім қалыптастырушы бағалаудың басқа да түрлерін қолданады [3].

Лицейде жеті модульдің бірі – оқу үшін бағалау және оқуды бағалау бойынша коучинг 

тәсіліндегі  тренинг  өткізіліп  тұрады.  Оның  мақсаты  –  Бағалау  түрлерінің  арасындағы 

айырмашылық    туралы  түсінік  беру.  Күтілетін  нәтиже:  1.  Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды 

бағалау  туралы  өз  ойларын  ортаға  сала  отырып,  оқыту  процесіндегі  мәнін  түсінеді.  2. 

Топтық жұмыста бір-біріне кері байланыс бере отырып, өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын 

айқындайды. Артықшылығы: мұғалімдер оқу үшін бағалаудың тиімділігін, білімді бағалауды 

жеңілдететінін біледі; кейбір әдістерін өз тәжірибелерінде қолданып та жүр («Екі жұлдыз, бір 

тілек», «Бағдаршам», кері байланыс алу т.б.); сөйлей қоймайтын баланың бір бірін бағалауда 

өз бағасын алып шығуға мүмкіндігі болады; пәнге деген қызығушылығын тудыруға болады; 

оқушылардың  бір  біріне  қойған  бағасы  мұғалімдікіне  қарағанда  әділетті  болып  көрінеді. 

Кемшілігі: мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды барлық сыныптарда қолдана алмауын; тек 

қана қалыптастырушы бағалау қолданылса, мұғалімнің дәрежесі түсіп қалатынын; техникалық 

пәндерге  қолдану  қиын,  сондықтан  оқу  сапасын  жақсарту  мүмкіндігіне  сенімсіздік  барын 

айтады.  Нәтижесінде: мұғалімдер оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы өз ойларын 

ортаға  сала  отырып,  оқыту  процесіндегі  мәнін  түсінді,  топтық  жұмыста  бір-біріне  кері 

байланыс бере отырып, өзін-өзі бағалаудың маңыздылығын айқындады. Олар  кері  байланыс  

жасаған  уақытта  өз пікірлері  мен  тілектерін ашық айтады [4].

Мұғалімдер -  өз сабақтарында жаңаша тәсілдерді, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын 

кеңінен  қолданады,  біріге  отырып  жоспарлаған  сабақтың  тиімді  екенін  көреді,  болған 

кемшіліктерге назар аударады, келесі зерттеу үрдісінде көңілге алатын тұстарды анықтайды, 

оқушылар  –    шағын  топта  жұмыс  істей  отырып  өздерін  көрсете  алады,  барлық  сабақтарда 

емес,  бірақ  ілгері  басу  байқалады,  шынайы  баға  беруге  талпынады  және  қойған  бағасын 

негіздеп  береді,  өз  кемшіліктерін  кері  байланыста  айта  алады.  Егер  мұғалімдер  өз  пәні 

бойынша  берілетін  материалды  сұрыптап,  оқушыларды  қызықтыратын  тақырыпта,  қазіргі 

өмірмен  байланыстырып  берсе,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестендіре,  үй 


773

жұмысына нақты тапсырмалар берсе, бағалау критерийлерін анық айту немесе нақты бөліп 

беру,  жаңа  тәсілдерді  үнемі  пайдалана  отырып,  уақытты  тиімді  пайдалануға  оқушыларды 

жаттықтыратын болса, басқа мұғалімдермен бөлісіп және осы үрдіске жас мамандарды тартса; 

оқушылар тілдік қорын байытып, өз ойын еркін жеткізе білу үшін – ана тілінде көркем әдебиет 

оқыса, топ мүшелерінің бағалау кезінде жауапкершілігін арттырса, әділ бағалауды меңгерсе, 

бағаны сенімді қойса, негізгі деректермен жұмыс істей алуды үйренсе, яғни, оқыту мен оқу 

тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізе отырып өз мектебін дамытады. 

