Әдебиеттер
тізімі
1. Шром Н.И. Как изучать современную литературу в школе Руский язык за рубежом.
2007, №3.
2. Гульянц С.М. Личностно - ориентированный подход на уроках литературы (5-9
классы основной школы): автореф. дис. ... канд. пед. наук: 13.00.02. M, 2009.
3. Шарибжанова А.Б. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында
қазақ әдебиетін түсінік беру арқылы оқыту. 10 – 11сыныптар.( С.Торайғыров, М.
Жұмабаев, Ж.Аймауытов шығармалары негізінде): ғыл...канд. дисс.....автореф. А.,
2010.
4. Gal, S (1998). Multiplicity and contention among language ideologies: A commentary. In
B. Schieffelin, K. Woolard & P.Kroskrity (eds.), Language Ideologies: Practice and theory,
317-331. Oxford University Press.
5. Heller, M. & Martin-Jones, M. (Eds.). (2001). Voices of authority: Education and linguistic
difference. Westport, CT: Ablex.
6. Tollefson, J.W. (Ed.). (1995). Power and inequality in language education. Cambridge, UK:
Cambridge University Press.
248
5
ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІН
ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Есбосын Н. Қ.
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты
Қызылорда қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада мектеп тәжірибесіне қалыптастырушы бағалау түрлерін қалай енгізу жолдары
баяндалады. Теориялық материалдарды әріптестеріне тәлімгерлік арқылы түсіндіру, Lesson
study арқылы практикаға енгізуге көзін жеткізу, коучинг арқылы қызығушылық тудыру
және қолдану жолдарын үйрету тәжірибесі ортаға салынады. Қалыптастырушы бағалаудың
артықшылықтары мен білім сапасына оң әсері туралы айтылады.
Аннотация
В докладе говорится о том, как внедряются в школьную практику пути формативного
оценивания. В центре внимание – опыт работы учителя-наставника по разъяснению
теоретического материала коллегам, демонстрация по внедрению в практику на Lesson study,
формирование интереса и пути применения через коучинги. Подчеркиваются преимущества
формативного оценивания и его положительное влияние на качество обучения.
Abstract
This article reports how to introduce different ways of formative assessment into school
practice. It has been pointed out to teach theories to colleagues through mentoring, to maintain to put
into practice through Lesson study, to raise interest through couching and the experience of teaching
its usage. It has also been discussed the advantages of formative assessment and its positive impact
to the quality of knowledge.
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл
бөлудің маңызы зор. Ал осы тәжірибелік дағды қалыптастырудың жолдары қандай болмақ
дегенде, мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы практик-
мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие
болады. Біз де бірінші деңгей бағдарламасы бойынша білім жетілдіре отырып, лицейімізде
қандай өзгеріс енгізетінімізді, оны қалай іске асыратынымызды жоспарлағанбыз. Және
ол өзгерістің инновациялық болуына баса мән бердік. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта
оқығанымыздай, инновацияларды енгізген кезде, оның түбегейлілік, өзектілік, айқындаушылық
сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен, «нені енгізу қажет?»
мәселесіне басымдық беру керектігі айтылады. Бұл сұрақтың жауабы ретінде қалыптастырушы
бағалауды енгізу ұсынылған болса, біздің мектебімізде де дәл осы басымдық таңдалып
алынды. Қалыптастырушы бағалау - еліміздің мектептеріне етене ене қоймаған, санаулы ғана
мектептер, мысалы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесінде қолданылып
жатқан жаңа инновациялық үдеріс.
Елбасы Н. Назарбаев 2014 жылғы Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы
бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда
бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
249
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оларды оқыту
нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын
игеру болуға тиіс», - дейді. Біз де инновациялық өзгеріс ретінде мектебімізде оқушы білімін
бағалаудың объективті болуының бірден-бір жолы ретінде қалыптастырушы бағалау
элементтерін енгізіп, зерттеп көрдік.
