Список использованной литературы
1. Программа курсов повышения квалификации руководителей общеобразовательных
организаций Республики Казахстан.- «Центр педагогического мастерства» АОО
«Назарбаев Интеллектуальные школы», 2014 г.
2. Руководство по оцениванию. Курсы повышения квалификации руководителей
общеобразовательных
организаций
Республики
Казахстан.-
«Центр
педагогических измерений» АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013 г.
3. Правила по оцениванию слушателей на курсах повышения квалификации
руководителей общеобразовательных организаций. - ЦПИ, Астана, 2014 г.
524
5
РЕФЛЕКСИЯНЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Матаева С. Р., Сыздыкбаева Р. Г.
Педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақала авторлары рефлексия ұғымын түсіндіріп, талдауда отандық, шет ел ғалымдары
мен жаңашыл мұғалім еңбектеріне негіздеген. Рефлексия – кәсіби дамудың негізгі құралы
ретінде қарастырылған. Авторлар ойлау үдерісін талдай отырып, рефлексияның педагогикалық
қызметке тигізетін факторларының ықпалын дәектейді. Мұғалім тәжірибесінде рефлексияны
нақты қолдану мысалдары келтірілген.
Аннотация
Авторы статьи раскрывают понятие рефлексии на основе научных трудов зарубежных,
казахстанских ученых и педагогов-новаторов. Рефлексия рассматривается как способ
профессионального развития учителей. Авторы проводят анализ мыслительного процесса,
аргументируют факторы влияния рефлексии на педагогическую деятельность.
Abstract
The authors reveal the concept of reflection based on scientific works of foreign, Kazakh
scientists, educators and innovators. Reflection is considered as a way of professional development
of teachers. The authors analyze the thinking process, reason reflection influences on teaching.
Қазіргі қоғамда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін, алған білімнің сапалы да
жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан алған біліммен шектелмей, үнемі ізденіс үстінде болып,
үздіксіз даму жолдарын қарастыру – бүгінгі маманға қойылып отырған ең негізгі және өзекті
талаптардың бірі болып табылады. Әрине, осы талап педагог мамандарына тікелей қатысты.
Осы талаптарды негізге ала отырып, тренерлік жұмысымызда мұғалімнің өз тәжірибесіне
рефлексивті көзқарас тудыру арқылы оның оқыту үдерісіне деген пікірін өзгертуге ықпал
етеміз. Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол “Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе
алмады?”, “Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?”, “Келешекте іс-тәжірибемді
қалай жақсартамын?” деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі
керек. Мұғалім өзінің кәсіптік деңгейі туралы ойлануы керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап
қойып отыр. Осы талапты жүзеге асыру үшін мұғалім сыни рефлексия жасауға дағдылануы
керек. Сыни рефлексия жасау – өз тәжірибеміз және идеямыз туралы ойлануға, содан соң
кері бір қадам жасап, өз сана сезімімізді қосымша сұрақтар қоя отырып зерттеуге мүмкіндік
береді. Ол өткенге терең үңіліп, қазіргі жағдайды түсінуге, ең бастысы болашақ туралы
ойға және іс-әрекетке көшуге түркі болады. Бәрімізге белгілі рефлексия - адамды, білімді
дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті
мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін,
оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар
туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп
беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не
жоққа шығаруы. Рефлексия – субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда оларды қайта ойлап,
қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп
түсіндіріледі:
• сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті;
525
• жаңа білім алу мақсатында білімді талдау;
• сана мен жанның күйін өзіндік бақылау.
Рефлексия ұғымы туралы түсініктемелер көптеген педагогикалық әдебиеттерде кездеседі.
Осы орайда А.В.Карпов пен А.С.Шаровтың зерттеу еңбектерінде берілгендей рефлексияның
үш түрін анықтаймыз:
• жағдаяттық рефлексия- субъекттің жағдаятқа еніп, сол сәттің барлық элементтерін
бақылап, талдап, өзгеріп отырған жағдайға өзіндік бағасын шығаруы;
• ретроспективті рефлексия – бұрын өткен тәжірибені талдау;
• проспективті рефлексия – болашақты болжау, оны тиімді жоспарлау болып табылады.