Қандай  да  бір  іс-шара  орындалған  соң  кері  байланыс,  рефлексия  алынып,  талдау 

жұмыстары өткізілуі, болған кемшіліктерді жою үшін немесе жасалған жұмыстарды жақсарту 

үшін  бақылауды  ұйымдастырған  дұрыс.  Әрбір  өткізілген  іс-шараға  қатысты  құжаттар 

жиналады, ол – баяндамалар, есептер, анықтамалар, бейне-фото материалдар. Жоспарланған 

іс-шараларды  жүзеге  асыру  мектеп  қызметкерлерінің  күнделікті  жұмысы  болары  сөзсіз. 

Бұл  ретте  негізгі  күш-жігерді  мектеп  тәжірибесін  жақсартуға  ықпал  ететін  іс-шараларға 

шоғырландырған маңызды. Мынадай шаралар атқарылса:  

 

 



 

•  жұмыс жоспары мен кестесіне сәйкес тапсырмалардың орындалуын тексеру;  

•  бағдар ретінде табыс критерийлерін есепке ала отырып, бастаманың ықпалы туралы 

мәліметтерді жинау;  

 

 

 



 

 

 



 

•  талдауды есепке ала отырып, іс-шаралар жоспары мен үдерістерді пысықтау,  

•  жоспарланған коучинг, тәлімгерлік, іс әрекеттегі зерттеу сияқты жұмыстардан көруге 

болады.    

 

 

 



 

 

 



 

Бір жылдан соң күтілетін нәтиже болжанады: қадағалау, бағалау, бақылау қабілеттерін 

қалыптастыра отыра оқушылардың қалай ойлайтынын, оқитынын сипаттай алуы, оқушылардың 

көпшілігі өз-өзін бағалау арқылы өздігінен білім алуы, өздерінің әлсіз және күшті жақтарын 

біле алуы, бір-бірін бағалауда әділ, қойған бағаларына жауапкершілікпен қарауы, пікірлерін 

еркін білдіруі, шешім қабылдай алуы. 

Мұғалімдер өз іс-қимылдарын реттейді, 7 модульді қолдану тиімділігі анықталады, мұғалім 

әрбір  жеке  оқушының  оқуына  қатысты  өзінің  оқыту  тәжірибесі  туралы  ойлануға  мүмкіндік 

алады; сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық 

педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады  [5].   

Мақсат  –  белгілі  бір  межеге  қол  жеткізуге  бағытталған  әрекеттің  ой-санадағы  көрінісі 

екенін білеміз және ол ойлау  нәтижесінде болашақты алдын ала болжау  арқылы туатын  мұрат, 

ішкі қозғаушы күшті білдіреді.  Біздің мақсатымыз – айқын, жолымыз – анық. Ұлт ұстазы Ахмет 

Байтұрсыновтың: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» 

деген қанатты сөзі бар. Әлем қарқынды дамуда, дүниеде жаһандану үрдісі болып жатыр. Осындай 

әлемге сай білімді, білікті азаматтарды оқытып, тәрбиелеу мұғалімдердің қолында. Сондықтан 

да  қарыштап  дамыған  кезеңде  білім  мен  ғылымға  қойылатын  талап  биік,  білім  беру  жүйесі 

күрделеніп, жаңа заман мұғаліміне орасан зор жүк артылуда. Ұстаз қауымы алдында білім беру 

ғана емес, сондай-ақ өмірде өз орнын таба білетін тұлғаны шығару міндеті де тұр.    

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей, екінші басылым, 2014.

2.  Дудкина О.И., Буркитова А.А., Шакиров Р.Х. Формативное оценивание в начальной 

школе. Практическое пособие для учителя. Б: Билим, 2012.

3.  Assessment  Reform  Group.  (2002b).  Testing,  Motivation  and  Learning  [Тестілеу, 

қызықтыру және оқыту]. University of Cambridge Faculty of Education

4.  Амангалиева С.А. Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы.    

Http://www.zkoipk.kz/kz/confnis1s/713-conf.html (24.09.2015)

5.  Үлестірмелі материалдар. Екінші апта. Екінші басылым.  


774

5

ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП – КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ

Тортаева Г. Б. 

Педагогикалық шеберлік орталығының 

Тараз қаласындағы филиалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді  сөздер:кәсіби  қоғамдастық,  Жетекші  мектеп,  көшбасшылық,  мұғалімдерді 

үздіксіз дамыту моделі, мұғалімдерді кәсіби дамыту моделі, қоғамдастық формуласы, желі.