Жалпы, теорияға сүйенер болсақ, оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру
түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе
оқу үшін бағалау болып табылады [1, 26-б.]. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің
оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай
жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу
және түсіндіру үдерісі. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығы,
оқушылар өздерін, сыныптастарын бағалауға тартылуы қажеттігін түйдік. Оқушы өзінің
білімін жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл
олардан түсінушілікті, қызығушылықты, ықылас пен әрекет етуді қажет етеді. Бұл тұжырым
оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да өзекті.
Осы тәжірибені мектебіміздің оқу, оқыту үдерісіне енгізу үшін НЗМ ДББҰ дайындаған
«Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағын», Р. Х. Шакиров, А.А.
Буркитова, О.И. Дудкина құрастыруымен жарық көрген «Оценивание учебных достижений
учащихся» әдістемелік құралын, осы авторлардың “Формативное оценивание на уроках
математики» мұғалімге арналған әдістемелік көмекші құралын және І деңгейдің «Мұғалімге
арналған нұсқаулығы» мен «Үлестірмелі материалдарының» 2-апта 4-күнінің материалдарын
пайдаландық.
Кез келген жаңалық, өзгеріс алдымен түсіндіруді, оны жүзеге асырушылардың көзін
жеткізуді және жолдарын үйретуді қажетсінеді. Сондықтан да осы салада әріптестеріміздің
кәсіби біліктілігін жетілдіруді, ол үшін қалыптастырушы бағалау түрлерін үйрету, нақтылау,
тәжірибеге енгізу, мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану
жолдары мен оқушылардың білім сапасына әсерін Lesson study арқылы зерттеу жұмыстарын
жүргізуді басты мақсат еттік. Оны жекелеген әріптестерімізге менторинг (mentoring), яғни
тәлімгерлік арқылы үйретіп, мектептің бүкіл мұғалімдеріне коучинг арқылы өздеріне жасатып
көріп, Lesson study арқылы тәжірибеде зерттеп көруді жоспарладық. Егер енгізген өзгерісіміз
оң нәтижесін беріп жатса, онда мұғалімдер бағалаудың (критерий қою, кері байланыс және
өзін-өзі және өзара бағалау) тәсілдерін үйренуі арқылы шынайы бағалауға қол жеткізеді,
Lesson study арқылы сабақты зерттеп, қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану
жолдарын жетілдіреді, қалыптастырушы бағалаудың тәжірибеде енгізілген түрлерінен
нұсқаулық жасалып, желілік қоғамдастық арқылы таратылады.
Қалыптастырушы бағалаудағы критерий арқылы бағалаудың маңызы мен тиімділігі
туралы үйрету үшін, алдымен, ынтымақтаса топпен жұмыс жасаудың тиімділігіне көз
жеткізу жұмыстарын ұйымдастырдық және бұл мұғалімдерге жақсы әсер қалдырды. Коучинг
дағдылары бойынша өткізілген Lesson study сабағында бақыланатын 3 оқушы арқылы әдіс-
тәсілдердің тиімділігі сарапқа салынды. Сабақ барысында бағалаудың түрлерінің қолданылуы
және оның оқушы біліміне, шынайы бағалануына әсері назарда ұсталынды. Сабақ соңынан
оқушылардан сұхбат алынғанда, сабақтағы топтық жұмыстың тиімділігін, бағалауда
ынталандыру, марапаттау болғаны жақсы әсер еткендігін, критерий арқылы бағалау анықтық,
шынайылық, талпынушылық секілді мүмкіндіктерге қол жеткізгендігін айтып өтті.
Қалыптастырушы бағалауда кері байланыстың маңыздылығы туралы өткізілген
коучингте мұғалімдерге деңгейлік бағдарлама материалдары арқылы дайындалған
«Оқу мен оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдер», «Талқылау тәсілдерінің жинағы», «Оқыту
үшін бағалау құралдары», «Lesson study – кәсіби дамудың ең тиімді жолы», «Коучинг –
250
5
жаттықтыру, дағды қалыптастыру үдерісі» атты әдістемелік көмекші құралдар ұсынылды.