Сонымен қатар, рефлексияның мүмкіндіктерін зерттеген ғалымның (А.В.Россохин)
пайымдауынша рефлексия танымның мазмұны мен құрылымын өзгертуге қабілетті
деп көрсетеді.
Рефлексия – тек үнемі артқа қарау деген сөз емес. Демек, жасалған іс пен біздің бүгінгі
әрекеттеріміз болашаққа бағыттала отырып, өткен мен болашақтың үздіксіз байланысын көре
алуымыз керек.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И.Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны
жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық
әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен
қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. А.А.Бизяева «Психология
думающего учителя: педагогическая рефлексия» еңбегінде мұғалімдердің кәсіби рефлексия
жасау арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сонымен қатар рефлексияның
психологиялық маңызы туралы жазған. Өткенге оралу арқылы мұғалімнің өз-өзіне есеп беруі
оның сыни ойлауын арттырып, шығармашылық жолда табыстарға жетелейтінін тәжірибемен
ұштастырады, ең бастысы рефлексия кез-келген тұлғаның қоғамдағы орнын анықтауға мұрсат
ететінімен түйіндейді.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін
шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі
талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды
әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға
дағдыландыру мұғалімнің де, тренердің де басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-
сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында тренер де, мұғалім
де рефлексия жасауды үйренеді. Оқушының да бірден-бір өзіндік пікірін білудің жолы -
рефлексия. Деңгейлік курстарды бітірген мұғалімдеріміз курстан кейінгі тәжірибелері жайлы
сөзінде ғалым Д.Раддоктың «Оқушы үні» жобасы арқылы өз кезегінде оқушыларымыздың
байқамай жүрген мүмкіндіктерін көре алдық, - дейді. Бұл оқушының қажеттілігін айқындап,
оқу үдерісіне өзіндік пайдасын тигізді. «Оқушы үні» жобасында оқушы өз пікірін ашық
білдіреді, бұл пікірдің оқушы үшін де, мұғалім үшін де жетістікке әсері мол. Мысалдар
келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беруде
қиналады, ал суреттік бейне, белгілер арқылы (смайликтер, жұлдызшалар, бағдаршам т.б.) жиі
білдіреді, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары гуманитарлық пәндерді оқу барысында
кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексия түрлерін көрсете
алады. Оқушы бойында рефлексиялық дағдыны жүйелі, терең дамытатын болсақ оқушылар
алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға
салады. Нәтижесінде оқушылар өз –өздерін реттейді, метатанымы қалыптаса отырып, қалай оқу
керектігін біледі. Сабақтың табысты не табыссыз, мағыналы не мағынасыз өтуіне байланысты
оқушылар өз пікірін ашық білдіріп отырады. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауда оқыту
үдерісіндегі әлеуметтік, аффективтік және танымдық аспектілерінің өзара байланысына баға
беруіне мүмкіндік алады.
526
5
Демек, рефлексивтік іс-әрекет мұғалімге өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік
жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту
– рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді
шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін
есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей
алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік
көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы
жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасауға
мүмкін болады. Осы пікірді индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонн
«Рефлексивті практик: кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады?» (1983) деген кітабында
қарастырған.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік
меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысында рефлексия
жасап, заман талабына сай дағдыланады, үйренеді, өз әрекеті арқылы дамиды. Біз, тренерлер,
өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, іс-әрекетіміз туралы толғаныста
болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан
қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың
зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал
ете аламыз.
Курс барысында тыңдаушылардың рефлексия жасау дағдыларын дамытуды
А.В.Хуторскойдың теориясына да негіздейміз. Рефлексияға үйретуде тыңдаушыларды екі
саланы зерттеуге бағыттаймыз: біріншісі, оның пәндік білімдерімен байланысты саласы және
екіншісі, психологиялық сала, яғни тыңдаушының өзіне іс-әрекеттің субъектісі ретінде және
іс-әрекеттің өзіне бағытталуы. А.В.Хуторской (2002) сабақта тыңдаушының рефлексиясын
ұйымдастыру әдістемесін ұсынады. Сонымен қатар, рефлексиялық дағдыны қалыптастыруда
тыңдаушыларға Gibbs (1998) әдісін қолданамыз. Бұл әдіс тізбектелген алты бөлімнен тұрады,
демек осы алты бөлімнің барлығы бірізділікпен орындалуы шарт:
1. Сипаттау. Рефлексия үшін таңдаған тармақта немесе сіздің әңгімеңізде сөз болған
оқиға кезінде нақты не болғанын сипаттаңыз.