Аңдатпа

Мақала  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  үдерісіндегі  мектеп  пен  мұғалімдердің    кәсіби 

қоғамдастықтарының ролін түсіндіруге арналады. Аймақтарда құрылған Жетекші мектептер 

мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтарын дамыту негізі болып, мұғалімдерде сын тұрғысынан 

ойлау,  зерттеушілік  пен  көшбасшылық  дағдыларын  дамытатындығын  көрсетеді.  Мақалада 

Жетекші мектептер қызметін ұйымдастыру мен жетілдіру тәжірибесі туралы, сонымен бірге 

серіктестік  байланыстардың  маңыздылығы  сөз  болады.  Жетекші  мектептерде  білім  беру 

синергетикалық,  диалогтық  және  коммуникациялық  аспектілерге  тән  желілік  модельдер 

бойынша дамыту қажеттігі туралы айтылады. Жаңа модель артықшылығы – ашық диалог пен 

қарым-қатынасқа және өзін-өзі ұйымдастыруға мүмкіндік алуында. 



Аннотация

Статья  посвящена  осмыслению  роли  профессиональных  сетевых  сообществ  учителей 

и школ в процессе обновления содержания образования. Показано, что созданные Ведущие 

школы являются основой для развития профессиональных сообществ учителей в регионе и 

что сетевые сообщества  учителей развивает критическое, исследовательское,  мышление и 

лидерские  навыки.  Автор  статьи  предлагает  практику  организации  работы  Ведущих  школ 

и  важность  партнерских  отношений.    В  статье  говорится,  о  том  что  образование    должно 

развиваться  по  сетевой  модели,  которой  свойственны  синергетические,  диалогические  и 

коммуникативные  аспекты.  Главное  достоинство  новой  модели  -  открытость  для  диалога  и 

коммуникации и возможность самоорганизации.



Abstract

This article is devoted to understanding the role of professional online communities of teachers 

and schools in the process of updating the content of education. It is shown that by leading schools are 

the foundation for the development of professional communities of teachers in the region and that the 

network community of teachers develops critical, research, thinking and leadership skills. The author 

offers a practical organization of the leading schools and the importance of partnerships. The article 

states that education should develop in the network model, which is characterized by synergistic, 

dialogic  and  communicative  aspects.  The  main  advantage  of  the  new  model  -  the  openness  for 

dialogue and communication and the ability to self-organization.

Заманауи  қоғамның  тіршілігінде  қоғамдастықтың  маңызы  күннен  күнге  артып  отыр. 

Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде 

маңызды екендігін атап көрсетеді. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға 

кедергі  келтіретінін  мойындап  отыр.  Сондықтан  мектептер  арасындағы  ынтымақтастық, 

мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің 

бірігуі  уақыт  өткен  сайын  маңыз  алуда  [1,61-б.].  Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай 

кәсіби  қоғамдастықтарды  дамыту  халықаралық  қолдауға  ие  болып  отыр.  Либерман  (2005) 



775

«реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге қажетті деп есептейтін 

көптеген  басты  идеяларды  әзірлеуге  қатысып,  жәрдемдесуіне  және  қолдауына  байланысты 

кәсіби қоғамдастық бүгінгі күні өте танымал болып отыр» деп тұжырымдайды [1,62-б.]. Осы 

орайда,  Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттрырудың деңгейлік 

бағдарламасы бойынша курстан өткен педагог қызметкерлер курс барысында басқару және 

кәсіби қоғамдастық идеяларын меңгеріп, мектеп тәжірибесінде қолданып, оның оқу мен оқыту 

сапасын жақсартудағы ролін жете түсінуге мүмкіндік алды. 

Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы  жалпы орта білім 

беру  ұйымдарының  практикасы  мен  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  деңгейлік 

Бағдарламалардың  инновациялық  мүмкіндіктерін  барынша  жүзеге  асыру  мақсатында 

тыңдаушыларға  курстан  кейінгі  қолдау  көрсету  жұмыстарын  жүргізеді.  Педагогикалық 

шеберлік орталығы білім беру мазмұнын жаңарту бойынша және Бағдарламалардың түйінді 

идеяларын жүзеге асыру бойынша Жетекші мектептер қызметін ұйымдастырып отыр. Облыс 

бойынша 33 білім беру ұйымы Жетекші Мектеп болып бекітіліп, жетекшілер тағайындалды. 