Бұл құралдар - үйренгенін сабақтарында қолдану арқылы сабақ сапасын, оқушылардың оқуға
қызығушылығын, мектептің оқыту үдерісін жақсарту мақсатында үнемі іздене отырып, үздіксіз
білім жетілдіру үшін таптырмас көмекші. Себебі сабаққа дайындалу барысында кез келген
уақытта пайдалануға мүмкіндік болады. Осы коучинг барысында жүргізілген «Ақылдың алты
қалпағы», «Кері байланыс түрлері мен жасау жолдары» әдістері мен рефлексия үшін жасалған
«Веер» стратегиясы т.с.с. әдіс-тәсілдер мұғалімдерге сабақта қолдану үшін тиімді болғаны
анық. Мұғалімдер осы әдістерді практикаларында қолдануға ықылас білдірді.
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың әсерін мұғалім мен оқушы арасындағы
бірлескен әрекетінен, оқушылардың сабаққа ынта-ықыласынан, топтағы ұйымдасу
әрекеттерінен байқадық. Оқушыларды АВС деңгейіне бөліп бақылаудан байқағанымыз – А
деңгейлі оқушы түскен топта көбінесе сол оқушының пікіріне, байламына көбірек мән беріледі
екен де, ал С деңгейлі оқушы қанша құнды пікір немесе дұрыс жауап беріп жатса да, топтағылар
ерекше мән бермейді немесе ескерусіз қалдырады екен. Мұнан түйген қорытындымыз: өзіміз
С деңгейлі деп белгілеген оқушылардың сыныптағы беделін көтеру, олардың пікірін ескеріп
отыру т.с.с. ынталандыру шараларын үнемі назарда ұстап отыру керектігі. Қалыптастырушы
бағалаудың осы кедергілерді азайтатындығына көз жеткіздік.
«Қалыптастырушы бағалаудағы өзін-өзі және өзара бағалау» тақырыбында өткен
коучингте мұғалімдер «Жылы лебіздер», «Коучингке билет», «40 секундта жаса», «Мақсат
ағашы», «Армандағы үй», «Дүкенге саяхат», «Ыстық ықылас» әдістерін пайдалана отырып,
банкноттар арқылы бағаланды. Бұл қатысушылардың қызығушылығын тудырып қана қойған
жоқ, сонымен қатар, өз сабақтарында осы әдістерді қолданып көруге құлшыныстары артты.
Демек, қалыптастырушы бағалаудағы өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау маңыздылығын
түсініп, оны жүзеге асыру жолдары анықталды, үйренгендерін дағдыға айналдыру мүмкіндігі
туды. Бұлай сенімді айтуымыздың себебі: коучинг соңындағы кері байланыста тақтадағы
«Түсіндім. Бәрі ұнады!», «Әлі де түсіндіруді қажетсінемін. Ойланамын!», «Түк түсінген жоқпын.
Ұнамады!» смайликтерінің бірінің жанына келіп тұру керек болғанда, қатысушылардың
барлығы алғашқы смайлик жанына жиналғандығы.
Сонымен, енгізілген өзгерістеріміздің нәтижелілігін эволюациялау мақсатында өткізілген
қорытынды семинарда мұғалімдер үйренгендері мен түйгендерін, дағдыға айналдырған
әдіс-тәсілдерін постерге түсіріп, сахналап, пікірлерін айтты. Белсенді қатысушылар арнайы
төсбелгімен марапатталды.
Ал, енді өз басым, мұғалім ретінде, бағалау барысында оқушыларға уақыт бере отырып,
олардың ойларын, пікірлерін шыдамдылықпен тыңдауға дағдыландым. Оқушылар да өздерінің
пікірлері ескерілетінін, тек мұғалім ғана емес, бағалауда әрқайсысының үлесі болатындығын
сезінуде. Тек баға қою емес, ынталандыру шараларының, ым-ишараның да білім сапасына оң
әсер ететіндігіне көз жеткіздім. Әдебиет сабақтарында оқу материалының ауқымды болуына
байланысты әңгімелесу, көбіне, мұғалім мен жақсы оқитын оқушы арасында жүретін. Сабақ
барысында тек сыныптың көшбасшысы ретінде жақсы оқитын оқушылар ғана сөйлеп,
гуманитарлық пәндерге қызығушылығы төмен оқушылар сөйлемей, ескерусіз қалатын.
Сабақ барысында оқушылар алған білімдерін өз беттерімен қорытындылап, өмірде
пайдалануға бағыт алды деп ойлаймын. Ал өзім осы сабақтарды өткізу барысында іс-
тәжірибем туралы, өткізген сабақтарым туралы сыни ойлай отырып, рефлексия жасауға
қалыптастым. Оқушылардың қалыптастырушы бағалау арқылы деңгейіне қарай игеруге тиісті
білім материалын қаншалықты меңгергенін білуге толық мүмкіндік туғандығын байқадым
және оқушылар күтілетін нәтиже үдесінен шығуда. Мұғалім ғана емес, оқушылар өздерінің
білім сапасының қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін және қажетті
деңгейге қалай жету керек екендігін біле бастады десек, артық айтқандық емес. Себебі табыс
251
критерийлері айқын, мақсат анық, бағалау түсінікті, шынайы.
Иә, «Жай мұғалім түсіндіреді, жақсы мұғалім көрсетеді, керемет мұғалім жасатады, ұлы
мұғалім шабыттандырады» - демекші, оқушыларымызды шабыттана ой толғауға, сындарлы
ой ойлауға, әріптестерімізге ой қозғауға өзіндік ізденісіміз арқылы ықпал етудеміз.
Әдебиеттер тізімі
1. МАН. Бірінші (ілгері) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.
2. Шакиров Р. Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений
учащихся. Методическое руководство Б.: «Билим», 2012.
3. Шакиров Р.Х. Практическое пособие для учителя. Бишкек, 2012.
4. «Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар» жинағы, НЗМ ДББҰ
5. Дaдли П. Сaбaқты зерттеу: Нұсқaулық.
ТРЕНЕР ТӘЖІРИБЕСІН ҚОЛДАУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫНДА
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ОҚЫТУ ЖӘНЕ
ОҚУ» МОДУЛІН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ешимова Ұ.З.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: Бағалау, кәсіби қолдау, тәжірибені дамыту қажеттіліктері, жас
ерекшеліктері, оқушы қажеттіліктері, оқу әрекеті, қарым- қатынас.
Ключевые слова: Оценивание, профессиональная поддержка, потребность развития
практики, возрастные особенности, потребности учащегося, учебная деятельность, общение.
Keywords: Evaluation, professional support, the needs of practice, age characteristics, needs
student learning activity, communication.
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
деңгеййлік курстары тренерлерінің тәжірибесін қолдау мен жетілдіру мақсатындағы бағалау
кезеңінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы қарастырылады. Жүргізілген зерттеулер
бойынша анықталған тренер қажеттілігіне қарай әдістемелік қолдау үшін ұсынылған
тапсырмалар ұсынылған. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу әрекетіндегі ерекшеліктерге
талдау жасалған. Сонымен бірге деңгейлік бағдарламалар талабына сай қазақстандық
тәжірибені жетілдіру жолдары ұсынылады.
Аннотация
В статье рассматривается результаты исследования процесса оценивания практики
тренера с целью поддержки и совершенствования, в рамках уровневых курсов повышения
квалификации педагогов Республики Казахстан. На основе проведенного исследования
выявлены потребности тренера, с целью развития и совершенствования практики.
Анализировано возрастные особенности учащихся их отношение к учителю, к учению, и
учебным предметам. Рекомендованы способы решения этих проблем.
252
5
Abstract
The article discusses the results of a study of the process of evaluation of practice to support the
coach and improvement, within the framework of level training courses of teachers of the Republic
of Kazakhstan. On the basis of the study revealed the coach needs in order to develop and improve
practice. analyze age characteristics of students in their attitude to the teacher, to teaching and
academic subjects. Recommended ways to address these problems.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары барысында
жүргізілетін бағалау үдерісі тренер тәжірибесін жетілдіру қажеттіліктерін анықтау арқылы
тренерге кәсіби, әдістемелік қолдау жасауды ұйымдастыру үдерістің негізгі мақсаттарының
бірі болып табылады. Тренер қажеттілігіне негізделген нақты әдістемелік көмек арқылы
тренерлердің оқытуы мен мұғалімдердің сапалы оқу үрдісін жетілдіруге болатыны айқын.
Тренердің нақты, жоспарлы оқу үдерісін ұйымдастыруы мұғалімнің тәжірибесінің кәсіби
жетілуі мен мектеп оқушысыларының сапалы білім алуынына ықпал ететін маңызды фактор
болып табылады.
2014, 2015 жылдары ІІІ (негізгі) деңгейлік курстарды 2- бетпе бет 3-аптада бағалау
барысында тренерлердің тәжірибесін зерделеу мен қажеттіліктерін анықтау кезеңінде кейбір
мәселелер анықталды.
Олар: 1. Мұғалімдер ІІІ (негізгі деңгейлік) курс бойынша мектептегі тәжірибе кезеңіндегі
тізбектелген 4 сабақты жүргізуде «Оқу мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі бойынша
топтық жұмыс пен диалогтік әдісті, «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модульдерін ғана
басшылыққа алады (Х қаласы бойынша бекітілген 150 мұғалімнің ~ 80% осы 2 модульді
ғана басшылыққа алған). Мұғалімдердің қалған бөлігі ~ 8-9% -ы «Оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау», ~10%-ы «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
(АКТ) пайдалану», ~1% -ға жуығы «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модульдерін
тәжірибелерінде басшылыққа алған.
2. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесінде «Жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқыту»,
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модульдерін қалай ықпалдастырғаны жайлы
есептерінде денгейлік тапсырма берумен шектелетіні байқалды.
Демек, бұл анықталған жайттар ІІІ (негізгі) деңгей бағдарламасына сай талап етілетін
«Жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқыту», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»
модульдардың мұғалімдер үшін қиындық туғызатынын байқауға болады. Бұл мәселенің бір
түйіні мұғалімдердің жоғары оқу орындарында алған білімдеріне де байланысты.
Осы анықталған мәселені шешу мақсатында тренерлер пікірін білу үшін кәсіби сұхбат
жүргізу барысында:
Біріншіден, тренерлер біздің елімізде «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
және оқу» модулінің маңыздылығы бір жастағы балалардың бір сыныпта оқуына байланысты
қажеттілігі төмен деп есептейді.
Екіншіден, мұғалімге арналған нұсқаулыққа [1] енгізілген оқу материалдары мектепке
дейінгі балалардың жас ерекшелігін талдауға арналғанын атап көрсетті .
Демек, деңгейлік бағдарламалар аясында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
оқыту мен оқуды іс жүзіне асыру үшін тренерлердің өз бетінше ізденісі мен оқу материалдарын
толықтыруы қажет болып табылады.
Тренерге арналған нұсқаулықта, бағдарламаның жеті модулі ішінде «Талантты және
дарынды балаларды оқыту» , «Жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқыту» екі модуль де
оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты
екендігі, балалар үшін оқудың қолдетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдерге қатыстылығы
атап көрсетілген [2].
253
Бұл тақырып 2-апта 1- бетпе-бет кезеңінде мұғалімдермен талдауға ұсынылады. Алайда
мұғалімдерге арналаған (МАН) оқу материалдары мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігін
талдаумен шектеледі. Деңгейлік бағдарламалар мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне
сай оқыту мен оқуды жүргізуге бағыттталғандықтан, тренерлердің өз бетінше ізденісі мен оқу
материалдарын толықтыруды талдап ететін модуль болып табылады.
Осы аталған мәселелер бойынша тренер тәжірибесін жетілдіру мақсатында тренер
тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалімдердің бірлесе орындайтын бірнеше жаттығулар
ұсынамыз немесе коучинг жүргізуге болады.
Алдымен, модульдің маңыздылығын талдау мақсатында тренерлерге 1 айлық және 9
айлық баланың даму ерекшеліктерін айқындау тапсырмасын ұсынуға болады. Бұл тапсырманың
теориялық материалдары [3, 98-103 б.] берілген.
Тренерлер өздерінің өмірлік және педагогтық тәжірибелеріне сүйену арқылы тапсырманы
оңай орындайды. Нәрестелердің даму ерекшеліктері 1-кестеде берілген.
1-кесте
1 айлық нәресте
8-9 айлық бүлдіршін
Дәрменсіз. Тәулікке жақын
уақытты ұйқыда өткізеді. Қорғаныс
рефлекстері: жарыққа, қозғалысқа
(көзін жұму), бағытталушылық
рефлексі (бетіне қандайда бір нәрсе
тисе, аузын ашып басын бұру), сору
рефлексі, ұстау-іліп алу рефлексі,
кері итеру рефлексі (мысалы: аяғына
немесе қолына бір нәрсе тисе
тартып алу).
Ұйқы азаяды, тәуліктің жартысына жуық бөлігінде сергектік
танытады. Ата-анасын ажыратады, бөгде адамды жатырқайды,
ересектер қарым –қатынасына «жауап» береді.
Дыбыс сезу, көру, бағытталушылық реакциялары дамыған.
Эмоционалды-қозғалыстық реакциясы дамыған (еңбектейді,
отырады, ойыншықты ұстай алады, ойнайды, күледі, уілдейді,
кейбіреулері әуенге билейді). Бақылай алады (теледидардағы
көріністер), ойыншықты «зерттейді» алдымен қолына ұстап көреді,
қозғалтады, аузына салады, жалыққан соң тастайды.
Ойын мазмұнды сипаттқа ие болады, «тығылады», іс-әрекетті
қайталайды т.б.
2. Осыдан соң, жетектеуші сұрақ қоюға болады.
Сұрақ: «Даму деңгейінде осындай айырмашылық бар осы 2 бала біздің елімізде 1
сыныпта оқи алады ма?» Бұл сұрақ жауабын мұғалімдер пікірталаста орындайды.
Біздің тәжірибемізде тренерлердің пікірі 2-ге бөлінді, бірі оқиды десе, кейбірі оқи
алмайды деген пікірлерін ортаға тартты. Пікірталас бойынша әркім өзпікірлерінде қалды.
Сондықтан, тағы сұрақ қойылды.
3. Келесі итеруші сұрақ: 1 жылдың қаңтар айында және тамыз айында дүниеге келген
балалар 1 сыныпта оқи алады ма?».
Әрине 1 сыныпта оқиды деген ортақ пікірге келді.
Демек, даму деңгейлері әртүрлі балалар 1 сыныпта оқитын болса олармен оқу үдерісін
қалай ұйымдастыруға болады? Бұл айырмашылық мектеп қабырғасында білім алу барысында
ұдайы сақталады ма? Осы сұрақтар тарапынан тренерлер зерттеулер жүргізу қажеттілігін
өздері айқындады.
Модульді «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен ықпалдастыруда М.
Чиксентмихайдың «оқушыларда өзіндік мақсаттарды қалыптастыруға арналған жағдайларын»
[4] тиімді қолданудың мүмкіндігі туындайды. Пәндерді оқыту барысында әр жастағы балаларға
қандай міндеттер алаңдату мен зерігуін туғызатынын білу мұғалім үшін өте маңызды екенін
ескеру қажет. Әр сыныптағы балалардың табиғи ерекшеліктері мен оқу үдерісінде қандай
қиындықтары бар екенін ескеру маңызды.
Ол үшін психолог-педагог ғалымдар зерттеулерін басшылыққа алуға болады. Осы
тұрғыдан алғанда оқушылардың оқу әрекетін талдау жөніндегі материалдарды ресурс ретінде
ұсынуға болады [5].
254
Достарыңызбен бөлісу: |