2. Сезіну. Сол кезде не туралы ойладыңыз және қандай сезімде болдыңыз? 3.Бағалау
ЖАҚСЫ және ЖАМАН болған тәжірибе туралы тармақты көрсетіңіз немесе әңгіме
құрастырыңыз.
4. Талдау. Сіз бұл жағдайдан қандай қорытынды жасадыңыз? Бұл нені білдіреді?
5. Қорытынды. Сіз тағы не істер алар едіңіз? Тағы не істеуге болады?
6. Іс-әрекет жоспары. Егер бұл жағдай қайталанса, сіз нені басқаша жасар едіңіз? Сіз өз
тәжірибеңізді осы жаңа ұғымға қалай бейімдер едіңіз?
Осы әдістің тиімділігін курсты оқыту барысының көптеген кезеңдерінде –
сессияны қорытындылау, рефлексивті есептерін (мұғалім портфолиосын жазуда) және
таныстырылымдарын қорғауда байқадық. Сонымен қатар курстан кейінгі қолдау көрсету
жұмыстарының нәтижесінен мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларының біршама деңгейде
дамығанын көре алдық. Дәлел ретінде мұғалімдердің іс құжаттарының сапасын келтіре
аламыз. Атап айтқанда, МДЖ –да қарастырып отырған мәселелері, ОМЖ және ҚМЖ-ындағы
қойылған мақсаттарына жетудегі рефлексивті жазбалары. Дегенмен, әлі де болса мұғалімдердің
рефлексия жасай білу дағдыларын арттыру үшін не істеу керек?-деген сұрақ бізді үнемі
толғандырады. Осы өзекті сұрақтың тиімді жауабын бәріміз бірлесе отырып шешуге әрекет
жасау керек.
Қорытындылай келе, кешегі мен бүгінді байланыстыратын философиялық тұрғыда
қарастыратын болсақ, рефлексияның мақсатты мәнін біздің ұлы ғұламаларымыз өз заманында-
527
ақ бізге өте жақсы айтып кеткен:
Біреудің мінін тергенше,
Жамандығын көргенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше! Ш.Құдайбергенұлы
Осы жерде ұлы данышпан Абайдың қара сөздерімен үндестікті көре аламыз. «Егер
де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең
болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! « деген болатын. Демек, біз өз-өзімізге есеп бере
отырып, іштей кемшілігімізді мойындап, ол кемшіліктің орын алу себебін бірге іздеп, тауып,
сол арқылы кәсіби дамуға жол ашамыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1995.
– 278 б.
2. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст.
М.Жармұхамедов, С. Дәуітов, [А.Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы, 1988. – 559 б.
3. Бизяева А.А. Психология думающего учителя :Педагогическая рефлексия. – Псков.:
ПГПИ им. С.М.Кирова, 2004. – 216 с.
4. Карпов А.В. Психология рефлексивных механизмов деятельности. — М.: Изд-во
«Институт психологии РАН», 2004. -424 с.
5. Россохин А. В. Рефлексия и внутренний диалог в изменённых состояниях сознания:
Интерсознание в психоанализе. -М.: «Когито-Центр», 2010. -304 с.
6. Шаров А.С. Ограниченный человек: значимость, активность, рефлексия. — Омск.:
Изд-во ОмГПУ, 2000. -358 с.
7. Дональд Шонн «Рефлексивті практик: кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады?»
(1983). Лондон.
8. Хуторской А.В.
Современная дидактика: учебник для вузов. – СПб. 2002.
ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖӘНЕ LESSON STUDY-дің ОҚЫТУ
ТӘЖІРИБЕСІНЕ ӘСЕРІ
Махажанова А.С., Садвакасова К.К.
КММ «№92 гимназия»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: Lesson Study, іс-әрекеттегі зерттеу, қызығушылығық ояту, заманауи әдіс-
тәсілдер, мұғалімдер ынтымақтастығы, білім сапасын көтеру.
Ключевые слова: исследование в действии, пробуждение интереса к учебному процессу,
передовые технологии, сотрудничество и обучение учителей, повышение качества знаний.
Кeywords: research in action, increasing of interest for learning process, advanced technologies,
teachers’ cooperation and education, increasing of quality of knowledges.
528
5
Аңдатпа
Бұл мақалада іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы кезінде сабақтарға өзгерістер енгізу арқылы
оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер
қолданылғандығы және Lesson Study тәсілдерінің мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін
дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылатындығы, мұғалімдер ынтымақтасып жұмыс
жасауға үйренгені, оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылықтары артып, білім сапасы
көтерілуіне ықпал жасалғаны туралы айтылады.
Аннотация
В статье рассказывается об изменениях, произошедших в процессе обучения при
использовании исследования в действии, о повышении интереса и активности со стороны
учащихся к учебному процессу, а также о приёме Lesson Study, который объединяет учителей
работать в сотрудничестве для развития их практических навыков.
Abstract
In this article it is said about changes in educational process caused by usage of research in
action, increasing of students’ interest and activity in learning process. Also this article is about
Lesson Study method, which makes teachers work in cooperation with each other in order to develop
their practical skills.
Бүгінгі Қазақстан жаңа ұстанымдарға негізделген мемлекет құруда. Осыған байланысты
білім беру мекемелері тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап
етіп отыр. Биылғы Елбасы Жолдауында да білім беру жүйесіне аса мән беріліп, жаңа талаптар
қойылды. Заман талабын «білу аз, сол білгеніңді іс жүзінде қолдана білуде», -дейді. Қазіргі
кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру
және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Білім беру жүйесінің
алдындағы жаңа міндеттердің бірі-инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын
пайдаланып, білім сапасын арттыру. Оқытудың негізгі қағидалары-балаға өз бетімен оқуына
ықпал етіп, өзіндік пікірлерін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,
оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан Республикасының
әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, бүгінгі күні педагогтер қауымынан кәсіби міндеттер мен
оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, инновациялық қызметті талап етеді, яғни жас ұрпаққа
саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру. Кембридж бағдарламасының басты
мақсаты-оқушылардың міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын және өзінің
нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті, тұлға қалыптастыру. Ол үшін ең
бірінші мұғалім осы талаптарға сай болуы тиіс, өз пәнін жақсы білетін, жаңа инновациялық
әдістерді меңгеріп, қолдана білуі тиіс.
Аталған курста Бағдарламаның жеті модулін сабақтарымызда пайдаланып келеміз. Соның
ішінде іс-әрекеттегі зерттеудің және Lesson Study-дің қалай жүргізілетіндігіне тоқталмақпыз.
Іс-әрекеттегі зерттеу бұл:
• әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды
жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі;
• зерттеуге жүргізілу мақсатымен жақсы таныс зерттеуші де белсенділікпен қатысатын
қолданбалы зерттеудің түрі.
Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша таңдаған тақырып: «5-сыныптағы әдебиет сабағында
оқушылардың сөздік қорын дамытуда Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану».
529
Диалогтік оқыту бойынша тоқталатын болса, Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбегінде диалог
сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосатындығын айтып кеткен. 1934 жылы Выготский «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін
әңгімелесудің маңызды екенін айтқан болатын-ды. Ал Мерсер (2005) құрдастар тобындағы
өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Александер (2008)
диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға
мүмкіндік береді деп санайды.» [1, 84-б., 98-99 б.].
Шынында да, осы ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйене отырып, іс-әрекеттегі зерттеу
тақырыбын және беретін сабақтарда диалогтік оқыту әдісін және басқа да модульдерді тиімді
пайдалану ойластырылды.
Ғылым саласында «іс-әрекеттегі зерттеу» деген санаттың енгізілуін әдетте Курт Левиннің
атымен байланыстырады. Бұл зерттеулердің «спираль бойынша адымдап дамитынын, бұл
ретте әр адым жоспарлаудан, әрекеттен және әрекет нәтижесін бағалаудан тұратынын» бірінші
сипаттаған Левин болды.
Алдыға қойылған мақсат: 5-сыныптағы әдебиет сабағында оқушылардың сөздік қорын
дамытуды Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша арттыруға жағдай жасау. Міндеттері:
1) негізгі проблеманы анықтап, сол арқылы тапсырмаларды даярлау; 2) диалогтік оқытуды
сабаққа енгізу арқылы тиімділігін қадағалау; 3) оқушылардың бойындағы өзгерістерді бақылау.
Осындай мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін сабақта мынадай әдіс–тәсілдерді қолданудың
тиімділігі шешілді.
Қолданылатын әдіс–тәсілдер: диалогтік оқыту, топтық жұмыс, Жигсо, рөлдік ойын,
ойлаудың алты қалпағы. Күтілетін нәтижесі: 1) проблема негізінде берілген тапсырмаларды
оқушылар дұрыс орындауға тырысады. 2) диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөздік қоры
молая бастайды, 3) өзгеру нәтижесінде өзіндік ойын еркін жеткізе білетін, басқамен сұхбатқа
түсе алатын тұлға қалыптасады. Сабақ барысында орын алған проблеманы шешу мақсатындағы
топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді
болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл
оқушыларды инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға, тапсырмаларды
орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Мұғалім өзінің сабағында кездесетін проблеманы алып, сол бойынша жұмыс жүргізіп,
түрлі деректер, дәлелдемелер жинап, оны шешуге әрекет етеді. Іс-әрекеттегі зерттеу кезіндегі
бірінші қадам-оны тиянақты орындау туралы жауапкершілік алуында. Сонымен қатар, сол
тәжірибені әр қырынан ойластыруға уақытты белгілеп алу керек. Мұғалім сыныптағы негізгі
проблеманы шешпейінше, сыныптағы ахуал жақсармайды. Іс-әрекеттегі зерттеу бір өзгеріс
әкелері сөзсіз» [1, 86-б.].
Іс-әрекеттегі зерттеуде кезінде А,В,С (жоғары, орта, төмен) деңгейі бойынша 3 бала
жеке бақылауға алынды. Олар: А деңгейінде А. деген оқушы, В деңгейінде Ғ. деген оқушы,
С деңгейінде С. деген оқушы. А (жоғары) деңгейіндегі оқушының сөздік қоры мол, өз ойын
жеткізе алатын, оқу іскерлігі қалыптасқан, бірақ бұл баланың бойында жетіспейтіні-жоғары
белсенділік, көшбасшылық. Біздің осы баланы алудағы мақсатымыз-көшбасшылық қабілетін
ояту болды. В (орта) деңгейіндегі оқушы сабақты орта деңгейде оқиды, өз ойын кейде нақты
білдірсе, кейде нақты, толық жауап бере алмайтын кездері де болады. Осы баланы дамыту
үшін бастысы қызығушылығын арттыру керек екені белгілі болды. Ал С (төмен) деңгейіндегі
оқушының жалпы сабақтағы үлгерімі төмендеу, сабақта белсенділігі төмен, өз ойын жеткізе
алмайды. Мақсатымыз-осы баланың сабаққа қызығушылығын арттырып, алға жылжуына оң
ықпал ету.
530
5
Сабақ соңында балалардан сауалнама алынды. Ол мынадай сұрақтардан тұрды.
1.Сабақ үстінде сіз қалай жұмыс істедіңіз? белсенді енжар
2.Мен сабақта ... шаршадым шаршаған жоқпын
3.Сабақ мен үшін ... болып көрінді . қысқа ұзақ қалыпты
4.Менің көңіл-күйім ... жақсарды нашарлады өзгермеді
5.Сабақта берілген тапсырмалар мен үшін ... жеңіл қиын
Сауалнама нәтижесі бойынша 15 бала сабақта өздерін белсенді қатыстық деп, ал 2 бала
– енжар қатыстық деп санайды. Барлық оқушы сабақта шаршаған жоқпыз деп жауап береді.
Сабақ мен үшін қысқа болды – 12, қалыпты – 5; көңіл-күйім жақсарды – 11, өзгермеді – 4;
сабақта берілген тапсырмалар жеңіл – 14, қиын – 3 жауап берген.
Сауалнама нәтижесінен мынадай қорытынды жасауға болады: бағдарламаның жеті
модулін қамти отырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сабақтар оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтаса отырып жұмыс жасайды,
бірін бірі тыңдап, бағалап, көмектесуге үйренеді. Бірақ әлі де толығымен жұмысқа араласпай
отырған балалар бар. Бұл оқушыларды жұмысқа тарту әдістерін әлә де ойластыру керек
531
екендігін көрсетеді.
7-ші сынып оқушыларының білім деңгейін көтеру, сабаққа қызығушылығын арттыру,
оқыту әдістерін жетілдіру мақсатымен Lesson Study өткізуді жоспарладық. Lesson Study
мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып
табылады. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі
болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай
дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу
үдерісін зерделейді [1,47-б.]. Біздің Lesson Study-ді өткізу мақсатымыз: 7 сыныпта диалог
арқылы оқыту әдісін қолдана отырып, осы тәсілдің оқу сапасын арттыруға көмектесе ме әлде
жоқ па соны анықтау. Бұл үдеріске 7-ші сыныпта сабақ беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Г.К., физика пәнініен сабақ беретін Г.Б., тарих пәнінен сабақ беретін Д.Т., география пәнінің
мұғалімі С.А.-ны тарттық. Осы мұғалімдердің көмегімен «сабақты зерттей» отырып, оқу
сапасын арттыруды алдымызға мақсат етіп қойдық.
Алдымен осы мұғалімдерге Lesson Study жайлы тренинг-семинар өткіздік. Онда
оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру
құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну, мұғалімдер топтарының арасында
тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын көрсеттік.
Lesson Study кезінде әріптестер бір-біріне қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінді.
Әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы
дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын
оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап
алыңды [1, 8-б.].
Зерттеу нысаны ретінде 7 сынып оқушыларының ішінен үш оқушыны таңдап алдық:
үлгерімі жақсы (А), үлгерімі орташа (B), үлгерімі нашар (C). Бірінші сабақты қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Г.К. өткізді, екінші сабақты физика пәнінің мұғалімі Г.Б., үшінші сабақты тарих
пәнінің мұғалімі Д.Т. өткізді. Әр сабақтан кейін оқушылармен сұхбаттастық, мұғалімдермен
отырып сабақты талдап, келесі сабақтың жоспарын құрдық. Lesson Study жұмысы барысында
келесесі нәтижелерге қол жеткіздік: сабаққа жаңа тәсілдер еңгізілді, олардың жүзеге асырылу
жолдары талқыланды, қолданысқа еңгізілді, жұмыстағы өзгерістердің нәтижелеріне зерттеулер
жүргізілді, талданды, алдағы жұмыс барысы жоспарланды, жіберілген кемшіліктерді жою
жолдары қарастырылды; мұғалімдер ынтымақтасып жұмыс жасауға үйренді, оқушылардың
оқу үдерісіне қызығушылықтары артты, білім сапасы көтерілді.
Жалпы жаңа форматта өзгертілген сабақтарымыздан түйгеніміз: осы өткізілген сабақтарда
оқушылардың көздерінен ұшқын сезілді, яғни, олар өздігінен жұмыс жасайтын болса, бірін-бірі
оқытатын болса, сабақтарда түрлі технологияларды тиімді пайдаланып, ішкі уәжіне әсер етсе,
балалардың пәнге деген қызығушылығы да одан әрі арта түседі деп ойлаймыз. Сонымен бірге
білім сапасы да көтеріледі деп ойлаймыз, себебі диалогтік оқыту арқылы бір-бірін үйретуіне
немесе біреуден үйренуіне ықпал жасалды. Өз көзқарасына басқаның қарама-қарсы айтылған
пікірін құрметпен қабылдау дағдысы қалыптасуына жағдай жасалды. Осы үш оқушының іс-
әрекетін зерттеу кезіндегі жеткен нәтижелеріміз:
• Білімі жетік оқушы топ алдында көшбасшы бола отырып, басқа балалрға көмектесуді,
біреудің пікірімен келісе білуді, жан-жақты оңтайлы әдістерді қолдана білуге қол
жеткізді.
• Білімі орташа оқушы өз пікірін жетік дәрежеде айта білуге, топ алдында ашылып
сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, басқаларға қол ұшын беруге үйренді. Өзінің
көшбасшы бола алатынын дәлелдей білуге ынталанды.
• Білімі төмен оқушы білімі жағынан басқаларын қуып жетпесе де, білік жағынан
өзінің ешкімнен кем еместігін дәлелдей білді, өзін әр қырдан көрсете білді.
532
Достарыңызбен бөлісу: |