Әр ауданда мектеп санына қарай 3 немесе 4 Жетекші мектеп бар. Жетекші мектеп ұжымы–

кәсіби қоғамдастықтардың көшбасшы мұғалімдері. Жетекші мектептерге аудандардағы басқа 

мектептер серіктес мектептер болып бекітілді. Қазіргі таңда Жетекші мектептердің жұмыстары 

жүйеленген және жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді. Филиал тренерлері Жетекші мектептерге 

кураторлық  етіп  отыр.  Қолдаушы  мектептерді  таңдау  барысында  мектеп  директорлары 

деңгейлік курстан өткен болуы есепке алынды. Осы орайда айта кететін бір жайт бар. Жетекші 

мектеп қызметі кәсіби қоғамдастық пен көшбасшылық идеясына негізделген жағдайда пайда 

әкелетініне сенімді боламыз.

Қолдаушы мектеп – кәсіби қоғамадастық негізі. Атап айтқанда, мұғалімдер қоғамдастығы 

ең алдымен өздері жақсы үйреніп, біліп алып, алған білімдерімен басқа қоғамдастықтармен 

бөліседі. Қазіргі таңда Жетекші мектептер аясында құрылып отырған кәсіби қоғамдастықтар 

жекелеген  мектептердің  аумағынан  тыс  таралуға  мүмкіндік  жасап  отыр.  Мәселен,  Байзақ 

ауданы  білім  бөліміне  қарасты  орта  мектептердің  Жетекші  мектептер  базасында  құрылған 

«Даму», «Өзгеріс», «Ынтымақ» кәсіби қоғамдастықтарға бірігуі инновациялық үдерістердің 

тиімділігін арттырып отыр. Айта кететін жағдай, Жетекші мектептердің серіктес және басқа 

да мектептермен құрып отырған кәсіби қоғамдастық қызметін жергілікті білім беруді басқару 

органдарының қолдауы аса маңызды. Кәсіби қоғамдастықтардың жоғарығы оқу орындармен 

байлыныс  орнатуы  назарда  болғаны  жөн.  Олар  зерттеулер  мен  ғылыми  жобаларға  қолдау 

көрсетеді.

Бүгінгі  таңда  мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастықтарға  бірігіп,  бірлесіп  жүргізген 

зерттеулері барысында өздері жауап алғысы келген сұрақтары  біртіндеп шешімін таба бастыды. 

Мәселен, «Қоғамдастық жұмысының бағытын айқындап, жоспар жасадық. Қоғамдастық 

мақсатына  сәйекес    мұғалімдер  желілік  қауымдастықта  байланыста  болып,  тәжірбие 

алмасып тұрдық. Осы кездесуден соң  №50 мектепте басқарушы топтың, №33 мектепте  

үйлестіруші  топтың,  №25  мектепте    дамытушы  топтардың  кездесулері  өтіп,  талқылау 

жүргізді. Тәжірибе алмасу барысында апта сайын кездесу ұйымдастырып, №14 мектепте 

«Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» деген тақырыппен 

коучинг  ұйымдастырдық. Онда коучинг сессиясының сәтті, сәттсіз жақтарын талқыладық. 

Кәсіби  қауымдастықтың  іс-тәжірбие  алмасуда,  бір-бірімізбен  етене  жақын  араласып, 

жауабы  жоқ  сұрақтарыма  жауап  алып  қайту  мен  үшін  маңызды  болды.  Қауымдастық 

мүшелері келесі “коучинг сессияны” №12 мектепте өткіздік. Одан кейін №45 мектепте өтті. 

Бізге желілік қоғамдастық не берді?

-  бір  мақсаттағы  көптеген  адамдармен  таныстырды;  кәсіби  деңгейімізді  көтерді; 

алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  көптеген  қиыншылықтарды  шешуді      үйретті,  идеялар 

туындады.  Болашақта    біз  жұмысымызды  балаларының  оқу  дағдыларын  дамытуға, 

ынталарын  арттыру,  үлгерімі  төмен  оқушылармен  жұмысты  дамытуға  бағыттаймыз» 


776



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет